User Guide - Windows 7
Компьютердің мобильді кең ауқымды мүмкіндігін пайдаланудан бұрын келесі қадамдарды аяқтау
қажет:
1. Мобильді кең ауқымды деректер қызметін белсендіріңіз. Бұл әрекетті орындау үшін қызмет
көрсету провайдеріңіздегі үйлесімді белсендірілген SIM картаны пайдаланыңыз.
2. Компьютерді өшіріп, белсендірілген SIM картасын компьютердің SIM ұясына салыңыз. SIM
картасын салу және алу (тек таңдаулы үлгілерде) (19-бет) бөлімін қараңыз.
3. Компьютеріңізді іске қосып, Windows жүйесінің толық жүктелуін күтіңіз.
4. HP байланыс басқарушысы немесе бекітілген Windows байланыс басқару бағдарламалық
құралын пайдалану арқылы мобильді кең ауқымды байланыс орнатыңыз
.
HP мобильді кең жолақты компьютеріңіздің артықшылықтары туралы толығырақ білу үшін
http://www.hp.com/go/mobilebroadband HP веб-сайтына кіріңіз.
SIM картасын салу және алу (тек таңдаулы үлгілерде)
ЕСКЕРТУ: Қосқыштарға зақым келтіруді болдырмау үшін SIM картасын орналастыру кезінде қатты
күш салмаңыз.
SIM картасын салу үшін, төмендегі әрекеттерді орындаңыз:
1. Компьютерді сөндіріңіз.
2. Дисплейді жабыңыз.
3. Компьютерге жалғанған сыртқы құрылғылардың барлығын ажыратыңыз.
4. Қуат сымын айнымалы ток көзінен ажыратыңыз.
5. SIM картасын SIM картасының ұясына салып, ол өз орнына тығыз түскенше SIM картасын оның
ұясына жайлап басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютердің SIM картасы осы бөлімдегі суреттегіден сәл өзгешелеу болуы мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: SIM картасының компьютерге салынатын бағытын анықтау үшін, батарея
орнындағы суретті қараңыз.
6. Батареяны орнына салыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер батарея орнына салынбаса, HP Mobile Broadband модулі өшеді.
Сымсыз желіге қосылу 19










