HP Color LaserJet Managed MFP E77800 Series, HP LaserJet Managed MFP E72500 Series - Warranty and Legal Issues Guide

HP компаниясының жалған өніммен күрес веб-торабы
HP картриджін салғанда, басқару тақтасындағы хабарлама картриджді HP компаниясы шығармағанын
көрсетсе, www.hp.com/go/anticounterfeit торабына кіріңіз. HP компаниясы картридждің шынайы екендігін
анықтауға көмектеседі және мәселені шешу үшін шаралар қолданады.
Төмендегі сипаттар байқалса, картридждің түпнұсқа HP картриджі болмауы мүмкін:
Жабдықтар күйі беті HP шығармаған жабдықтың орнатылғанын көрсетеді.
Тонер картриджін пайдаланғанда түрлі мәселелер туындайды.
Картридж ол қалыпты түрдегідей көрінбейді (мысалы, орама HP орамасынан өзгеше).
Деректер тонер картриджінде сақталған
HP тонер картридждері осы өніммен пайдаланылады, оның құрамында өнімнің әрекетіне көмектесетін жад
микросхемасы бар.
Қосымша, бұл жад микросхемасы өнімді пайдалану туралы ақпаратты жинайды, оның құрамында
төмендегілер болуы мүмкін: тонер картриджінің алғашқы орнатылған күні, тонер картриджінің соңғы
пайдаланылған күні, тонер картриджі арқылы басып шығарылған беттер саны, бет толтыру,
пайдаланылған баспа режимдері, пайда болуы мүмкін кез келген баспа қателері және өнім моделі. Бұл
ақпарат HP компаниясына болашақта тұтынушының баспа қажеттіліктеріне сәйкес өнім жасақтау үшін
көмектеседі.
Тонер картриджінің жад микросхемасынан жиналған деректер құрамында тонер картриджінің немесе
олардың өнімінің тұтынушысы немесе пайдаланушысын анықтайтын ақпарат бар.
HP компаниясы HP компаниясының тегін қайтару және қайта қолдану бағдарламасына қайтарылған баспа
картридждерінен алынған жад микросхемасының үлгілерін жинайды (HP Planet Partners: www.hp.com/
recycle). Осы үлгіден алынған жад микросхемасы болашақ HP өнімдерін жақсарту үшін оқылады және
үйретіледі. Осы тонер картриджін қайта қолдануға көмектесетін HP әріптестері осы деректерге қол жеткізе
алады.
Тонер картриджіне ие болған кез келген үшінші тарап жад микросхемасындағы көрсетілмеген ақпаратқа
қол жеткізуі мүмкін.
Түпкі пайдаланушымен лицензиялық келісім
ОСЫ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛ ЖАБДЫҒЫН ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА МҰҚИЯТ ОҚЫҢЫЗ: Түпкі
пайдаланушының лицензиялық келісімі («EULA») — (а) сіз (жеке тұлға немесе сіз өкілдік ететін заңды тұлға)
мен (ә) HP Inc. («HP») арасында сіз бен HP немесе оның жабдықтаушылары арасындағы бөлек лицензия
келісіміне қатысты болмайтын HP өнімімен пайдалануға арналған HP ұйымымен орнатылған немесе
қолжетімді бағдарламалық құрал өнімін пайдалану ережелеріне қатысты жасалған заңды келісімі. Басқа
бағдарламалық құралдың онлайн құжаттамасында EULA келісімі болуы мүмкін. «Бағдарламалық құрал
өнімі» компьютердің бағдарламалық құралы болып табылады және құрамына байланысты медиа, басып
шығарылған материалдар және «онлайн» немесе электрондық құжаттама кіруі мүмкін.
Осы EULA келісімінің қосымшасы немесе түзетпесі HP өнімімен жүруі мүмкін.
БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛ ӨНІМІНЕ ҚАТЫСТЫ ҚҰҚЫҚТАР ОСЫ EULA КЕЛІСІМІНІҢ БАРЛЫҚ ШАРТТАРЫМЕН
ЖӘНЕ ЕРЕЖЕЛЕРІМЕН КЕЛІСКЕН ЖАҒДАЙДА ҒАНА БЕРІЛЕДІ. БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛДЫ ОРНАТУ, ЖҮКТЕП
АЛУ НЕМЕСЕ БАСҚАША ПАЙДАЛАНУ ӘРЕКЕТТЕРІ ОСЫ EULA ШАРТТАРЫНА БАҒЫНАТЫНЫҢЫЗДЫ БІЛДІРЕДІ.
ЕГЕР ОСЫ ЛИЦЕНЗИЯЛЫҚ ШАРТТАРДЫ ҚАБЫЛДАМАСАҢЫЗ, СІЗДІҢ БІР ҒАНА МҮМКІНДІГІҢІЗ — САТЫП
14 1-тарау Қызмет және Қолдау KKWW