User Guide - Windows 10
Table Of Contents
- Қош келдіңіз
- Бөліктер
- Желі қосылымдары
- Сымсыз желіге қосылу
- Сымды желіге қосылу
- Экранда шолу
- Ойын-сауық мүмкіндіктері
- Веб-камераны пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде)
- Дыбысты пайдалану
- Бейнені пайдалану
- VGA (қосымша қондыру құрылғысы немесе кеңейтім порты құрылғысы арқылы) кабелі (тек таңдаулы өнімдерд ...
- Видео құрылғыларын HDMI кабелі арқылы қосу
- MultiStream Transport технологиясын пайдаланып, сымды дисплейлерді табу және оларға қосылу
- Miracast-үйлесімді сымсыз дисплейлерді табу және оларға қосылу (тек таңдаулы өнімдерде)
- Қосымша сыртқы құрылғыларды пайдалану
- Қуатты басқару
- Компьютерді өшіру (сөндіру)
- Қуат параметрлерін орнату
- Қуатты үнемдеу күйлерін пайдалану
- Батарея қуатын пайдалану
- Сыртқы айнымалы ток қуаты көзін пайдалану
- Қауіпсіздік
- Компьютерді қорғау
- Құпия сөздерді пайдалану
- Вирусқа қарсы бағдарламалық құралды пайдалану
- Желіаралық қалқан бағдарламалық құралын пайдалану
- Қорғаныс жүйесінің маңызды жаңартуларын орнату
- HP Client Security бағдарламасын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
- HP Touchpoint Manager бағдарламасын (тек таңдаулы үлгілерде) пайдалану
- Қосымша қауіпсіздік кабелін орнату (тек таңдаулы үлгілерде)
- Саусақ ізін оқу құрылғысын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
- Күтім
- Сақтық көшірме жасау және қалпына келтіру
- Computer Setup (BIOS), TPM және HP Sure Start
- HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) пайдалану
- Техникалық сипаттамасы
- Электростатикалық разряд
- Қолжетімділік
- Индекс

Микрофонмен біріктірілген құлақаспаптар гарнитура деп аталады. Сымды құлақаспаптарды
компьютердегі аудио шығыс (құлақаспап)/аудио кіріс (микрофон) біріктірілген ұясына қосуға болады.
Компьютерге сымсыз гарнитураны жалғау үшін, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз.
Дыбыс параметрлерін пайдалану
Жүйе дыбыс деңгейін реттеу, жүйе дыбысын өзгерту не аудио құрылғыларды басқару үшін дыбыс
параметрлерін пайдаланыңыз.
Дыбыс параметрлерін қарау немесе өзгерту үшін:
▲
Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында панель управления (басқару тақтасы) деп теріп,
Панель управления (Басқару тақтасы) опциясын таңдаңыз, Аппаратное обеспечение и звук
(Аппараттық құрал және дыбыс) опциясын таңдап, Звук (Дыбыс) пәрменін таңдаңыз.
– немесе –
Пуск (Бастау) түймесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Панель управления (Бастау
тақтасы) пәрменін таңдап, Аппаратное обеспечение и звук (Аппараттық құралдар және дыбыс)
опциясын таңдап, Звук (Дыбыс) тармағын таңдаңыз.
Компьютерде Bang & Olufsen, DTS, Beats аудио немесе басқа брендтің жақсартылған дыбыс жүйесі
болуы мүмкін. Нәтижеде компьютеріңізге аудио жүйеңізге арналған аудио басқару панелі арқылы
бақыланатын кеңейтілген аудио мүмкіндіктері қосылуы мүмкін.
Дыбыстық параметрлерді көру және басқару үшін дыбыстың басқару панелін пайдаланыңыз.
▲
Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында панель управления (басқару тақтасы) деп теріп,
Панель управления (Басқару тақтасы) опциясын таңдаңыз, Аппаратное обеспечение и звук
(Аппараттық құрал және дыбыс) опциясын таңдап, аудио жүйесіне тән дыбысты басқару панелін
таңдаңыз.
– немесе –
Пуск (Бастау) түймесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Панель управления (Басқару
тақтасы) пәрменін таңдап, Аппаратное обеспечение и звук (Аппараттық құралдар және дыбыс)
таңдап, аудио жүйесіне тән дыбысты басқару панелін таңдаңыз.
Бейнені пайдалану
Бұл компьютер таңдаулы веб-тораптардағы ойнатылатын бейнені көруге және желіге қосылмаған
компьютерден тамашалау үшін бейнелер мен фильмдерді жүктеп алуға мүмкіндік беретін қуатты
бейне құрылғысы болып табылады.
Көруге байланысты әрекеттеріңізді жақсарту мақсатында компьютерді сыртқы монитор, проектор
немесе теледидарға қосу үшін, бейне порттардың бірін пайдаланыңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Сыртқы құрылғының дұрыс кабель арқылы компьютердегі дұрыс ұяға қауіпсіз
түрде жалғанғандығына көз жеткізіңіз. Құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз.
Бейне мүмкіндіктеріңізді пайдалану туралы ақпаратты алу үшін HP Support Assistant қолданбасын
қараңыз.
28 5-тарау Ойын-сауық мүмкіндіктері










