User Guide - Windows 10

Table Of Contents
HP Recovery Manager арқылы қалпына келтіру
HP Recovery Manager бағдарламасы жасалған немесе HP компаниясынан алған HP қалпына келтіру
медиасын пайдаланып немесе HP қалпына келтіру бөлімі (тең таңдаулы өнімдерде) арқылы
компьютерді бастапқы зауыттық күйіне келтіру мүмкіндігін береді. Қалпына келтіру медиа құралы
жасалмаған болса, НР қалпына келтіру медиа құралдарын жасау (тек таңдаулы өнімдерде) (38-бет)
бөлімін қараңыз.
Жұмысқа кіріспес бұрын маңызды ақпаратпен таңысу қажет
HP Recovery Manager бағдарламалық құралы тек зауытта орнатылған бағдарламалық
құралдарды қалпына келтіреді
. Осы компьютермен бірге берілмеген бағдарламалық
құралдарды не өндірушінің веб-торабынан жүктеп алу, не өндіруші берген медиа құралдан
қайта орнату керек.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: HP Recovery Manager арқылы қалпына келтіруді компьютер мәселелерін
шешудің ең соңғы шарасы ретінде пайдаланған жөн.
HP Recovery құралы компьютердің қатты дискісінде ақау болғанда қолданылуы керек. Қалпына
келтіру медиа құралы жасалмаған болса, НР қалпына келтіру медиа құралдарын жасау (тек
таңдаулы өнімдерде) (38-бет) бөлімін қараңыз.
Зауыттық параметрлерді қалпына келтіру опциясын қолдану үшін (тек таңдаулы өнімдерде) HP
қалпына келтіру медиа құралын пайдалану керек. Қалпына келтіру медиа құралы жасалмаған
болса, НР қалпына келтіру медиа құралдарын жасау (тек таңдаулы өнімдерде) (38-бет) бөлімін
қараңыз.
Егер компьютерде НР қалпына келтіру медиасын жасау мүмкін болмаса немесе HP қалпына
келтіру медиа құралы жұмыс істемесе, қалпына келтіру медиасын қолдау қызметінен алуға
болады. Осы компьютермен жабдықталған Worldwide Telephone Numbers (әлем бойынша қызмет
көрсету телефондары) кітапшасын қараңыз. Байланыс ақпаратын HP веб-сайтынан да қарауға
болады. http://www.hp.com/support мекен-жайын ашып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: HP Recovery Manager жеке деректеріңіздің сақтық көшірмелерін автоматты
түрде қамтамасыз етпейді. Қалпына келтіруді бастау алдында сақтау керек бүкіл жеке деректердің
сақтық көшірмесін жасаңыз.
HP Recovery медиа құралының көмегімен төмендегі қалпына келтіру опцияларының бірін таңдауға
болады:
ЕСКЕРТПЕ: Компьютерде қолданылатын мүмкіндіктер қалпына келтіру процесін бастаған кезде
көрсетіледі.
Жүйені қалпына келтіру – бастапқы амалдық жүйені қалпына келтіріп, зауытта орнатылған
бағдарламалардың параметрлерін реттейді.
Зауыттық параметрлерді қайтару – компьютерді қатты дискіден барлық ақпаратты жойып,
бөлімдерді қайта жасау арқылы түпнұсқалық бастапқы зауыттық күйіне қалпына келтіреді.
Содан кейін, амалдық жүйе мен зауытта орнатылған бағдарламалық құралдарды қайта
орнатады.
HP Recovery бөлімі (тек таңдаулы өнімдерде) Жүйені қалпына келтіру мүмкіндігін береді.
HP Recovery бөлімін пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде)
HP Recovery бөлімі қалпына келтіру дискілерін немесе қалпына келтіру USB флэш-жадын
пайдаланбастан Жүйені қалпына келтіру мүмкіндігін береді. Қалпына келтірудің бұл түрін тек қатты
диск жұмыс істеп тұрғанда пайдалану мүмкін болады.
Алдыңғы күйге қайтару және қалпына келтіру 41