User Guide - Windows 10

Table Of Contents
3 Желіге қосылу
Компьютер мен сымсыз не сымды желі байланысын пайдаланып дүние жүзін шарлап, миллиондаған
веб-тораптардың ақпараттарына қол жеткізуге болады. Осы тараудағы ақпарат әлеммен байланысуға
көмектеседі.
Сымсыз желіге қосылу
Компьютер келесі сымсыз құрылғылардың біреуі немесе бірнешеуімен жабдықталған болуы мүмкін:
WLAN құрылғысы компьютерлерді корпоративті офистер, үй және әуежайлар, мейрамханалар,
кафелер, қонақ үйлер және университеттер сияқты қоғамдық орындарда (әдетте, Wi-Fi желілері,
сымсыз LAN немесе WLAN деп аталатын) сымсыз жергілікті желілерге қосады. WLAN желісінде
компьютеріңіздегі мобильді сымсыз құрылғы сымсыз жол жоспарлағышымен немесе сымсыз кіру
нүктесімен байланысады.
Bluetooth® құрылғысы – компьютерлер, телефондар, принтерлер, құлақаспаптар, үндеткіштер
және камералар сияқты Bluetooth қызметі қосылған басқа құрылғыларға қосылу үшін жеке аймақ
желісін (PAN) жасайды. PAN желісіндегі әр құрылғы басқа құрылғылармен тікелей байланысады
және бұл құрылғылар бір-біріне біршама жақын болуы тиіс. Әдетте бір-бірінен 10 метр (шамамен
33 фут) қашықтықта болады.
Сымсыз байланыс технологиясы, Интернет және желіне қосылу туралы қосымша ақпаратты Жұмысқа
кіріскенде бағдарламасында қараңыз.
Пуск (Бастау) түймешігін басыңыз және Get startedұмысқа кіріскенде) бағдарламасын
таңдаңыз.
Сымсыз басқару элементтерін пайдалану
Желі және ортақ қолдану орталығы сымсыз қосылымды немесе желіні орнатуға, сымсыз желіге
қосылуға, желі ақаулықтарын тексеруге және жөндеуге мүмкіндік береді.
Амалдық жүйенің басқару элементтерін пайдалану үшін
1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында панель управления (басқару тақтасы) сөз тіркесін
жазып
, Панель управления (Басқару тақтасы) опциясын таңдаңыз.
2. Сеть и Интернетелі және Интернет) пәрменін, одан кейін Центр управления сетями и общим
доступомелілер мен ортақ кіруді басқару орталығы) пәрменін таңдаңыз.
WLAN желісіне қосылу
ЕСКЕРТПЕ: Үйде Интернет байланысын орнату кезінде, Интернет провайдерінің (ISP) есептік
жазбасын орнату қажет. Интернет қызметін және модемді сатып алу үшін жергілікті Интернет
провайдерімен хабарласыңыз. Интернет провайдері модем параметрлерін реттеуге, сымсыз
жолжоспарлағышты модемге қосу үшін желі кабелін орнатуға және Интернет қызметін тексеруге
көмектеседі.
14 3-тарау Желіге қосылу