Пайдаланушы нұсқаулығы
© Copyright 2016 HP Development Company, L.P. Bluetooth өз меншік иесінің сауда белгісі болып табылады және оны HP Inc. компаниясы лицензия бойынша пайдаланады. Intel – Intel корпорациясының АҚШ-тағы және басқа елдердегі сауда белгісі. Microsoft – тіркелген сауда белгісі немесе АҚШ және/немесе басқа елдердегі Microsoft корпорациясының сауда белгісі. Осы құжатта берілген ақпарат ескертусіз өзгертіледі.
Қауіпсіздік туралы ескерту хабары АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетумен байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты қызып кету жағдайын азайту үшін компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа желдеткішін бітемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беттің үстіне қойып пайдаланыңыз. Қасында тұрған қосымша принтер сияқты қатты беттің немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ беттің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз.
iv Қауіпсіздік туралы ескерту хабары
Maзмұны 1 Қосылғанда жанатын шам ........................................................................................................................... 1 HP Apps Store дүкеніне өту .................................................................................................................................. 1 Ең жақсы тәжірибе .............................................................................................................................................. 1 Қосымша HP ресурстары ........
Дыбысты пайдалану ......................................................................................................................................... 23 Үндеткіштерді қосу ......................................................................................................................... 23 Құлақаспаптарды қосу ................................................................................................................... 24 Гарнитураны қосу ....................................................
Компьютер күту күйінен шыға алмайтын кезде төмен батарея деңгейін шешу .............................................................................................................................. 39 Пайдаланушы ауыстыратын батареяны сақтау ......................................................................... 39 Пайдаланушы ауыстыратын батареяны тастау .......................................................................... 39 Айнымалы қуатпен жұмыс істеу .............................................
BIOS жаңартуын жүктеп алу .......................................................................................................... 53 10 HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) пайдалану ............................................................................................ 55 HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) құралын USB құрылғысына жүктеу ....................................................... 55 11 Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару және қалпына келтіру ........................................
1 Қосылғанда жанатын шам Бұл компьютер жұмыс істеуді және көңіл көтеруді жақсартуға арналған қуатты құрал болып табылады. Компьютерді орнату жасалғаннан кейін орындауға болатын ең жақсы амалдар, компьютермен жасауға болатын қызықты әрекеттер және қосымша HP ресурстарын табуға болатын орындар туралы білу үшін, осы бөлімді оқып шығыңыз.
Қосымша HP ресурстары Өнім туралы егжей-тегжейлі деректерді, практикалық нұсқаулық ақпаратын және қосымша мәліметтерді қамтамасыз ететін ресурстарды табу үшін, мына кестені қараңыз. Ресурстар Мазмұны Орнату нұсқаулары ● Компьютердің параметрлерін орнатуға және мүмкіндіктеріне жалпы шолу НР қолдау қызметі ● HP маманымен желіде сөйлесу НР қолдау қызметін пайдалану үшін http://www.hp.com/support мекенжайына өтіңіз.
Ресурстар Мазмұны – немесе – ▲ Пуск (Бастау) түймесін басып, Все программы (Барлық бағдарламалар), НР, одан кейін Документация НР (НР құжаттары) тармақтарын таңдаңыз. – немесе – ▲ Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында поддержка (қолдау) сөзін жазып, HP Support Assistant бағдарламасын таңдаңыз. Мой ПК (Менің ДК) опциясын, Спецификации (Сипаттамалар) қойыншасын, Руководства пользователя (Пайдаланушы нұсқаулықтары) опциясын таңдаңыз.
Ресурстар Мазмұны МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Пайдаланушы нұсқаулығының ең соңғы нұсқасын ашу үшін Интернетке қосылу қажет. *НР Шектеулі кепілдігін өнімдегі және/немесе қорапта қамтамасыз етілген ықшам дискіде немесе DVD дискісіндегі пайдаланушы нұсқаулықтарында табуға болады. Кейбір елдерде немесе аймақтарда НР компаниясы басылған кепілдігін қорапта ұсынады. Басылған түрдегі кепілдік берілмейтін елдерде/аймақтарда оның басылған көшірмесін http://www.hp.com/go/orderdocuments мекенжайы бойынша сұрауға болады.
2 Компьютермен танысу Аппараттық құралдардың орналасқан жерлері Компьютерге орнатылған аппараттық құралдарды көру үшін: ▲ Тапсырмалар терезесінің іздеу жолағында device manager сөзін теріп, Device Manager (Құрылғы реттеушісі) қолданбасын таңдаңыз. Компьютерге орнатылған барлық құрылғылар тізімде көрсетіледі. Жүйенің аппараттық құралдарының компоненттері және жүйенің BIOS нұсқасының нөмірі туралы ақпарат алу үшін fn+esc (тек таңдаулы өнімдерде) пернелерін басыңыз.
