User's Guide
4 Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану
Веб-камера арқылы байланысу, музыканы тыңдау және басқару, бейнефильмдерді жүктеу және көру
амалдарын орындау үшін HP компьютерін көңіл көтеру орталығы ретінде пайдаланыңыз.
Компьютеріңізді бұдан да қуатты көңіл көтеру орталығына айналдыру үшін, монитор, проектор,
теледидар немесе үндеткіштер мен құлақаспаптар сияқты жоғары ажыратымдылықты сыртқы
құрылғыларды жалғаңыз
.
Веб-камераны пайдалану
Компьютердің бейнені жазатын және фотосуретке түсіретін веб-камерасы (кірістірілген камерасы) бар.
Кейбір модельдерде бейне ағыны мүмкіндігімен бейнеконференция мен желіде чат сеанстарын
ұйымдастыруға болады.
▲
Камераға кіру үшін тапсырмалар тақтасының іздеу жолағына камера сөзін теріңіз және
қолданбалар тізімінен
Камера опциясын таңдаңыз.
Дыбысты пайдалану
Компьютеріңізде немесе сыртқы оптикалық дискіні пайдаланатын таңдаулы өнімдерде музыка ықшам
дискілерін ойнатуға, музыканы жүктеуге және тыңдауға, вебтегі аудио мазмұнды (соның ішінде
радионы) тыңдауға, дыбыс жазуға немесе мультимедиа файлын жасау үшін дыбыс пен бейнені
біріктіруге болады. Тыңдау әсерін жақсарту үшін, үндеткіштер немесе құлақаспаптар сияқты сыртқы
дыбыс құрылғыларын жалғаңыз.
Үндеткіштерді қосу
Сымды үндеткіштерді компьютердегі не қондыру тұғырындағы аудио шығыс (құлақаспап)/аудио кіріс
(микрофон) біріктірілген ұясына жалғау арқылы компьютерге қосуға болады.
Сымсыз үндеткіштерді компьютерге қосу үшін, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз.
Үндеткіштерді жалғамас бұрын дыбыс қаттылығын төмендетіңіз.
Гарнитураны қосу
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспаптар
немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс қаттылығын төмендетіңіз. Қауіпсіздік туралы қосымша
ақпарат алу үшін, Заңдық, қауіпсіздік және экологиялық ескертпелер бөлімін қараңыз.
Бұл құжатты ашу үшін:
▲
Пуск (Бастау) түймесін басып, Все программы (Барлық бағдарламалар), Справка и поддержка НР
(НР анықтамасы және қолдау), одан кейін Документация НР (НР құжаттары) тармақтарын
таңдаңыз.
Микрофонмен біріктірілген құлақаспаптар гарнитура деп аталады. Сымды құлақаспаптарды
компьютердегі аудио шығыс (құлақаспап)/аудио кіріс (микрофон) біріктірілген ұясына қосуға болады.
Компьютерге сымсыз гарнитураны жалғау үшін, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз.
20 4-тарау Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану