HP MFP Analog Fax Accessory 700 - Fax Guide
Келесі параметрлердің кез келгенін конфигурациялаңыз:
Мәзір тармағы Сипаттама
Fax Number Conrmation (Факс нөмірін
растау)
Fax Number Conrmation (Факс нөмірін растау) мүмкіндігі қосылып тұрғанда дұрыс
енгізілуін қамтамасыз ету үшін, факс нөмірін екі рет енгізу керек. Бұл мүмкіндік
әдепкіде өшіп тұрады.
PC Fax Send (Компьютер арқылы факс
жіберу)
Компьютерден факстар жіберу үшін PC Fax Send (Компьютер арқылы факс жіберу)
мүмкіндігін пайдаланыңыз. Бұл мүмкіндік әдепкі параметрлер бойынша қосылған.
Fax Header (Факс тақырыбы) Үстіңгі деректеме жоғарғы жаққа бекітілетінін және мазмұн төмен ауыстырылатынын
немесе үстіңгі деректеме алдыңғы үстіңгі деректеменің үстінен қабаттасатынын
басқару үшін Fax Header (Факс тақырыбы) мүмкіндігін пайдаланыңыз.
JBIG Compression (JBIG қысу) JBIG Compression (JBIG қысу) мүмкіндігін қосу факсты тасымалдау уақытын азайту
арқылы телефон қоңырауларының ақысын азайта алады және таңдаулы параметр
болуы мүмкін. Бірақ, JBIG Compression (JBIG қысу) мүмкіндігін пайдалану кейбір ескірек
факс машиналарымен үйлесімділік мәселелерін тудыруы мүмкін, бұл жағдайда оны
өшіру қажет болуы мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: JBIG Compression (JBIG қысу) мүмкіндігі жіберетін де, қабылдайтын да
машиналарда осы параметр бар болғанда ғана жұмыс істейді.
Error Correction Mode (Қатені түзету
режимі)
Әдетте, факс жабдығы факс қабылдау немесе жіберу кезінде телефон желісіндегі
мәліметтерді бақылап отырады. Егер тасымалдау кезінде факс жабдығы қате тапса
және Error Correction Mode (Қатені түзету режимі) параметрі қосылып тұрса, факс
жабдығы факстің қате бөлігін қайта жіберуді сұрауы мүмкін.
Error Correction Mode (Қатені түзету режимі) мүмкіндігі әдепкіде қосылып тұрады. Оны
факсты жіберуде немесе қабылдауда мәселе болса және берілімдегі қателерді және
сурет сапасының ықтимал азаюын қабылдайтын болсаңыз ғана өшіру керек. Факсті
шетелге жіберу немесе шетелден факс қабылдау кезінде не болмаса сіз телефон
байланысын жер серігі арқылы пайдалансаңыз, бұл функцияны ажыратып қою
пайдалы болуы мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: кейбір VoIP провайдерлері Error Correction Mode (Қатені түзету режимі)
параметрін өшіруді ұсынуы мүмкін. Бірақ, бұл әдетте қажет емес.
Fax Number Speed Dial Matching (Факс
нөмірін жылдам теруді сәйкестендіру)
Fax Number Speed Dial Matching (Факс нөмірін жылдам теруді сәйкестендіру) мүмкіндігін
қосу факс нөмірлерін тергенде көмектесуі мүмкін.
Факс нөмірін қолмен тергенде, бұл мүмкіндік сақталған жылдам нөмір теру
жазбаларында енгізілген нөмірге сәйкес келетін нөмір бар-жоғын тексереді. Бұл нөмір
теру процесін жылдамдатып, белгілі бір факс нөмірінің жылдам нөмір теру жазбасын
еске түсіре алмаған жағдайда көмектесуі мүмкін.
Егер принтер қолмен енгізілген факс нөміріне сәйкес келетін жылдам нөмір теру
жазбасын тапса, факсты сол нөмірге жіберу үшін Yes (Иә) түймешігін түртуге немесе
нөмірді факс тарату тізіміне қосуға болады.
FutureSmart 4
1. Принтердің басқару панелінің негізгі экрандағы Settings (Параметрлер) түймесін түртіңіз.
2. Мына мәзірлерді ашыңыз:
●
Fax (Факс)
●
Fax Send Settings (Факс жіберу параметрлері)
●
General Fax Send Settings (Жалпы факс жіберу параметрлері)
12 4-тарау Факс конфигурацияларын өзгерту KKWW