User Guide - Windows 10

Table Of Contents
Дыбыстық ағынды компьютер үндеткіштеріне беру үшін
1. Тапсырмалар тақтасының оң жағында орналасқан хабарландыру аймағындағы Динамики
(Үндеткіштер) белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Устройства воспроизведения
(Ойнату құрылғылары) параметрін тінтуірмен басыңыз.
2. Playback (Ойнату) қойыншасында Динамики (Үндеткіштер) параметрін таңдаңыз.
3. Установить по умолчанию (Әдепкі күйді орнату) пәрменін таңдап, OK түймешігін басыңыз.
MultiStream Transport технологиясын пайдаланып, сымды дисплейлерді табу
және оларға қосылу
MultiStream Transport (MST) компьютердегі VGA портына, әрі хабтағы сыртқы немесе қондырма
станциясындағы VGA немесе Дисплей порттарына жалғап, бірнеше сымды дисплей құрылғыларын
компьютерге жалғау мүмкіндігін береді. Компьютерде орнатылған графикалық контроллер түріне
немесе компьютерде орнатылған хабтың болуына қарай, байланысты бірнеше жолмен орнатуға
болады. Компьютерге орнатылған аппараттық құралдарды көру Құрылғылар басқарушысы бөлімін
қараңыз.
Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында диспетчер устройств (құрылғылар
басқарушысы
) деп теріп, Диспетчер устройств (Құрылғылар басқарушысы) қолданбасын
таңдаңыз. Компьютерге орнатылған барлық құрылғылар тізімде көрсетіледі.
Дисплейлерді Intel graphics (қосымша хабты) арқылы қосу
ЕСКЕРТПЕ: Intel сызбалық реттегішімен және қосымша хабпен ең көп 3 дисплей құрылғысын қосуға
болады.
Бірнеше дисплей құрылғысын орнату үшін осы қадамдарды орындаңыз:
1. DP-to-DP кабелі көмегімен (бөлек сатып алынады) сыртқы хабты (бөлек сатып алынады)
компьютердегі DisplayPort портына (қосымша қондыру құрылғысы арқылы) қосыңыз.
Концентратордың қуат адаптері айнымалы ток қуатына қосылғанына көз жеткізіңіз.
2. Сыртқы дисплей құрылғыларын хабтағы VGA немесе DisplayPorts порттарына жалғаңыз.
3. Windows монитордың DP желі торабына қосылғанын анықтағанда, DisplayPort Topology
Хабарландыру тілқатысу терезесі көрсетіледі. Дисплей параметрлерін реттеу үшін қажетті
опцияларын басыңыз. Бірнеше дисплей нұсқалары барлық қосылған дисплей
құрылғыларындағы экран кескінін кеңейтетін Duplicate (Қайталау) немесе компьютер экранын
барлық қосылған дисплей құрылғыларына жаятын Extendеңейту) мәндерін қамтиды.
ЕСКЕРТПЕ: Тілқатысу терезесі пайда болмаса, әрбір сыртқы дисплей құрылғысының хабтағы
дұрыс портқа жалғанғанын тексеріңіз. Қосымша ақпарат алу үшін, тапсырмалар тақтасының
іздеу жолағында панель управления (басқару тақтасы) деп жазып, Панель управления
(Басқару тақтасы) опциясын, одан кейін Оформление и персонализация (Безендіру және
даралау) таңдаңыз. Дисплей ішінен Настройка разрешения (Ажыратымдылықты теңшеу)
параметрін таңдаңыз.
Бейнені пайдалану 31