User Guide - Windows 10
Table Of Contents
- Қосылғанда жанатын шам
- Компьютермен танысу
- Желіге қосылу
- Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану
- Қуат басқару
- Компьютерге техникалық қызмет көрсету
- Компьютер мен ақпаратты қорғау
- Құпиясөздерді пайдалану
- Интернет қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бағдарламалық құралын пайдалану
- Бағдарламалық құрал жаңартуларын орнату
- HP Touchpoint Manager бағдарламасын (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану
- Сымсыз желіні қорғау
- Бағдарламалық құрал қолданбаларының және мәліметтеріңіздің сақтық көшірмелерін жасау
- Қосымша қауіпсіздік кабелін пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
- Setup Utility (BIOS) утилитасын пайдалану
- HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) пайдалану
- Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару және қалпына келтіру
- Техникалық сипаттамасы
- Электростатикалық разряд
- Қолжетімділік
- Индекс

Сандық үндеткіштерді қосу
Сандық үндеткіштерді компьютердегі оптикалық шығыс қосқышына жалғап пайдалануыңызға
болады.
ЕСКЕРТПЕ: Сандық үндеткіштерді компьютерге жалғау үшін бөлек сатылатын оптикалық кабель
қажет болады.
1. Оптикалық кабельдің бір ұшын компьютердегі оптикалық шығыс қосқышына жалғаңыз.
2. Кабельдің екінші ұшын сандық үндеткіштерге жалғаңыз.
Сандық үндеткіштерді пайдалану туралы толық ақпарат алу үшін құрылғы өндірушісінің нұсқауларын
қараңыз.
Құлақаспаптарды қосу
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспаптар
немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс қаттылығын төмендетіңіз. Қауіпсіздік туралы қосымша
ақпарат алу үшін, Заңдық, қауіпсіздік және экологиялық ескертпелер нұсқаулығын қараңыз.
Бұл құжатты ашу үшін:
▲
Пуск (Бастау) түймесін басып, Все программы (Барлық бағдарламалар), Справка и поддержка НР
(НР анықтамасы және қолдау), одан кейін Документация НР (НР құжаттары) тармақтарын
таңдаңыз.
Сымды құлақаспаптарды құлақаспап қосуға арналған ұяға немесе компьютердегі аудио шығыс
(құлақаспап)/аудио кіріс (микрофон) комбо ұясына қосуға болады.
Компьютерге сымсыз құлақаспаптарды жалғау үшін, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз.
Дыбысты пайдалану 19