User Guide - Windows 7
Бөлік Сипаттама
(2) Сенсорлы тақта аймағы Меңзерді жылжытады және экрандағы элементтерді
таңдайды немесе іске қосады.
ЕСКЕРТПЕ: Сонымен қатар, сенсорлы тақтада саусақты
жиектен жылжыту қимылдарына қолдау көрсетіледі.
Қосымша ақпарат алу үшін, 34 беттегі «Саусақты жиектен
жылжыту» бөлімін қараңыз (тек таңдаулы үлгілерде).
(3) Сол жақ сенсорлы тақта түймешігі Сыртқы тінтуірдегі сол жақ түймешік қызметін атқарады.
(4) Оң жақ сенсорлы тақта түймешігі Сыртқы тінтуірдегі оң жақ түймешік қызметін атқарады.
Шамдар
Бөлік Сипаттама
(1) Қуат шамы
●
Қосулы: компьютер қосулы.
●
Жыпылықтау: компьютерде қуатты үнемдеу режимі
болып табылатын «Ұйқы күйі» қосылған. Компьютер
дисплейдің және басқа да қажет емес құрамдас
бөліктердің қуатын өшіреді.
●
Өшірулі: компьютер өшірулі немесе күту күйінде. Күту
күйі — ең аз мөлшерде қуат тұтынатын қуатты үнемдеу
режимі.
(2) Caps lock шамы Қосулы: пернелердің барлығын бас әріп ететін «Caps lock»
пернесі басылған.
(3) Микрофон дыбысын өшіру шамы
●
Сары: микрофон дыбысы өшірулі.
●
Өшірулі: микрофон дыбысы қосулы.
8 2-тарау Компьютермен танысу










