User Guide - Windows 10

Table Of Contents
Бөлік Сипаттама
(2) Қауіпсіздік кабелінің ұясы Қосымша қауіпсіздік кабелін компьютерге жалғайды.
ЕСКЕРТПЕ: Қауіпсіздік кабелі сақтандырғыш құрал ретінде
әрекет ету үшін жасалған, бірақ ол компьютерге күтімсіз
қараудан немесе оны ұрланудан қорғай алмауы мүмкін.
(3) Желдеткіш саңылаулары (2) Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қамтамасыз
етеді.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді
салқындату үшін және қызып кетуден қорғау үшін
автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында
желдеткіштің біресе қосылып, біресе өшіп отыруы –
қалыпты жағдай.
(4) Оптикалық шығыс қосқышы Сандық үндеткіштерді (бөлек сатылады) қосады.
(5) USB 3.0 порттары (6) Пернетақта, тінтуір, сыртқы диск, принтер, сканер немесе
USB хабы сияқты қосымша USB құрылғыларын жалғаңыз.
(6) RJ-45 (желі) ұясы/күй шамдары Желілік кабелді қосады.
Ақ: Желі қосылған.
Сары: Желіде әрекет орын алуда.
(7) Aудио шығыс (құлақаспап) ұясы Токқа қосылатын қосымша стерео үндеткіштер,
құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспаптар, гарнитура
немесе теледидар дыбыс кабелі қосылады.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін,
құлақаспаптарды, тығын тәріздес құлақаспапты немесе
гарнитураны кимес бұрын дыбыс деңгейін реттеңіз.
Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат алу үшін, Заңдық,
қауіпсіздік және экологиялық ескертпелер нұсқаулығын
қараңыз.
Бұл нұсқаулықты пайдалану үшін:
Пуск (Бастау) түймесін басып, Все программы (Барлық
бағдарламалар), Справка и поддержка НР (НР
анықтамасы және қолдау), одан кейін Документация
НР (НР құжаттары) тармақтарын таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Құрылғы гарнитура ұясына қосылған кезде,
компьютер үндеткіштері ажыратылады.
(8) Қуат қосқышы Айнымалы ток сымын жалғайды.
Артқы жағы 11