Оң жақ Бөлік (1) Сипаттама Диск шамы ● Ақ түсте жыпылықтау: Қатты диск немесе оптикалық диск пайдаланылуда. ● Сары: HP 3D DriveGuard қызметі (тек таңдаулы өнімдерде) қатты дискті уақытша өшіріп қояды. ЕСКЕРТПЕ: HP 3D Drive Guard қызметі туралы ақпаратты HP 3D DriveGuard бағдарламасын (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану (43-бет) бөлімінен қараңыз. (2) Жад картасын оқу құрылғысы Ақпарат сақтауға, басқаруға, ортақ пайдалануға немесе ашуға мүмкіндік беретін қосымша жад карталарын оқиды.
Бөлік Сипаттама ● Сары: Айнымалы ток адаптері қосылған, батарея зарядталуда. ● Өшірулі: Батарея зарядталмайды. Сол жақ Бөлік (1) Сипаттама Қауіпсіздік кабелінің ұясы Қосымша қауіпсіздік кабелін компьютерге жалғайды. ЕСКЕРТПЕ: Қауіпсіздік кабелі сақтандырғыш құрал ретінде әрекет ету үшін жасалған, бірақ ол компьютерге күтімсіз қараудан немесе оны ұрланудан қорғай алмауы мүмкін. (2) USB 2.
Дисплей ЕСКЕРТПЕ: Компьютерге ұқсас суретті қараңыз. Бөлік Сипаттама (1) Ішкі микрофондар Дыбыс жазады. (2) Камера шамы Қосулы: Камера пайдаланылуда. (3) Камера Видеочат арқылы сөйлесуге, бейне жазуға немесе суретке түсіруге мүмкіндік береді. Кейбір өнімдер HD (жоғары сапалы) немесе 3D мүмкіндігін, ойын ойнау үшін бағдарламаларды немесе бет тануға арналған Windows Hello сияқты бағдарламалық құралын да қамтамасыз етеді.
Бөлік Сипаттама (1) Ішкі микрофондар Дыбыс жазады. (2) Камера Видеочат арқылы сөйлесуге, бейне жазуға немесе суретке түсіруге мүмкіндік береді. Кейбір өнімдер HD (жоғары сапалы) немесе 3D мүмкіндігін, ойын ойнау үшін бағдарламаларды немесе бет тануға арналған Windows Hello сияқты бағдарламалық құралын да қамтамасыз етеді. Windows Hello туралы толық ақпаратты Windows Hello мүмкіндігін пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) (49-бет) бөлімінен қараңыз. Камераны пайдалану үшін: 1.
Жоғарғы жағындағы Сенсорлы тақта Бөлік (1) Сипаттама Сенсорлы тақта аймағы Меңзерді жылжыту немесе экрандағы элементтерді ашу үшін саусақпен орындалатын қимылдарды оқиды. ЕСКЕРТПЕ: Қосымша ақпаратты Сенсорлы тақтаны және сенсорлы экран қимылдарын пайдалану (28-бет) бөлімінен қараңыз. 10 (2) Сол жақ сенсорлы тақта түймешігі Сыртқы тінтуірдің сол жақ түймешігі сияқты жұмыс істейді. (3) Оң жақ сенсорлы тақта түймешігі Сыртқы тінтуірдің оң жақ түймешігі сияқты жұмыс істейді.
Шамдар Бөлік (1) Сипаттама Қуат шамы ● Қосулы: компьютер қосулы. ● Жыпылықтау: қуатты үнемдеу күйі болып табылатын «Ұйқы күйі» компьютерде қосылған. Компьютер дисплейдің және басқа да қажет емес құрамдас бөліктердің қуатын өшіреді. ● Өшірулі: компьютер өшірулі немесе күту күйінде. Күту күйі — ең аз мөлшерде қуат тұтынатын қуатты үнемдеу күйі. (2) Caps lock шамы Қосулы: Пернелердің барлығын бас әріпке ауыстыратын «Caps lock» пернесі басылған.
Түймешік пен үндеткіштер Бөлік (1) Сипаттама Қуат түймешігі ● Компьютер өшірулі болғанда, компьютерді қосу үшін түймешікті басыңыз. ● Компьютер қосулы болғанда, ұйқы күйін қосу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер ұйқы күйінде болғанда, ұйқы күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер күту күйінде болған кезде, күту күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ЕСКЕРТУ: Қуат түймешігін басып тұрғанда сақталмаған ақпараттар жойылады.
Пернелер Бөлік Сипаттама (1) esc пернесі fn пернесімен бірге басылған кезде жүйе ақпараты көрсетіледі. (2) fn пернесі esc немесе бос орын пернесімен бірге басылған кезде арнайы жүйелік функцияларды орындайды. (3) Windows® пернесі Пуск (Бастау) мәзірін ашады. ЕСКЕРТПЕ: Windows пернесін қайта басу Пуск (Бастау) мәзірін жабады. (4) Әрекеттер пернелері Жиі қолданылатын жүйелік функцияларды орындайды.
Әрекет пернелерін пайдалану ● Перненің тағайындалған функциясын іске қосу үшін пернені басыңыз. ● Әрбір әрекет пернесіндегі белгіше сол перненің функциясын бейнелейді. Белгіше Сипаттама Кең ауқымды қолдану туралы ақпарат пен ақауларды жою кеңестерін қамтитын Іске кірісу қолданбасын ашады. Бұл пернені басып тұрғанда экран жарықтығы қадам бойынша төмендетіледі. Бұл пернені басып тұрғанда, экран жарықтығы қадам бойынша жоғарылатылады.
