HP Color LaserJet Managed MFP E77800 Series, HP LaserJet Managed MFP E72500 Series - Warranty and Legal Issues Guide

Пластик
Қолданыстан шыққаннан кейін пластикалық бөліктерді қайта өңдеу мақсатымен жылдам анықтау үшін,
салмағы 25 граммнан астам пластикалық бөліктер халықаралық стандарттарға сәйкес белгіленеді.
HP LaserJet принтерінің жабдықтары
Тұпнұсқа HP жабдықтары қоршаған ортаны ескере отырып жасалды. HP принтері басып шығару кезінде
ресурстарды және қағазды үнемдеуді жеңілдетеді. Сонымен қатар, аяқтаған кезде де қайта өңдеуді жеңіл,
әрі тегін еттік.
1
HP Planet Partners бағдарламасына жіберілген барлық HP картридждері көп фазалы қайта өңдеу
процесінен өтеді, яғни материалдарды жаңа түпнұсқа HP картридждерінде және күнделікті өнімдерде
шикізат материалы ретінде пайдалану үшін бөлшектейді және тазалайды. HP Planet Partners
бағдарламасына жіберілген түпнұсқалық емес HP картридждері қоқыс алаңына жіберіледі және HP
компаниясы тұпнұсқа HP картридждерін ешқашан қайта толтырмайды немесе сатпайды.
HP Planet Partners қайтару және қайта өңдеу бағдарламасына кіру үшін www.hp.com/recycle торабына
өтіңіз. HP баспа жабдықтарын қайтару туралы ақпарат алу үшін ел/аймақты таңдаңыз. Әрбір жаңа
HP LaserJet басып шығару картриджі орамасында бірнеше тілдегі бағдарлама ақпараты мен нұсқаулар
болады.
1
Бағдарламаның қолжетімділігі әр түрлі болады. Қосымша ақпаратты www.hp.com/recycle бетінен
қараңыз.
Қағаз
Қағаз HP LaserJet принтері тобы басып шығару нұсқаулығы ішіндегі нұсқаулықтарға сәйкес болған кезде
бұл өнімде қайта өңделген қағазды және жеңіл қағазды (EcoFFICIENT™) пайдалануға болады. Бұл өнім
EN12281:2002 стандартына сәйкес қайта өңделетін және жеңіл (EcoFFICIENT™) қағаз үшін ыңғайлы.
Материалға шектеулер
Бұл HP өнімінде сынап жоқ.
Батарея туралы ақпарат
Бұл өнімде:
литий-полифторкөміртекті батарея (BR түрі) немесе
марганец қос тотығы-литийлі (CR түрі)
батарея - қызмет мерзімі соңында арнайы өңдеуді талап етуі мүмкін.
KKWW Пластик 23