User Guide - Windows 10

Table Of Contents
Оң жағы
Бөлік Сипаттама
(1) SIM картасының қосқышы (тек таңдаулы
өнімдерде)
Сымсыз абонентті анықтау модуліне (SIM) қолдау көрсетеді.
ЕСКЕРТПЕ: SIM ұясының ашасы құрамында HP Mobile
Broadband бар үлгілерде алынбалы болып табылады.
(2) USB Type-C (зарядтау) порты Type-C қосқышы арқылы кез келген USB құрылғысын
жалғайды.
ЕСКЕРТПЕ: USB Type-C зарядтау порттары арқылы
компьютер өшірулі болса да, ұялы телефондар,
планшеттер және MP3 ойнатқыштары сияқты
құрылғыларды зарядтауға болады. Сондай-ақ, бейне
шығыс ұясын қамтамасыз ету үшін USB Type-C порттарының
кейбір түрлері арқылы DisplayPort, VGA, HDMI, Thunderbolt
және басқа бейне құрылғыларын қосуға болады.
ЕСКЕРТПЕ: Адаптерлер (бөлек сатылады) қажет болуы
мүмкін.
(3) USB 3.0 зарядтау (қуат берілетін) порты Пернетақта, тінтуір, сыртқы диск, принтер, сканер немесе
USB хабі сияқты қосымша USB құрылғысы жалғанады.
Барлық USB құрылғылары стандартты USB порттары
арқылы зарядталмайды немесе зарядтау үшін төмен ток
қолданылады. Кейбір USB құралғыларын зарядтау үшін
оларды ток беретін портқа жалғау қажет.
ЕСКЕРТПЕ: USB зарядтау порты арқылы компьютер
өшірулі болса да, ұялы телефондардың және MP3
ойнатқыштардың кейбір үлгілерін зарядтауға болады.
(4) HDMI порты Ажыратымдылығы жоғары теледидар немесе кез келген
сыйысымды сандық не аудио компоненті сияқты қосымша
видео не аудио құрылғыны, сондай-ақ жылдамдығы
жоғары HDMI құрылғысын қосады.
(5) Қондыру қосқышы Қосымша қондыру құрылғысын жалғайды.
(6) Батарея шамы Айнымалы ток көзіне қосылған кезде:
Ақ: батарея заряды 90% асады.
Сары: батарея заряды – 0 мен 90% аралығында.
Өшірулі: батарея зарядталмайды.
Айнымалы ток қуаты ажыратылған кезде (батарея
зарядталмай тұрғанда):
Сары болып жыпылықтап тұрса: Батарея заряды аз
деңгейге жетті. Батарея төмен заряд деңгейіне
жеткенде, батарея шамдары жылдам жыпылықтай
бастайды.
Оң жағы 5