User Guide - Windows 10

Table Of Contents
Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту
НР компаниясы бағдарламалар мен драйверлерді жүйелі түрде жаңартуға кеңес береді. Жаңартулар
мәселелерді шешіп, компьютерге жаңа мүмкіндіктер мен опциялар қосуы мүмкін. Мысалы, ескі
графикалық құрамдас бөліктер ең соңғы ойын ойнау бағдарламалық құралдарымен дұрыс жұмыс
істемеуі мүмкін. Ең соңғы диск нұсқасы болмаса, жабдықтың барлық мүмкіндіктерін пайдалана
алмайсыз.
HP бағдарламалары мен дискілерінің ең соңғы нұсқаларын жүктеп алу үшін, http://www.hp.com/
support торабына өтіңіз. Бұған қоса, жаңартулардың бар екені туралы ескертулерді автоматты түрде
алу үшін тіркеліңіз.
Бағдарламалар мен драйверлерді жаңартуды қаласаңыз, мына нұсқауларды орындаңыз:
1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында поддержка (қолдау) сөзін жазып, HP Support
Assistant
бағдарламасын таңдаңыз.
– немесе –
Тапсырмалар тақтасындағы сұрау белгісінің белгішесін басыңыз.
2. ПК (ДК), Обновление (Жаңартулар) таңдаңыз және Проверить наличие обновлений и сообщений
(Жаңартуларды және хабарларды тексеру) түймешігін басыңыз.
3. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Компьютерді тазалау
Компьютерді қауіпсіз түрде тазалау үшін келесі өнімдерді пайдаланыңыз:
Диметил бензил аммоний хлоридінің 0,3 пайыздық тұнбасы (мысалы, әртүрлі компаниялар
шығарған бір рет қолданылатын сүрткіштер түрінде)
Құрамында спирті жоқ әйнек тазалағыш сұйықтық
Су және жұмсақ сабын қосылған ерітінді
Құрғақ микроталшықты тазалау шүберегі немесе күдері (майланбаған жұмсақ антистатикалық
шүберек)
Антистатикалық шүберек майлықтар
ЕСКЕРТУ: Компьютерді бір жолға зақымдауы мүмкін қатты тазартқыш еріткіштерді пайдаланбаңыз.
Тазалағыш заттың компьютер үшін қауіпсіз болғанына сенімді болмасаңыз, спирт, ацетон, аммоний
хлориді, метиленхлорид және көмірсутектер сияқты ингредиенттердің өнім құрамында жоқ екенін
тексеріңіз.
Қағаз орамал сияқты талшықты материалдар компьютерге сызат түсіруі мүмкін. Уақыт өткенде, кір
және тазалағыш заттар сызаттарды бітеуі мүмкін.
Тазалау іс рәсімдері
Осы нұсқаулықта берілген нұсқауларды компьютерді қауіпсіз тазалау үшін орындаңыз.
26 6-тарау Компьютерге техникалық қызмет көрсету