User's Guide

Төрт саусақпен түрту
Әрекет орталығын ашу үшін төрт саусақпен түрту қимылын пайдаланыңыз.
Әрекет орталығын ашу және ағымдағы параметрлер мен хабарландыруларды көру үшін
сенсорлы тақта аймағын төрт саусақпен түртіңіз.
Үш саусақпен жүргізіп өту
Ашық терезелерді көру үшін және ашық тұрған терезелер мен жұмыс үстелі арасында ауысу үшін үш
саусақты сырғыту қимылын пайдаланыңыз.
Ашық тұрған барлық терезелерді көру үшін 3 саусағыңызды өзіңізден сырғытыңыз.
Жұмыс үстелін көрсету үшін 3 саусағыңызды өзіңізге қарай сырғытыңыз.
Ашық тұрған терезелер арасында ауысу үшін 3 саусағыңызды сол немесе оң жаққа сырғытыңыз.
Пернетақтаны және қосымша тінтуірді пайдалану
Пернетақта және қосымша тінтуір теруге, элементтерді таңдауға, айналдыруға және сенсорлы
экрандағы қимылдар сияқты бірдей функцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар,
пернетақта арнайы функцияларды орындау мақсатымен әрекет пернелері мен жылдам пернелер
тіркесімдерін пайдалануға мүмкіндік береді.
ЕСКЕРТПЕ: Еліңізге/аймағыңызға байланысты, пернетақтаның пернелері мен пернетақта
функциялары осы бөлімде сипатталғаннан өзгешелеу болуы мүмкін.
26 5-тарау Экранда шарлау