Түбіндегі Бөлік (1) Сипаттама Желдеткіштер Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қамтамасыз етеді. ЕСКЕРТПЕ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді салқындату үшін және қызып кетуден қорғау үшін автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында желдеткіштің біресе қосылып, біресе өшіп отыруы – қалыпты жағдай. (2) Батарея орны Батареяны ұстап тұрады. (3) Батареяны шығару ысырмасы Батареяны орнынан шығарады.
Артқы көрінісі Бөлік Сипаттама Желдеткіш тесік Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қосады. ЕСКЕРТПЕ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді салқындату үшін және қызып кетуден қорғау үшін автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында желдеткіштің біресе қосылып, біресе өшіп отыруы – қалыпты жағдай. Жапсырмалар Компьютерге жапсырылған жапсырмалар жүйе ақаулықтарын жойғанда немесе компьютер алып шетелге саяхатқа шыққанда қажет болуы мүмкін.
Бөлік (1) Үлгі атауы (тек таңдаулы өнімдерде) (2) Өнім нөмірі (3) Сериялық нөмір (4) Кепілдік күшінің мерзімі ● Техникалық деректер жапсырмасы(лары) – компьютер туралы техникалық ақпаратты береді. ● Сымсыз куәлік беру туралы жапсырма(лар) – қосымша сымсыз құрылғылар туралы ақпаратты және осы құрылғылардың қолданылуы мақұлданған елдер немесе аймақтардың мақұлдау таңбаларын қамтамасыз етеді.
3 Желіге қосылу Осы компьютермен кез келген жерге саяхаттауға болады. Алайда, компьютер мен сымсыз не сымды желі байланысын пайдаланып үйде отырып та дүние жүзін шарлап, миллиондаған веб-тораптардың ақпараттарына қол жеткізуге болады. Осы тараудағы ақпарат әлеммен байланысуға көмектеседі.
Амалдық жүйе басқару элементтері Желі және ортақ қолдану орталығы қосылымды немесе желіні орнатуға, желіге қосылуға, желі ақаулықтарын тексеруге және жөндеуге мүмкіндік береді. Амалдық жүйенің басқару элементтерін пайдалану үшін: 1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында панель управления (басқару тақтасы) сөз тіркесін жазып, Панель управления (Басқару тақтасы) опциясын таңдаңыз. 2.
НР Мобильді кең жолақты модулін пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде) HP мобильді кең жолақты компьютеріңізде кең ауқымды мобильді қызметке қолдау көрсетілген. Жаңа компьютерді мобильді оператордың желісімен пайдаланғанда Интернетке қосылу, электрондық пошта жіберу немесе корпоративтік желіге қосылу Wi-Fi жылдам қосылу нүктесінсіз мүмкін болады. Мобильді байланыстың кең жолақты қызметін іске қосу үшін, HP мобильді байланыстың кең жолақты желі модулінің IMEI және/немесе MEID нөмірі керек болуы мүмкін.
● Сурет түсіретін құрылғылар (принтер, камера) ● Дыбыстық құрылғылар (гарнитура, үндеткіштер) ● Тінтуір ● Сыртқы пернетақта Bluetooth құрылғысы Bluetooth құрылғыларының PAN желісін орнатуға мүмкіндік беретін тең дәрежелі мүмкіндікті қамтамасыз етеді. Bluetooth құрылғыларының параметрлерін реттеу және оларды пайдалану туралы ақпаратты Приступаем к работе (Жұмысқа кіріскенде) бағдарламасынан қараңыз.
2. Желілік кабелдің екінші ұшын желінің қабырға ұясына (2) немесе жол жоспарлағышқа жалғаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Желі кабелінің теледидар мен радио кедергілерінен қорғайтын кедергілерді басу схемасы (3) бар болса, кабельдің осы схема орналасқан ұшын компьютерге қарай бағыттаңыз. Мәліметтер мен диск жетектерін ортақ пайдалану және бағдарламалық құралдарды ашу Компьютер желінің бір бөлігі болып тұрғанда, тек компьютерде сақтаулы ақпаратты пайдаланумен шектеліп қалмайсыз.
4 Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану Веб-камера арқылы байланысу, музыканы тыңдау және басқару, бейнефильмдерді жүктеу және көру амалдарын орындау үшін HP компьютерін көңіл көтеру орталығы ретінде пайдаланыңыз. Компьютеріңізді бұдан да қуатты көңіл көтеру орталығына айналдыру үшін, монитор, проектор, теледидар немесе үндеткіштер мен құлақаспаптар сияқты жоғары ажыратымдылықты сыртқы құрылғыларды жалғаңыз.
Құлақаспаптарды қосу АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспаптар немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс қаттылығын төмендетіңіз. Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат алу үшін, Заңдық, қауіпсіздік және экологиялық ескертпелер бөлімін қараңыз. Бұл құжатты ашу үшін: ▲ Пуск (Бастау) түймесін басып, Все программы (Барлық бағдарламалар), Справка и поддержка НР (НР анықтамасы және қолдау), одан кейін Документация НР (НР құжаттары) тармақтарын таңдаңыз.
