HP MFP Analog Fax Accessory 700 - Fax Guide

FutureSmart 3: басқару панеліндегі факс белгішесі сөнген болса, факстың қосалқы құралы
орнатылмаған немесе реттелмеген. Белгішені таңдағанда әкімшімен байланысуға кеңес беретін
хабар пайда болады.
FutureSmart 4: басқару панеліндегі факс белгішесі қолжетімді (сөнбеген). Күйді тексеру үшін факс
белгішесін таңдаңыз:
Басқару панеліндегі хабар реттеуге кеңес берсе, факс қосалқы құралы орнатылған, бірақ
реттелмеген.
Басқару панеліндегі хабар LAN немесе Интернет байланысын орнатуға кеңес берсе, факс
қосалқы құралы орнатылмаған
.
Микробағдарламаны жаңарту үшін нұсқауларды орындап, факс қосалқы құралын орнатыңыз және
реттеңіз.
Микробағдарламаны жаңарту
Факс қосалқы құралы дұрыс жұмыс істеуі үшін принтердің микробағдарламасын осы сатыда жаңарту
маңызды. hp.com/support торабына өтіп, іздеу жолында принтер үлгісін және «микробағдарламаны
жаңарту» сөздерін енгізіңіз. Нәтижелер тізімінен сәйкес тақырыпты таңдап, берілген нұсқауларды
орындаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: үздік тәжірибе ретінде принтеріңіз үшін қолжетімді ең соңғы FutureSmart
микробағдарламасының нұсқасына дейін жаңартыңыз. Бұрынғы принтер үлгілері үшін FutureSmart 3.9
нұсқасына дейінгі нұсқаларды таңдамаңыз. Соңғы принтер үлгілері үшін FutureSmart 4.6 нұсқасына дейінгі
нұсқаларды таңдамаңыз.
KKWW Микробағдарламаны жаңарту 5