User's Guide

Бөлік Сипаттама
Питание (Қуат) белгішесін тінтуірдің оң жақ
түймешігімен басып, Электропитание (Қуат
параметрлері) тармағын таңдаңыз.
(4) Қуат шамы
Қосулы: компьютер қосулы.
Жыпылықтау: қуатты үнемдеу күйі болып табылатын
«Ұйқы күйі» компьютерде қосылған. Компьютер
дисплейдің және басқа да қажет емес құрамдас
бөліктердің қуатын өшіреді.
Өшірулі: компьютер өшірулі немесе күту күйінде. Күту
күйі – ең аз мөлшерде қуат тұтынатын қуатты үнемдеу
күйі.
(5) Желдеткіш тесік Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қосады.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді
салқындату үшін және қызып кетуден қорғау үшін
автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында
желдеткіштің біресе қосылып, біресе өшіп отыруы –
қалыпты жағдай.
(6) Жад картасын оқу құрылғысы Ақпарат сақтауға, басқаруға, ортақ пайдалануға немесе
ашуға мүмкіндік беретін қосымша жад карталарын оқиды.
Картаны салу үшін:
1. Қосқыштарын компьютерге қаратып, картаның
жапсырма жағын жоғары қаратып ұстаңыз.
2. Картаны жад картасын оқу құрылғысына енгізіп, нық
отырғанша үстінен басыңыз.
Картаны алып тастау үшін:
Картаны басып, оны жад картасын оқу құрылғысынан
алып тастаңыз.
8 2-тарау Компьютермен танысу