User Guide - Windows 7
Бейне
Бұл HP компьютері таңдаулы веб-тораптардағы таратылатын бейнені көруге және желіге қосылмай-
ақ компьютерден тамашалау үшін бейнелер мен фильмдерді жүктеп алуға мүмкіндік беретін қуатты
бейне құрылғысы болып табылады.
Көруге байланысты әрекеттеріңізді жақсарту мақсатында компьютерді сыртқы монитор, проектор
немесе теледидарға қосу үшін, бейне порттардың бірін пайдаланыңыз. Ал кейбір компьютерлерде
ажыратымдылығы жоғары мониторды немесе теледидарды қосуға мүмкіндік беретін HDMI порты
болуы мүмкін.
Сіздің компьютеріңіздің (қосымша қондыру құрылғысының немесе кеңейту порты бар құрылғының)
келесі сыртқы видео порттары бар:
●
VGA
●
HDMI (Ажыратымдылығы жоғары мультимедиалық интерфейс)
●
DisplayPort
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Сыртқы құрылғының дұрыс кабель арқылы компьютердегі дұрыс ұяға қауіпсіз
түрде жалғанғандығына көз жеткізіңіз. Сұрақтарыңыз болса, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын
қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютердегі бейне порттары туралы ақпаратты Компьютермен танысу (4-бет)
бөлімінен қараңыз.
Бейне 31