▲ Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағына басқару панелі сөзін теріп, Басқару панелі, Аппараттық құрал және дыбыс бөлімдерін таңдап, жүйеңізге арналған аудио басқару панелін таңдаңыз. – немесе – Пуск (Бастау) түймесін тінтуірдің оң жақ түймесімен басып, Панель управления (Басқару панелі), Оборудование и звук (Жабдық пен дыбыс) және дыбыс жүйесіне арналған аудио басқару панелін таңдаңыз.
● Кеңейтілген: экрандағы кескінді компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен көру. ● Екінші экран ғана: экрандағы кескінді тек сыртқы құрылғыдан көру. f4 пернесі басылған сайын, көрсету күйі өзгереді. ЕСКЕРТПЕ: Жақсы нәтиже үшін, егер «Расширение» (Кеңейту) опциясы таңдалған болса, сыртқы құрылғының экран ажыратымдылығын мына жолмен реттеңіз. Тапсырмалар тақтасының іздеу терезесіне басқару панелі сөз тіркесін теріп, Басқару панелі бөлімін таңдаңыз, Көрінісі және жекелеу опциясын таңдаңыз.
Intel WiDi куәландырылған дисплейлерді анықтау және оларға қосылу (тек таңдаулы Intel өнімдерде) Intel WiDi фотосуреттер, музыка немесе видеолар сияқты жеке файлдарды сымсыз көрсету үшін немесе бүкіл компьютер экранын теледидар немесе қосымша дисплей құрылғысына қосу үшін пайдаланыңыз. Intel WiDi, premium Miracast шешімі қосымша дисплей құрылғысын жиексіз жұптауды жеңілдетеді; толық экранның көшірмесін қамтамасыз етеді; жылдамдығын, сапасын және ауқымын жақсартады.
5 Экранда шарлау Компьютер экраны бойынша келесі әдістермен жылжуға болады: ● Түрту қимылдарын тікелей компьютер экранында (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану ● Сенсорлық қимылдарды сенсорлық тақтада пайдаланыңыз ● Пернетақтаны және қосымша тінтуірді пайдаланыңыз (тінтуір бөлек сатылады) ● Экрандық пернетақтаны пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде) Сенсорлы тақтаны және сенсорлы экран қимылдарын пайдалану Сенсорлы тақта қарапайым саусақ қозғалыстарымен компьютер экранында шарлауға және меңзерді басқару
Екі саусақ көмегімен масштабтау Екі саусақ көмегімен қысып масштабтау қимылдары суретті немесе мәтінді кішірейтуге немесе үлкейтуге мүмкіндік береді. ● Кішірейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақта аймағында немесе сенсорлы экранға арасын алшақ қойып, одан кейін олардың арасын жақындатыңыз. ● Үлкейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақта аймағында немесе сенсорлы экранда бірге қойып, олардың арасын ашыңыз.
Төрт саусақпен (тек сенсорлы тақтада) түрту Әрекет орталығын ашу үшін төрт саусақпен түрту қимылын пайдаланыңыз. ● Әрекет орталығын ашу және ағымдағы параметрлер мен хабарландыруларды көру үшін сенсорлы тақтаны төрт саусақпен түртіңіз. Үш саусақты сырғыту (тек сенсорлы тақтада) Ашық терезелерді көру үшін және ашық тұрған терезелер мен жұмыс үстелі арасында ауысу үшін үш саусақты сырғыту қимылын пайдаланыңыз. 30 ● Ашық тұрған барлық терезелерді көру үшін 3 саусағыңызды өзіңізден сырғытыңыз.
Бір саусақпен сырғыту (сенсорлы экранда ғана) Саусақты сырғыту қимылын панорамалау, тізімдер мен беттерді айналдыру үшін немесе нысанды жылжыту үшін бір пайдаланыңыз. ● Экрандық меңзерді басқа жерге жылжыту үшін, саусағыңызды экранның беті арқылы қалаған бағытқа жылжытыңыз. ● Нысанды жылжыту үшін саусағыңызбен нысанды басып тұрып, нысанды жылжыту үшін саусағыңызды сүйреңіз.
Кірістірілген сандық пернетақтаны пайдалану Компьютерде кірістірілген сандық пернетақта болады, сондай-ақ компьютермен қосымша сыртқы сан пернетақтасын немесе сан пернетақтасы бар қосымша сыртқы пернетақтаны да қолдануға болады. Кірістірілген сандық пернетақта туралы ақпаратты Пернелер (13-бет) бөлімінен қараңыз. Бөлік Сипаттама num lock пернесі Кірістірілген сан пернетақтасының жұмысын басқарады.
6 Қуат басқару Бұл компьютер батарея қуатымен немесе сыртқы қуат көзіне қосу арқылы жұмыс істейді. Егер компьютер батарея қуатымен жұмыс істейтін болса және батареяны зарядтау үшін оны АТ қуат көзіне жалғау мүмкін болмаса, батарея зарядын бақылау және үнемдеу өте маңызды. Ұйқылық режимді және күту күйін қосу және одан шығу ЕСКЕРТУ: Компьютердің Ұйқы режимінде бірнеше осал тараптары бар.
