User Guide - Windows 10

Table Of Contents
Бөлік Сипаттама
Жыпылықтау: қуатты үнемдеу күйі болып табылатын
«Ұйқы күйі» компьютерде қосылған. Компьютер
дисплейдің және басқа да қажет емес құрамдас
бөліктердің қуатын өшіреді.
Өшірулі: компьютер өшірулі немесе күту күйінде. Күту
күйі — ең аз мөлшерде қуат тұтынатын қуатты
үнемдеу күйі.
(3) Сымсыз байланыс шамы
Қосулы (ақ түсте): Сымсыз жергілікті желі (WLAN)
құрылғысы және/немесе Bluetooth® құрылғысы
сияқты бекітілген сымсыз құрылғы қосулы.
Өшірулі: Барлық кірістірілген сымсыз құрылғылар
өшірулі.
ЕСКЕРТПЕ: Кейбір өнімдерде барлық сымсыз құрылғылар
өшірулі болғанда, сымсыз байланыс шамы сары түспен
жанып тұрады.
(4) Аудио кіріс (микрофон) ұясы Қосымша компьютердің гарнитура микрофонын,
стереомикрофонды немесе моно микрофонды қосады.
(5) Аудио шығыс (гарнитура) ұясы/Аудио кіріс
(микрофон) тізбекті ұяшығы
Токқа қосылатын қосымша стерео үндеткіштер,
құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспаптар, гарнитура
немесе теледидар дыбыс кабелі қосылады. Сонымен қатар,
қосымша гарнитура микрофонын қосады. Бұл ұяшық
қосымша автономды микрофонды қолдамайды.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін,
құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспап немесе
гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз.
Қосымша қауіпсіздік ақпаратын алу үшін, Заңды, қауіпсіздік
және қоршаған орта ескертпелерін қараңыз.
Бұл нұсқаулықты пайдалану үшін:
Пуск (Бастау) түймесін басып, Все программы (Барлық
бағдарламалар), Справка и поддержка НР (НР
анықтамасы және қолдау), одан кейін Документация
НР (НР құжаттары) тармақтарын таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Құрылғы ұяға қосылған кезде, компьютер
үндеткіштері ажыратылады.
(6) USB 3.0 порты Пернетақта, тінтуір, сыртқы диск, принтер, сканер немесе
USB хабі сияқты қосымша USB құрылғысы жалғанады.
(7) USB 3.0 зарядтау (қуат берілетін) порты Пернетақта, тінтуір, сыртқы диск, принтер, сканер немесе
USB хабі сияқты қосымша USB құрылғысы жалғанады.
Барлық USB құрылғылары стандартты USB порттары
арқылы зарядталмайды немесе зарядтау үшін төмен ток
қолданылады. Кейбір USB құрылғыларын зарядтау үшін
оларды ток беретін портқа жалғау қажет.
ЕСКЕРТПЕ: USB зарядтау порты арқылы компьютер
өшірулі болса да, ұялы телефондардың және MP3
ойнатқыштардың кейбір үлгілерін зарядтауға болады.
(8) USB Type-C порттары (2) Type-C қосқышы бар USB құрылғыларын жалғаңыз.
Оң жағы 9