HP MFP Analog Fax Accessory 700 - Fax Guide

ЕСКЕРТПЕ: Телефон желісі тек қана принтер факсын қолдануға арналған болуы және телефон
құрылғыларының басқа түрлерімен ортақ пайдаланылмауы қажет. Мысалдар телефон желісі
басқарушы компанияға жіберетін ескертулерді қолданатын дабыл жүйелерін қамтиды.
PBX жүйесі: Іскери ортаның телефон жүйесі. Стандартты үй телефондары мен факс жабдықтары
аналогтық телефон сигналын қолданады. Кейбір PBX жүйелері сандық және оларды факс
жабдығымен үйлестіру мүмкін емес. Факс құрылғысын сандық PBX жүйелеріне жалғау үшін
интерфейстік аналогтық телефон адаптері (АТА) қажет болуы мүмкін.
Ауыстырылатын желілер: Алғашқы кіріс желісі бос болмағанда жаңа қоңырау келесі бос желіге
«ауысатын» телефон жүйесінің мүмкіндігі. Принтерді алғашқы кіріс телефон желісіне тіркеп көріңіз.
Факс жабдығы жауап беру үшін қоңырау саны параметрінде орнатылған қоңырау сандарынан кейін
телефонға жауап береді.
Ток кернеуінің артуынан қорғайтын құрылғыны қолданып жатырсыз ба?
Ток кернеуінің артуынан қорғайтын құрылғыны телефон желілері арқылы шығарылатын электр тогынан
факс жабдығын қорғау үшін қабырға ұясы мен факс жабдығы арасында қолдануға болады. Бұл
құрылғылар телефон сигналының сапасын төмендету арқылы кейбір факс байланысының ақаулықтарын
туғызуы мүмкін. Факстерді жіберу немесе қабылдау бойынша ақаулықтар туындаса және осы
құрылғыларды қолданып жатқан болсаңыз, ақаулықтың ток кернеуінің артуынан қорғайтын құрылғыдан
туындайтынын анықтау үшін құралды тікелей телефон ұясына жалғаңыз.
Телефон компаниясының дыбыстық хабарлама қызметін немесе жауап беру
құрылғысын қолданып жатырсыз ба?
Хабарлама қызметіне арналған жауап беру үшін қоңырау саны параметрі факс жабдығына арналған
жауап беру үшін қоңырау саны параметрінен төмен болса, хабарлама қызметі қоңырауға жауап береді
және факс жабдығы факстерді қабылдай алмайды. Факс жабдығына арналған жауап беру үшін қоңырау
саны хабарлама қызметінен төмен болса, факс жабдығы барлық қоңырауларға жауап береді.
Телефоныңызда қоңырауды күту мүмкіндігі бар ма?
Факстің телефон желісінде қоңырауды күту мүмкіндігі белсендірілген болса, қоңырауды күту мүмкіндігі
байланыс қатесін туғызу арқылы орындалып жатқан факс қоңырауына кедергі келтіруі мүмкін. Қоңырауды
күту мүмкіндігінің факс телефонының желісінде белсенді еместігін тексеріңіз.
Факс жабдығының күйін тексеру
Аналогтық факс жабдығы жұмыс істейтін сияқты көрінбесе, күйді тексеру үшін Conguration Page
онфигурация беті) есебін басып шығарыңыз.
1. Reports (Есептер) мүмкіндігіне кіріңіз.
FutureSmart 3: принтердің басқару тақтасындағы негізгі экранда Administration (Басқару)
тармағына жылжып барып, таңдаңыз.
FutureSmart 4: Негізгі экранда Reports (Есептер) тармағына өтіп, таңдаңыз.
2. Келесі мәзірлерді ашыңыз:
KKWW Факс ақаулықтарын шешу кестесі 25