User's Guide

USB Type-C кабелімен бейне құрылғыларын жалғау
ЕСКЕРТПЕ: USB Type-C Thunderbolt® құрылғысын компьютерге жалғау үшін бөлек сатылатын USB
Type-C кабелі қажет болады.
Бейне немесе ажыратымдылығы жоғары дисплей шығысын сыртқы Thunderbolt құрылғысында қарау
үшін Thunderbolt құрылғысын мына нұсқауларға сәйкес жалғаңыз:
1. USB Type-C кабелінің бір ұшын компьютердегі USB Type-C Thunderbolt портына жалғаңыз.
2. Кабельдің екінші ұшын сыртқы Thunderbolt құрылғысына жалғаңыз.
3. Компьютер экранындағы кескінді 4 түрлі көрсету күйіне ауыстырып қосу үшін, f4 пернесін
басыңыз.
ДК экраны ғана: экрандағы кескінді тек компьютерден көру.
Қос: экрандағы кескінді бір уақытта компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен де көру.
Кеңейтілген: экрандағы кескінді компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен көру.
Екінші экран ғана: экрандағы кескінді тек сыртқы құрылғыдан көру.
f4 пернесі басылған сайын, көрсету күйі өзгереді.
ЕСКЕРТПЕ: Жақсы нәтиже үшін, егер «Расширение» (Кеңейту) опциясы таңдалған болса, сыртқы
құрылғының экран ажыратымдылығын мына жолмен реттеңіз. Тапсырмалар тақтасының іздеу
терезесіне басқару панелі сөз тіркесін теріп, Басқару панелі бөлімін таңдаңыз, Көрінісі және
жекелеу опциясын таңдаңыз. Дисплей ішінен Настройка разрешения (Ажыратымдылықты
реттеу) параметрін таңдаңыз.
Miracast-үйлесімді сымсыз дисплейлерді табу және оларға қосылу (тек
таңдаулы өнімдерде)
ЕСКЕРТПЕ: Бар дисплей түрін (Miracast технологиясымен үйлесімді немесе Intel WiDi) білу үшін, ТД
немесе екінші дисплей құрылғысымен келген құжаттаманы қараңыз.
22 4-тарау Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану