HP MFP Analog Fax Accessory 700 - Fax Guide

ЕСКЕРТПЕ: Quick Sets (Жылдам орнату) мәндері Text (Мәтін), Photograph (Фотосурет) және High
Qualityоғары сапа) сияқты әртүрлі шығыс түрлерінің алдын ала анықталған параметрлері болып
табылады. Сипаттамасын көру үшін Quick Set (Жылдам орнату) опциясын таңдауға болады.
5. Resolution (Ажыратымдылық), Sides (Жақтар) және Content Orientation (Мазмұн бағыты) сияқты
параметрлерді реттеу үшін астыңғы сол жақ бұрыштан Options (Опциялар) мәзірін, одан кейін
параметрлерді Options (Опциялар) мәзірлерінен таңдаңыз. Нұсқау берілсе, Done (Дайын) опциясын
таңдаңыз.
6. Қосымша алдын ала қарау: Құжатты алдын ала қарау үшін экранның оң жақ аймағын түртіңіз. Алдын
ала қарау экранын кеңейту және жию үшін алдын ала қарау тақтасының сол жағындағы Expand
еңейту) және Collapse (Жию) түймелерін пайдалануға болады.
Expandеңейту) түймесі Collapse (Жию) түймесі
Алдын ала қарау опцияларын реттеу және беттерді қайта реттеу, бұру, енгізу немесе жою үшін
экранның оң жағындағы түймелерді пайдаланыңыз.
Екі беттік көріністі және нобайлық көріністі ауыстырып қосыңыз. Екі беттік көрініспен
салыстырғанда, нобайлық көріністе қолжетімді опциялар көбірек.
Таңдалған бетті үлкейтіңіз не кішірейтіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: бұл түймелерді пайдалану үшін бір уақытта тек бір бетті таңдаңыз.
Бетті 180 градусқа бұрыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: бұл түйме тек нобай көрінісінде қолжетімді болады.
Таңдалған беттерді жойыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: бұл түйме тек нобай көрінісінде қолжетімді болады.
KKWW Факс жіберу 19