Күту күйін қолмен бастау және шығу (тек таңдаулы өнімдерде) Пайдаланушы арқылы қосылатын күту күйін қосу және басқа қуат параметрлері мен күту үзілістерін өзгерту үшін «Қуат параметрлері» пәрменін пайдаланыңыз. 1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында электропитание (қуат параметрлері) сөзін жазып, одан кейін Электропитание (Қуат параметрлері) тармағын таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Пайдаланушы есептік жазбасының құпия сөзін жасау немесе ағымдағы құпия сөзді өзгерту үшін Создание или изменение пароля учетной записи пользователя (Пайдаланушы есептік жазбасының құпия сөзін жасау немесе өзгерту) тармағын таңдап, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Пайдаланушы есептік жазбасының құпия сөзін жасау немесе өзгерту қажет болмаған жағдайда, 5-қадамға өтіңіз. 5. Сохранить изменения (Өзгертулерді сақтау) параметрін таңдаңыз.
Пайдаланушы арқылы ауыстырылатын батареяны шығарып алу үшін, компьютерге сәйкес төмен берілген қадамдар мен суретті қараңыз: 1. Компьютерді төңкеріп, батарея өзіңізге қараған күйде тегіс бетке қойыңыз. 2. Батареяны шығарып алу үшін, батареяны босату ысырмасын (1) сырғытыңыз. ЕСКЕРТПЕ: 3. Батареяны бекіту сырғытпасы автоматты түрде бастапқы орнына түседі. Компьютерден (2) батареяны шығарып алыңыз. – немесе – 1. Компьютерді төңкеріп, батарея өзіңізге қараған күйде тегіс бетке қойыңыз. 2.
1. Компьютерді төңкеріп, батарея өзіңізге қараған күйде тегіс бетке қойыңыз. 2. Батареяны шығару үшін, батареяны құлыптау ысырмасын (1) жылжытыңыз, одан кейін батареяны босату үшін батареяны шығару ысырмасын (2) сырғытыңыз. ЕСКЕРТПЕ: 3. Батареяны бекіту сырғытпасы автоматты түрде бастапқы орнына түседі. Батареяны (3) жоғарыға тартып, оны (4) компьютерден шығарып алыңыз. – немесе – 1. Компьютерді тегіс жерге теріс аударып қойыңыз. 2.
Батарея ақпаратын табу Батарея туралы ақпаратқа қол жеткізу үшін: 1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында поддержка (қолдау) сөзін жазып, HP Support Assistant бағдарламасын таңдаңыз. – немесе – Тапсырмалар тақтасындағы сұрау белгісінің белгішесін басыңыз. 2. Мой ПК (Менің ДК), Диагностика и инструменты (Диагностика және құралдар) қойыншасын таңдаңыз, одан кейін HP Battery Check бағдарламасын таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Қуат көрсеткіші туралы қосымша ақпарат алу үшін, Қуат көрсеткішін және қуат параметрлерін қолдану (35-бет) бөлімін қараңыз. Өте төмен батарея деңгейі кезінде компьютер төмендегі әрекеттерді орындайды: ● Күту күйі ажыратылған кезде және компьютер қосулы немесе ұйқы күйінде болғанда, компьютер қысқа уақытқа ұйқы күйіне өтеді және одан кейін өшеді. Барлық сақталмаған ақпарат жоғалады.
Айнымалы қуатпен жұмыс істеу Айнымалы ток көзіне қосу туралы ақпаратты компьютер қорабының ішіндегі Орнату нұсқаулары постерінен қараңыз. Компьютер мақұлданған айнымалы ток адаптері немесе қосымша қондыру/ұзарту құрылғысы арқылы сыртқы айнымалы қуат көзіне жалғанған кезде, компьютер батарея қуатын пайдаланбайды.
● Қуат шамдары жанса, айнымалы ток адаптері дұрыс істеп тұр. ● Қуат шамдары өшіп тұрса, айнымалы ток адаптері мен компьютер арасындағы және айнымалы қуат сымы мен розетка арасындағы қосылысты тексеріңіз. ● Байланыс дұрыс орнатылған, бірақ қуат шамдары сонда да өшіп тұрса, айнымалы ток адаптері істемей тұр және оны ауыстыру қажет. Айнымалы ток адаптерінің алмастырылуы туралы ақпарат алу үшін, қолдау орталығына хабарласыңыз.
7 Компьютерге техникалық қызмет көрсету Компьютерді оңтайлы күйде сақтау үшін, оған жүйелі түрде техникалық қызмет көрсету маңызды болып табылады. Бұл тарауда Дискіні дефрагментациялау және Дискіні тазалау құралдарын пайдалану жолдары түсіндіріледі. Сонымен қатар, бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту нұсқаулары, компьютерді тазалау жөнінде қадамдар және компьютерді сапарға алып шығуға (немесе оны тасымалдауға) арналған кеңестер қамтамасыз етіледі.
