User Guide - Windows 7
2 Компьютермен танысу
Оң жағы
Бөлік Сипаттама
(1) SIM карта ұясы (тек таңдаулы үлгілерде) Сымсыз абонентті анықтау модуліне (SIM) қолдау көрсетеді.
ЕСКЕРТПЕ: НР ұялы кең жолақты модулі бар үлгілердегі
SIM картасы ұясының қақпағы – алмалы қақпақ.
(2) USB Type-C (зарядтау) порты Type-C қосқышы арқылы кез келген USB құрылғысын
жалғайды.
ЕСКЕРТПЕ: USB Type-C зарядтау порттары арқылы
компьютер өшірулі болса да, ұялы телефондар,
планшеттер және MP3 ойнатқыштары сияқты
құрылғыларды зарядтауға болады. Сондай-ақ, бейне
шығыс ұясын қамтамасыз ету үшін USB Type-C порттарының
кейбір түрлері арқылы DisplayPort, VGA, HDMI, Thunderbolt
және басқа бейне құрылғыларын қосуға болады.
ЕСКЕРТПЕ: Адаптерлер (бөлек сатылады) қажет болуы
мүмкін.
(3) USB 3.0 зарядтау (қуат берілетін) порты Пернетақта, тінтуір, сыртқы диск, принтер, сканер немесе
USB хабі сияқты қосымша USB құрылғысын қосады. Барлық
USB құрылғылары стандартты USB порттары арқылы
зарядталмайды немесе зарядтау үшін төмен ток
қолданылады. Кейбір USB құралғыларын зарядтау үшін
оларды ток беретін портқа жалғау қажет.
ЕСКЕРТПЕ: USB қут беру порты арқылы компьютер
өшірулі болса да, белгілі бір ұялы телефон және MP3
ойнатқыш үлгілерін зарядтауға болады.
ЕСКЕРТПЕ: USB порттарының түрлері туралы толық
ақпаратты USB құрылғысын пайдалану (45-бет) бөлімінен
қараңыз.
(4) HDMI порты Ажыратымдылығы жоғары теледидар немесе кез келген
үйлесімді сандық не аудио құрамдас бөлікті немесе жоғары
жылдамдықты HDMI құрылғысы сияқты қосымша бейне
немесе дыбыс құрылғыларын қосады.
(5) Қондыру қосқышы Қосымша қондыру құрылғысын жалғайды.
(6) Батарея шамы Айнымалы ток көзіне қосылған кезде:
●
Ақ: батарея заряды 90% асады.
4 2-тарау Компьютермен танысу










