User Guide - Windows 10

Table Of Contents
5 Қуат басқару
Ұйқылық режимді және күту күйін қосу және одан шығу
ЕСКЕРТУ: Компьютердің Ұйқы режимінде бірнеше осал тараптары бар. Компьютеріңіздегі
деректерді, сонымен қатар шифрланған деректерді рұқсатсыз пайдаланудың алдын алу үшін HP
компаниясы Ұйқы режимінің орнына Ұйқылық режимін пайдалануды ұсынады, сонда компьютер кез
келген уақытта физикалық ықпалыңыздан тыс болады. Бұл тәжірибе компьютеріңізді бірге алып
жүргенде өте маңызды.
Windows жүйесінде қуатты үнемдеуге арналған ұйқы және күту режимдері бар.
Ұйқылық режим – Ұйқылық режим әрекетсіз тұрғаннан кейін автоматты түрде қосылады.
Жұмысыңыз жадқа сақталып, жұмысыңызды әрі қарай жылдам жалғастыруға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, ұйқы күйін қолмен де қосуға болады. Қосымша ақпаратты Ұйқы күйін қолмен бастау
және шығу (22-бет) бөлімінен қараңыз.
Күту — компьютер ұйқы күйінде ұзақ уақыт болған кезде күту күйі автоматты түрде қосылады.
Күту күйінде жұмыс күту файлына сақталып, компьютер өшіріледі. Күту күйін қолмен де қосуға
болады. Қосымша ақпаратты Күту күйін қолмен бастау және шығу (тек таңдаулы өнімдерде)
(22-бет) бөлімінен қараңыз.
ЕСКЕРТУ: Аудио және видео файлдарын ойнатудың мүмкін нашарлауы, аудио немесе бейне ойнату
жұмысының жоғалуы немесе ақпараттың жоғалуы қаупін азайту үшін, дискіден не сыртқы медиа
картасынан оқу немесе оған жазу кезінде ұйқылық режимді немесе күту күйін қоспаңыз.
Ұйқы күйін қолмен бастау және шығу
Ұйқы күйін қосу үшін Пуск (Бастау) түймешігін басып, Питание (Қуат) белгішесін, содан кейін
Спящий режим (Ұйқылық күй) тармағын таңдаңыз.
Келесі жолдардың кез келгені арқылы ұйқы күйінен шығуға болады:
Қуат түймешігін тез басып қалыңыз.
Пернетақтадағы пернені басыңыз.
Компьютер ұйқы режимінен шыққанда, жұмысыңыз экранға оралады.
ЕСКЕРТПЕ: Егер ұйқылық режимнен шыққан кезде құпия сөз сұралатын етіп орнатылған болса,
жұмысты жалғастыру үшін Windows құпия сөзіңізді енгізу қажет болады.
Күту күйін қолмен бастау және шығу (тек таңдаулы өнімдерде)
Пайдаланушы арқылы қосылатын күту күйін қосу және басқа қуат параметрлері мен күту үзілістерін
өзгерту үшін «Қуат параметрлері» пәрменін пайдаланыңыз.
1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында электропитание (қуат параметрлері) сөзін жазып,
одан кейін Электропитание (Қуат параметрлері) тармағын таңдаңыз.
2. Сол жақ тақтадан Укажите действие кнопки питания (Қуат түймешігінің әрекетін таңдаңыз)
сілтемесін нұқыңыз.
22 5-тарау Қуат басқару