User's Guide

5 Экранда шарлау
Компьютер экраны бойынша келесі әдістермен жылжуға болады:
Сенсорлық қимылдарды сенсорлық тақтада пайдаланыңыз
Пернетақтаны және қосымша тінтуірді пайдаланыңыз (тінтуір бөлек сатылады)
Сенсорлы тақта іс-қимылдарын пайдалану
Сенсорлы тақта қарапайым саусақ қозғалыстарымен компьютер экранында шарлауға және меңзерді
басқаруға мүмкіндік береді. Әрі сенсорлы тақтаның сол және оң жақ түймешіктерін сыртқы тінтуірдің
сәйкес түймешіктері сияқты пайдалануға болады.
Қимылдарды қалауыңыз бойынша реттеуге және олардың қалай әрекет ететінін көруге болады.
Тапсырмалар тақтасы іздеу жолағында басқару панелі сөз тіркесін теріп, Басқару панелі
опциясын таңдаңыз және Аппараттық құрал және дыбыс опциясын таңдаңыз. Устройства и
принтеры (Құрылғылар және принтерлер) тізімінен Мышьінтуір) тармағын таңдаңыз.
Түрту
Түрту/екі рет түрту қимылын экранда элементті таңдау немесе ашу үшін пайдаланыңыз.
Экрандағы бір элементке меңзерді апарып, оны таңдау үшін бір саусақпен сенсорлық тақта
аймағын түртіңіз. Элементті ашу үшін оны екі рет түртіңіз.
24 5-тарау Экранда шарлау