User Guide - Windows 10

Table Of Contents
4 Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану
Веб-камера арқылы байланысу, музыканы тыңдау және басқару, бейнефильмдерді жүктеу және көру
амалдарын орындау үшін HP компьютерін көңіл көтеру орталығы ретінде пайдаланыңыз.
Компьютеріңізді бұдан да қуатты көңіл көтеру орталығына айналдыру үшін, монитор, проектор,
теледидар немесе үндеткіштер мен құлақаспаптар сияқты жоғары ажыратымдылықты сыртқы
құрылғыларды жалғаңыз
.
Дыбысты пайдалану
Компьютеріңізде немесе сыртқы оптикалық дискіні пайдаланатын өнімдерде музыка ықшам
дискілерін ойнатуға, музыканы жүктеуге және тыңдауға, вебтегі аудио мазмұнды (соның ішінде
радионы) тыңдауға, дыбыс жазуға немесе мультимедиа файлын жасау үшін дыбыс пен бейнені
біріктіруге болады. Тыңдау әсерін жақсарту үшін, үндеткіштер немесе құлақаспаптар сияқты сыртқы
дыбыс құрылғыларын жалғаңыз.
Үндеткіштерді қосу
Сымды үндеткіштерді компьютердегі USB портына немесе аудио шығыс (құлақаспап)/аудио кіріс
(микрофон) комбо ұясына жалғау арқылы қосуға болады. Сандық үндеткіштерді сонымен қатар
компьютердің оптикалық шығыс қосқышы арқылы қосуға болады.
Сымсыз үндеткіштерді компьютерге қосу үшін, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз.
Үндеткіштерді жалғамас бұрын дыбыс қаттылығын төмендетіңіз.
18 4-тарау Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану