User Guide - Windows 10
Table Of Contents
- Қош келдіңіз
- Бөліктер
- Желі қосылымдары
- Сымсыз желіге қосылу
- Сымды желіге қосылу
- Экранда шолу
- Ойын-сауық мүмкіндіктері
- Веб-камераны пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде)
- Дыбысты пайдалану
- Бейнені пайдалану
- VGA (қосымша қондыру құрылғысы немесе кеңейтім порты құрылғысы арқылы) кабелі (тек таңдаулы өнімдерд ...
- Видео құрылғыларын HDMI кабелі арқылы қосу
- MultiStream Transport технологиясын пайдаланып, сымды дисплейлерді табу және оларға қосылу
- Miracast-үйлесімді сымсыз дисплейлерді табу және оларға қосылу (тек таңдаулы өнімдерде)
- Қосымша сыртқы құрылғыларды пайдалану
- Қуатты басқару
- Компьютерді өшіру (сөндіру)
- Қуат параметрлерін орнату
- Қуатты үнемдеу күйлерін пайдалану
- Батарея қуатын пайдалану
- Сыртқы айнымалы ток қуаты көзін пайдалану
- Қауіпсіздік
- Компьютерді қорғау
- Құпия сөздерді пайдалану
- Вирусқа қарсы бағдарламалық құралды пайдалану
- Желіаралық қалқан бағдарламалық құралын пайдалану
- Қорғаныс жүйесінің маңызды жаңартуларын орнату
- HP Client Security бағдарламасын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
- HP Touchpoint Manager бағдарламасын (тек таңдаулы үлгілерде) пайдалану
- Қосымша қауіпсіздік кабелін орнату (тек таңдаулы үлгілерде)
- Саусақ ізін оқу құрылғысын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
- Күтім
- Сақтық көшірме жасау және қалпына келтіру
- Computer Setup (BIOS), TPM және HP Sure Start
- HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) пайдалану
- Техникалық сипаттамасы
- Электростатикалық разряд
- Қолжетімділік
- Индекс

7 Қауіпсіздік
Компьютерді қорғау
Windows амалдық жүйесі қамтамасыз ететін стандартты қауіпсіздік мүмкіндіктері және Windows
жүйесіне кірмейтін Setup Utility (BIOS) құралы жеке параметрлеріңіз бен деректеріңізді әртүрлі
қауіптерден қорғауы мүмкін
.
ЕСКЕРТПЕ: Қауіпсіздік шешімдері сақтандырғыш құрал ретінде әрекет ету үшін жасалған. Бірақ олар
құрылғыға күтімсіз қараудан немесе оны ұрланудан қорғай алмауы мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютерді қызмет көрсету орталығына жібермес бұрын, құпиялы файлдардың сақтық
көшірмелерін жасап, файлдарды және құпиясөз параметрлерін жойыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Нұсқаулықтың ішінде сипатталған кейбір функциялар компьютеріңізде болмауы мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютеріңіз Computrace құралын қолдайды, бұл онлайн қауіпсіздікке негізделетін
қадағалау және қалпына келтіру қызметі кейбір аймақтарда қолжетімді болады. Егер компьютер
ұрланған болса, рұқсаты жоқ пайдаланушы Интернетке кіргенде Computrace құралы компьютердің
ізін қадағалай алады. Computrace құралын пайдалану үшін, бағдарламалық құралды сатып алып,
қызметке жазылуыңыз тиіс. Computrace бағдарламалық құралына тапсырыс беру туралы ақпаратты
алу үшін, http://www.hp.com мекенжайы бойынша веб-сайтқа өтіңіз.
Компьютер қаупі Қауіпсіздік мүмкіндігі
Компьютерді рұқсатсыз қолдану HP Client Security бағдарламалық құралы құпия сөз, смарт
карта, контактісіз карта, тіркелген саусақ ізі мен басқа
аутентификациялық деректермен бірге қолданылғанда
Computer Setup (BIOS) утилитасына рұқсатсыз кіру Computer Setup қызметіндегі BIOS әкімшісінің құпия сөзі*
Қатты диск мазмұнына рұқсатсыз кіру Computer Setup утилитасының DriveLock құпия сөзі (тек
таңдаулы үлгілерде)*
Қосымша сыртқы оптикалық дискіден рұқсатсыз бастау (тек
таңдаулы үлгілерде), оптикалық сыртқы қатты диск
(таңдаулы үлгілерде ғана), немесе ішкі желі адаптері
Computer Setup құралындағы жүктеу параметрлері
мүмкіндігі*
Windows пайдаланушы жазбасын рұқсатсыз пайдалану Windows пайдаланушы құпия сөзі
Деректерге рұқсатсыз кіру
●
HP драйвын шифрлау бағдарламасы
●
Windows қорғағышы
Computer Setup параметрлеріне және басқа жүйені анықтау
ақпаратына рұқсатсыз кіру
Computer Setup қызметіндегі BIOS әкімшісінің құпия сөзі*
Компьютердің орнын рұқсатсыз ауыстыру Қауіпсіздік кабелінің ұясы (тек таңдаулы үлгілерде қосымша
қауіпсіздік кабелімен бірге қолданылады)
*Computer Setup дегеніміз алдын ала орнатылған, ROM жадына негізделген утилита,ол амалдық жүйе жұмыс істемей тұрғанда
немесе жүктелмегенде де қолданылады. Computer Setup утилитасында жылжу және таңдауды жасау үшін, (сенсорлы тақта,
меңзегіш таяқша не USB тінтуірі сияқты) меңзегіш құрылғыны немесе пернетақтаны пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Пернетақтасы қолданылмайтын планшеттің сенсорлы экранын пайдалануға болады.
Компьютерді қорғау 43