HP 3D DriveGuard бағдарламасын (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану Төмендегі жағдайлардың біреуі орын алса, HP 3D DriveGuard бағдарламасы дискіні өшіру және дерек сұрауларын тоқтату арқылы қатты дискіні қорғайды. ● Сіз компьютеріңізді құлатып алдыңыз. ● Батарея қуатынан қосылып тұрған компьютерді оның дисплейі жабулы күйінде жылжытасыз. Бұл оқиғалардың біреуі аяқталғаннан кейінгі қысқа мерзімде HP 3D DriveGuard қатты дискіні қалыпты жұмыс жағдайына қайтарады.
Компьютерді тазалау Компьютерді қауіпсіз түрде тазалау үшін келесі өнімдерді пайдаланыңыз: ● Диметил бензил аммоний хлоридінің 0,3 пайыздық тұнбасы (мысалы, әртүрлі компаниялар шығарған бір рет қолданылатын сүрткіштер түрінде) ● Құрамында спирті жоқ әйнек тазалағыш сұйықтық ● Су және жұмсақ сабын қосылған ерітінді ● Құрғақ микроталшықты тазалау шүберегі немесе күдері (майланбаған жұмсақ антистатикалық шүберек) ● Антистатикалық шүберек майлықтар ЕСКЕРТУ: Компьютерді бір жолға зақымдауы мүмкін қатты
Компьютердің жақтары немесе қақпағын тазалау Құрылғының жақтары немесе қақпағын тазалау үшін, бұрын аталған тазалау сұйықтықтардың біреуіне суланған жұмсақ микроталшық матаны, күдеріні немесе бір рет қолданылатын антисептикалық майлықты пайдаланыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Компьютердің бетін тазалау кезінде, ластануды және қоқымдарды кетіру үшін айналма қозғалыстар жасаңыз.
● Кейбір орталарда сымсыз құрылғыларды пайдалануға тыйым салынуы мүмкін. Ұшақтарда, ауруханаларда, жарылғыш заттардың жанында және қауіпті орталарда осындай шектеулер болуы мүмкін. Егер компьютердегі сымсыз құрылғыны қолдану бойынша саясатты нақты білмесеңіз, компьютерді іске қосудан бұрын рұқсат сұраңыз. ● Егер халықаралық сапарларға шығатын болсаңыз, мына ұсыныстарды орындаңыз: ◦ Өзіңіз баратын әр елдің/аймақтың компьютерге қатысты кедендік ережелерін тексеріңіз.
8 Компьютер мен ақпаратты қорғау Компьютер қауіпсіздігі ақпараттың құпиялылығы, сенімділігі мен қолжетімділігін қорғау үшін өте маңызды. Windows амалдық жүйесі, HP бағдарламалары, Setup Utility (BIOS) құралы және басқа үшінші тарап бағдарламалық құралдары қамтамасыз ететін стандартты қауіпсіздік шешімдері компьютерді вирустар, «құрттар» сияқты түрлі қауіп-қатерлерден және зиян келтіретін код түрлерінен қорғауға көмектесе алады. МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: болмауы мүмкін.
Windows жүйесінде құпиясөздерді орнату Құпиясөз Қызмет Пайдаланушы құпиясөзі Windows пайдаланушы есептік жазбасына кіруді қорғайды. Әкімші құпиясөзі Компьютер мазмұнына әкімші деңгейінде кіруді қорғайды. ЕСКЕРТПЕ: Осы құпиясөз арқылы Setup Utility (BIOS) мазмұнына кіру мүмкін емес. Setup Utility (BIOS) құпия сөздерін орнату Құпиясөз Қызмет Әкімші құпия сөзі ● Оны Setup Utility (BIOS) құралына кірген сайын енгізу қажет.
Windows Hello мүмкіндігін пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) Саусақ ізін оқу құрылғысымен немесе қосымша инфрақызыл камерамен жабдықталған өнімдерде Windows Hello мүмкіндігі көмегімен жүйеге саусақты сырғыту немесе камераға қарау арқылы кіруге болады. Windows Hello мүмкіндігінің параметрлерін орнату үшін, осы қадамдарды орындаңыз: 1.
Екі түрлі желіаралық қалқанның ішінен таңдауға болады: ● Хостқа негізделген желіаралық қалқан — тек орнатылған компьютерді қорғайтын бағдарламалық құрал. ● Желіге негізделген желіаралық қалқандар — DSL немесе кабельдік модемнің және үй желісінің арасына орнатылып, желідегі барлық компьютерлерді қорғайды. Желіаралық қалқан орнатылғаннан соң жүйеге және жүйеден жіберілген барлық деректер тексеріліп пайдаланушы анықтаған қауіпсіздік белгілері бойынша салыстырылады.
Бағдарламалық құрал қолданбаларының және мәліметтеріңіздің сақтық көшірмелерін жасау Бағдарламалық құрал қолданбаларын және мәліметтеріңізді вирус шабуылы салдарынан немесе бағдарламалық не аппараттық құралдың ақаулығынан жоғалу немесе зақымдау қатерінен қорғау үшін олардың сақтық көшірмелерін үнемі жасап жүріңіз.
9 Setup Utility (BIOS) утилитасын пайдалану Setup Utility немесе BIOS (Basic Input/Output System) жүйедегі бүкіл кіріс және шығыс құрылғыларының (мысалы, диск жетектері, монитор, пернетақта, тінтуір және принтер) арасындағы байланысты басқарады. Setup Utility (BIOS) ішінде орнатылған құрылғылардың параметрлері, компьютердің жүктелу реті және жүйе мен кеңейтілген жадтың көлемі қамтылған.
