User Guide - Windows 10

Table Of Contents
HP Touchpoint Manager бағдарламасын (тек таңдаулы
өнімдерде) пайдалану
HP Touchpoint Manager бағдарламасы бизнеске компания активтерін тиімді басқаруға және қорғауға
мүмкіндік беретін бұлттық технологияларға негізделген АТ шешімі болып табылады. HP Touchpoint
Manager зиян бағдарламалар мен басқа шабуылдардан қорғайды, құрылғының жұмысқа
қабілеттілігін бақылайды және сізге түпкі пайдаланушының құрылғысы мен қауіпсіздік мәселелерін
шешуге жұмсалатын уақытты азайтуға мүмкіндік береді. Сізге бағдарламалық құралды жылдам
жүктеп орнатуға болады, бұл өзіндік стандартты шешімдермен салыстырғанда қаржы тарапынан
тиімді екен.
Сымсыз желіні қорғау
Желіні рұқсатсыз кіруден қорғау үшін, WLAN жүйесін орнатқан немесе бар болған WLAN жүйесіне кірген
кезде, әрқашан қауіпсіздік мүмкіндіктерін қосыңыз. Қоғамдық аймақтар немесе кофеханалар және
әуежайлар сияқты адам көп аймақтар ешқандай қауіпсіздікті қамтамасыз етпейді.
Бағдарламалық құрал қолданбаларының және
мәліметтеріңіздің сақтық көшірмелерін жасау
Бағдарламалық құрал қолданбаларын және мәліметтеріңізді вирус шабуылы салдарынан немесе
бағдарламалық не аппараттық құралдың ақаулығынан жоғалу немесе зақымдау қатерінен қорғау
үшін олардың сақтық көшірмелерін үнемі жасап жүріңіз.
Қосымша қауіпсіздік кабелін пайдалану (тек таңдаулы
үлгілерде)
Қауіпсіздік кабелі (бөлек сатылады) сақтандырғыш құрал ретінде әрекет ету үшін жасалған, бірақ ол
компьютерге күтімсіз қараудан немесе оны ұрланудан қорғай алмауы мүмкін. Қауіпсіздік кабелін
компьютерге қосу үшін, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз.
32 7-тарау Компьютер мен ақпаратты қорғау