HP MFP Analog Fax Accessory 700 - Fax Guide

Факс жабдығын телефон желісіне қосу
Факс жабдығын телефон желісіне қосқанда, факс жабдығы үшін пайдаланылып жатқан телефон желісін
басқа ешбір құрылғылар пайдаланып жатпағанын тексеріңіз. Сондай-ақ, бұл желі аналогтық желі болуы
керек, себебі сандық МАСТ жүйелеріне қосылған болса, факс дұрыс жұмыс істемейді. Егер телефон желісі
аналогтық немесе сандық екеніне сенімді болмасаңыз, телекоммуникациялық қызметтер жеткізушісіне
хабарласыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: HP жабдықтың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін факс жабдығымен бірге келген
телефон сымын пайдалануды ұсынады.
Факс жабдығын телефон ұясына қосу үшін осы нұсқауларды орындаңыз.
1. Факс жабдығы жинағында бар телефон сымын табыңыз. Телефон сымының бір ұшын факс
картасындағы факс жабдығының телефон ұясымен жалғаңыз. Қосқышты сырт еткенше басыңыз.
ЕСКЕРТУ: телефон желісін факстың қосалқы құрал портына жалғаңыз. Телефон желісін
пішімдегіштің төменгі жағына жақын орналасқан LAN портына қоспаңыз.
2. Телефон сымының екінші соңын қабырғадағы телефон ұясына қосыңыз. Қосқышты сырт еткенше
немесе берік отырғанша басыңыз. Әр түрлі елдерде/аймақтарда әр түрлі қосқыш түрлері
пайдаланылады, сондықтан қосқыш сырт еткен дыбыс шығармауы мүмкін.
Факс жұмысын тексеру
Факс жұмысын тексеріп растау үшін принтердің басқару панелін тексеріңіз:
4 2-тарау Факс жабдығын орнату KKWW