1. Setup Utility (BIOS) қолданбасын қосыңыз (Setup Utility (BIOS) утилитасын бастау (52-бет) бөлімін қараңыз). 2. Главная (Басты) тармағын, Сведения о системе (Жүйе ақпараты) тармағын таңдаңыз және сіздің BIOS нұсқасы туралы жазбаны жасаңыз. 3. Выход (Шығу) тармағын, одан кейін Нет (Жоқ) тармағын таңдаңыз да, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Кейінгі BIOS нұсқаларын тексеру үшін BIOS жаңартуын жүктеп алу (53-бет) бөлімін қараңыз.
3. Алдында жазып алған қатты дискінің жолы арқылы құрамында жаңарту бар қалтаны ашыңыз. 4. .exe кеңейтімі бар файлды екі рет басыңыз (мысалы, файл атауы.exe). BIOS орнатылуы басталады. 5. Экрандағы нұсқауларды орындау арқылы орнатуды аяқтаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Орнату сәтті аяқталды сияқты хабар экранға шығарылғаннан кейін жүктелген файлды қатты дискіден жоюға болады.
10 HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) пайдалану HP PC Hardware Diagnostics – бірыңғай кеңейтілетін ішкі бағдарламалық құрал интерфейсі (UEFI). Бұл құрал компьютердің аппараттық құралдарының дұрыс жұмыс істейтінін анықтау үшін диагностикалық сынақтарды жүргізуге мүмкіндік береді. Құрал амалдық жүйенің сыртында жұмыс істейді және амалдық жүйенің өзі немесе басқа бағдарламалық құралдар бөліктері туындауы мүмкін аппараттық құралдың ақаулықтарын бөлектейді.
UEFI құралының ең соңғы нұсқасын жүктеп алу 1. http://www.hp.com/go/techcenter/pcdiags веб-торабына өтіңіз. HP PC Diagnostics басты беті көрсетіледі. 2. HP PC Hardware Diagnostics бөліміндегі Загрузка (Жүктеу) сілтемесін басып, Выполнить (Орындау) пәрменін таңдаңыз. Белгілі бір өнімге арналған кез келген UEFI нұсқасын жүктеп алу 1. http://www.hp.com/support веб-торабына өтіңіз. 2. Загрузка ПО и драйверов (Бағдарламалық құрал мен драйверлерді жүктеп алу) қойыншасын таңдаңыз. 3.
11 Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару және қалпына келтіру Бұл тарауда төмендегі процестер туралы ақпарат беріледі. Тараудағы ақпарат өнімдер үлгілерінің көбі үшін стандартты процедура болып есептеледі. ● Қалпына келтіру дискісін және сақтық көшірмелерді жасау ● Жүйеңізді бастапқы қалпына келтіру және қалыпқа келтіру Қосымша ақпаратты HP Support Assistant бағдарламасынан қараңыз.
НР қалпына келтіру медиа құралдарын жасау (тек таңдаулы өнімдерде) Мүмкін болса, Recovery бөлімінің және Windows бөлімінің бар-жоғын тексеріңіз. Пуск (Бастау) мәзірінде Проводник (Жетектеуші) пәрменін, одан кейін Этот ПК (Осы ДК) пәрменін таңдаңыз. ● Егер компьютерде Windows бөлімі немесе Recovery бөлімі болмаса, қалпына келтіру медиасын қолдау қызметінен алуға болады. Осы компьютермен жабдықталған Worldwide Telephone Numbers (әлем бойынша қызмет көрсету телефондары) кітапшасын қараңыз.
НР жүйені қалпына келтіру құралын жасау: МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Ажыратылатын пернетақта бар планшет үшін, осы қадамдарды бастамас бұрын пернетақтаны пернетақта бекемдеуіне жалғаңыз. 1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында восстановление (қалпына келтіру) сөзін жазып, одан кейін HP Recovery Manager тармағын таңдаңыз. 2. Қалпына келтіру медиа құралын жасау тармағын таңдаңыз, одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
● Таңдаулы өнімдерде, компьютердің бастапқы зауыттық бөлімі мен мазмұнын қалпына келтіру керек болса немесе қатты диск ауыстырылса, HP қалпына келтіру медиа құралының зауыттық параметрлерге келтіру опциясын пайдалануға болады. Қосымша ақпаратты HP Recovery Manager арқылы қалпына келтіру (60-бет) бөлімінен қараңыз.
● Жүйені қалпына келтіру – бастапқы амалдық жүйені қалпына келтіріп, зауытта орнатылған бағдарламалардың параметрлерін реттейді. ● Зауыттық параметрлерді қайтару – компьютерді қатты дискіден барлық ақпаратты жойып, бөлімдерді қайта жасау арқылы түпнұсқалық бастапқы зауыттық күйіне қалпына келтіреді. Содан кейін, амалдық жүйе мен зауытта орнатылған бағдарламалық құралдарды қайта орнатады. HP Recovery бөлімі (тек таңдаулы өнімдерде) Жүйені қалпына келтіру мүмкіндігін береді.
