User Guide - Windows 7

7. Сыртқы қуатты қайтадан қосыңыз.
8. Сыртқы құрылғыларды қайтадан қосыңыз.
9. Компьютерді қосыңыз.
SIM картасын шығарып алу үшін картаны басып, ұясынан шығарып алыңыз.
GPS пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
Компьютерде GPS (Ғаламдық орынды анықтау жүйесі) құрылғысы орнатылуы мүмкін. GPS спутниктері
орналасу, жылдамдық және бағдарлар туралы ақпаратты GPS стандартымен жабдықталған
жүйелерге жібереді
.
Қосымша ақпарат алу үшін, «HP GPS and Location» бағдарламалық құралының анықтамасын қараңыз.
Bluetooth сымсыз құрылғыларын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
Bluetooth құрылғысы әдетте мына электрондық құрылғыларды байланыстыратын физикалық кабель
қосылымдарын ауыстыратын қысқа ауқымды сымсыз байланыстарды қамтамасыз етеді.
Компьютерлер (жұмыс үстелі, ноутбук, қалта компьютері)
Телефондар (ұялы, сымсыз, смартфон)
Сурет түсіретін құрылғылар (принтер, камера)
Дыбыстық құрылғылар (гарнитура, үндеткіштер)
Тінтуір
Bluetooth құрылғысы Bluetooth құрылғыларының дербес желісін орнатуға мүмкіндік беретін тең
дәрежелі мүмкіндікті қамтамасыз етеді. Bluetooth құрылғыларының параметрлерін реттеу және
оларды пайдалану туралы ақпаратты Bluetooth бағдарламалық құралының анықтамасынан қараңыз.
Сымды желіге қосылу (қосымша қондыру құрылғысы
немесе кеңейту порты бар құрылғы арқылы)
Жергілікті аймақтық желі (LAN) сымды байланыс болып табылады. LAN желісіне қосылу үшін, RJ-45
тораптық кабелін (бөлек сатылады) және қосымша қондыру құрылғысын немесе кеңейту порты бар
құрылғыны қолдануға болады.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Электр тогының соғуы, өрт шығуы немесе жабдыққа зиян келтіру қатерінен аулақ
болу үшін, модем кабелін немесе телефон кабелін RJ-45 (желі) ұясына жалғамаңыз.
Жергілікті желіге (LAN) қосылу
Компьютерді тікелей үйдегі жол жоспарлағышқа (сымсыз жұмыс істеудің орнына) немесе офистегі
бұрыннан бар желіге қосу керек болса, LAN байланысын пайдаланыңыз.
Сымды желіге қосылу үшін, 8 істікшелі RJ-45 желі кабелі қажет.
Желі кабелін қосу үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз:
1. Желілік кабелді компьютердегі желі ұясына (1) жалғаңыз.
20 3-тарау Желіге қосылу