HP MFP Analog Fax Accessory - Guarantee and Legal Issues Guide

HP принтері үшін шектеулі кепілдік мәлімдемесі
НР ӨНІМІ ШЕКТЕУЛІ КЕПІЛДІК МЕРЗІМІ*
HP MFP Analog Fax Accessory 700 Бөліктерге ғана 90 күн
ЕСКЕРТПЕ: епілдік пен қолдау өнімге, елге және жергілікті заң талаптарына сай өзгеше болады.
Марапатқа лайық HP қызметтері мен еліңіздегі қолдау опциялары туралы ақпаратты support.hp.com
сайтынан қараңыз.
HP компаниясы сізге, ақырғы пайдаланушыға, осы HP шектеулі кепілдігі a) «HP Inc.» компаниясы, оның
еншілес компаниясы, аффилирленген ұйымдары, өкілетті қайта сатушылары, өкілетті таратушылары
немесе ел ішілік таратушылар сататын немесе жалға беретін HP өнімдеріне ғана қатысты екеніне; және ә)
осы HP шектеулі кепілдігінің аясында, сатып алған күннен бастап көрсетілген мерзім ішінде, HP
жабдықтары және қосалқы құралдарының материалы мен сапасында кемшілік болмайтынына кепілдік
береді. HP кепілдік мерзімі кезінде осындай кемшіліктер туралы ескерту алса, НР өз таңдауы бойынша
кемшілігі бар деп дәлелденген өнімдерді жөндейді немесе ауыстырады. Ауыстырылатын өнімдер жаңа
немесе жаңа өнімдер сияқты жұмыс істейтін болуы мүмкін.
HP компаниясы сізге сатып алынған күнен бастап жоғарыда көрсетілген мерзім ішінде HP бағдарламалық
құралының дұрыс орнатылған немесе пайдаланылған кезде материалдары мен дайындалу сапасындағы
ақаулықтарға байланысты бағдарламалау нұсқауларын орындамай қоймайтынына кепілдік береді. Егер
HP компаниясы кепілдік мерзімі ішінде осындай ақаулықтар туралы хабар алса, HP компаниясы осындай
ақаулықтардың салдарынан бағдарламалау нұсқауларын орындамаған бағдарламалық құралды
ауыстырып береді.
HP компаниясы HP өнімдерінің үздіксіз және қатесіз жұмыс істейтініне кепілдік бермейді. Егер HP
компаниясы қажетті мерзімде кепілдіктегі шартқа байланысты өнімін жөндеп немесе ауыстырып бере
алмаса, сіз өнімді қайтарысымен оның құнын қайтарып алуға құқылысыз.
HP өнімдерінің құрамында жұмысы жағынан жаңасымен тең зауытта қалпына келтірілген бөлшектердің
болуы мүмкін немесе олар қосымша пайдаланған болуы мүмкін.
Кепілдік (а) дұрыс немесе талаптарға сәйкес жөндемеу немесе тексеру, (ә) HP компаниясының
бағдарламалық құралын, интерфейсін немесе қосалқы бөлшектерін пайдаланбау, (б) рұқсатсыз өзгерту
немесе дұрыс пайдаланбау, (в) өнімді қоршаған орта талаптарына сәйкес пайдаланбау немесе (г) тиісті
орында дайындамау немесе жөндемеу нәтижесінде туындаған ақаулықтарды қамтымайды.
ЖЕРГІЛІКТІ ЗАҢМЕН РҰҚСАТ БЕРІЛГЕН ШАРАЛАР БОЙЫНША ЖОҒАРЫДА АЙТЫЛҒАН КЕПІЛДІКТЕР ЕРЕКШЕ
БОЛЫП САНАЛАДЫ ЖӘНЕ ЕШБІР ЖАЗБАША НЕМЕСЕ АУЫЗША КЕПІЛДІК НЕМЕСЕ ШАРТ ТҮСІНІКТІ НЕМЕСЕ
ТҰСПАЛДЫ ТҮРДЕ АЙТЫЛМАЙДЫ. HP КОМПАНИЯСЫ ТАУАРДЫҢ ЖАРАМДЫЛЫҒЫ, ҚАНАҒАТТАНАРЛЫҚ САПА
МЕН БЕЛГІЛІ БІР МАҚСАТҚА ЖАРАМДЫЛЫҚ ТУРАЛЫ КЕЗ КЕЛГЕН ТҰСПАЛДЫ КЕПІЛДІКТЕРДЕН НЕМЕСЕ
ШАРТТАРДАН НАҚТЫ ТҮРДЕ БАС ТАРТАДЫ. Кейбір елдер/аймақтар, штаттар немесе облыстар тұспалды
кепілдіктің ұзақтығын шектеуге рұқсат бермейді, сондықтан жоғарыда айтылған шектеу немесе ерекшелік
сізге қатысты болмауы мүмкін. Бұл кепілдік сізге нақты заңды құқықтар береді және елге/аймаққа, штатқа
немесе облысқа қарай сіздің басқа да құқықтарыңыздың болуы мүмкін.
HP компаниясының шектеулі кепілдігі HP компаниясының осы өнімге қолдау көрсететін және HP
компаниясы осы өнімді сататын кез келген елде/аймақта немесе мекенде жарамды. Сіздегі кепілдік
қызметінің деңгейі жергілікті стандарттарға сәйкес өзгеруі мүмкін. HP компаниясы заңдық немесе реттеуші
себептері бойынша жұмыс істеуге қабілетісіз елде/аймақта өнімді пайдалану үшін оның пішінін, мақсатын
немесе функциясын өзгертпейді.
2 1-тарау Қызмет және Қолдау KKWW