Компьютердің жүктелу тәртібін өзгерту Егер компьютеріңіз HP Recovery Manager бағдарламасында қайта басаталмаса, компьютерді жүктеу ретін өзгерту қажет. Бұл – компьютер жүктеу ақпаратын іздейтін BIOS ішінде тізілген құрылғылардың реті. Таңдауды оптикалық диск жетегіне немесе USB флэш жадына өзгертуге болады. Жүктеу тәртібін өзгерту үшін: МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Ажыратылатын пернетақта бар планшет үшін, осы қадамдарды бастамас бұрын пернетақтаны пернетақта бекемдеуіне жалғаңыз. 1.
12 Техникалық сипаттамасы Тұтынылатын қуат Егер сіз компьютерді алып, халықаралық саяхат жасауды жоспарласаңыз, осы бөлімде берілген қуат туралы ақпарат пайдалы болуы мүмкін. Компьютер айнымалы немесе тұрақты ток көзінен келетін тұрақты ток арқылы жұмыс істейді. Айнымалы ток көзі 100–240 В, 50–60 Гц шамасында болуы керек. Компьютер бөлек тұрақты ток көзінен жұмыс жасаса да, ол тек НР компаниясы берген және осы компьютерге қолдану үшін ұсынған айнымалы ток адаптері немесе тұрақты ток көзіне қосылуы керек.
Жұмыс ортасы Фактор Метрикалық өлшемдер жүйесі U.S.
13 Электростатикалық разряд Электростатикалық ток соғу — екі зат қатынасқа түскен кезде статикалық электр тогының соғуы, мысалы, кілем үстінде тұрып есіктің темір тұтқасын ұстағаннан болатын ток соғу. Саусақтар немесе басқа электростатикалық разряд өткізгіштерінен шығатын статикалық электр қуатының разряды электрондық бөліктерге зақым келтіруі мүмкін.
14 Қолжетімділік HP мүмкіндіктері шектеулі адамдарды қоса барлығы пайдалана алатын өнімдер мен қызметтерді оқшаулы түрде немесе тиісті көмекші құрылғылармен жасақтайды, өндіреді және нарыққа шығарады. Қолдау көрсетілетін көмекші технологиялар HP өнімдері операциялық жүйенің әр түрлі көмекші технологияларына қолдау көрсетеді және оларды қосымша көмекші технологиялармен жұмыс істеуге теңшеуге болады. Көмекші мүмкіндіктер туралы қосымша ақпаратты табу үшін құрылғыдағы Іздеу мүмкіндігін пайдаланыңыз.
Индекс А ағытпа, қуат 6 ажыратымдылығы жоғары құрылғылар, жалғау 25, 26 Айнымалы ток адаптері және батарея 6 айнымалы ток адаптері, тексеру 40 айнымалы ток адаптерін тексеру 40 ақпарат алу аппараттық құрал 5 бағдарламалық құрал 5 астыңғы жағы 17 Аудио 24 аудио шығыс (құлақаспап)/аудио кіріс (микрофон) ұясы, анықтау 7 Ә әрекеттер пернелері анықтау 13 14 Б бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту 43 бағдарламалық құрал HP 3D DriveGuard 43 Дискіні дефрагментациялау құралы 42 Дискіні тазалау 42 бағдарламалық құ
компьютерді сапарға алып шығу 17, 39, 45 компьютерді тазалау 44 компьютерді тасымалдау 45 корпоративтік WLAN қосылымы 19 Күту қосу 34 өте төмен батарея деңгейі кезінде қосылады 39 шығу 34 күтім HP 3D DriveGuard 43 бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту 43 Дискіні дефрагментациялау құралы 42 Дискіні тазалау 42 кірістірілген сандық пернетақта, анықтау 13, 32 кірістірілген сандық пернетақтаны пайдалану 32 кішірейтілген бейнені қалпына келтіру 61 Қ қалпына келтіру HP Recovery Manager 60 USB флэш картасы 61 диск
сымсыз байланыс түймесі 18 сымсыз байланыс шамы 18 сымсыз басқару элементтері амалдық жүйе 18 түймешігі 18 сымсыз желі (WLAN) жұмыс ауқымы 19 корпоративтік WLAN қосылымы 19 қоғамдық WLAN қосылымы 19 қосылу 19 сымсыз желі, қорғау 50 сымсыз куәландыру белгісі 17 сыртқы айнымалы ток қуаты көзін пайдалану 40 сыртқы айнымалы ток қуаты, пайдалану 40 Т температура 39 техникалық деректер сымсыз куәландыру белгілері 17 техникалық деректер жапсырмасы 17 тұтынылатын қуат 63 түймешіктер оптикалық диск жетегін шығару 7
W Windows жүйені қалпына келтіру нүктесі 57, 59 Windows Hello пайдалану 49 Windows құпия сөздері 48 Windows құралдары пайдалану 59 Windows пернесі, анықтау 13 WLAN антенналары, анықтау 8, 9 WLAN жапсырмасы 17 WLAN желісіне қосылу 19 WLAN құрылғысы 17 WWAN құрылғысы 20 70 Индекс