User Guide - Windows 7
Бейне немесе аудио құрылғысын DisplayPort портына жалғау үшін
1. DisplayPort кабелінің бір ұшын қосымша қондыру құрылғысының DisplayPort портына жалғаңыз.
2. Кабельдің екінші ұшын бейне құрылғысына жалғаңыз, одан кейін қосымша ақпаратты өндіруші
нұсқауларынан қараңыз.
3. Компьютер экранындағы кескінді 4 түрлі көрсету күйіне ауыстырып қосу үшін, fn+f4 пернелер
тіркесімін басыңыз:
●
ДК экраны ғана: экрандағы кескінді тек компьютерден көру.
●
Қос: экрандағы кескінді бір уақытта компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен де көру.
●
Кеңейтілген: экрандағы кескінді компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен көру.
●
Екінші экран ғана: экрандағы кескінді тек сыртқы құрылғыдан көру.
fn+f4 пернелер тіркесімі басылған сайын, көрсету күйі өзгереді.
ЕСКЕРТПЕ: Жақсы нәтиже үшін, егер «Дополнительные» (Қосымша) опциясы таңдалған болса,
сыртқы құрылғының экран ажыратымдылығын мына жолмен реттеңіз. Пуск (Бастау) > Панель
управления (Басқару тақтасы) > Оформление и персонализация (Безендіру және даралау)
тармақтарын таңдаңыз. Дисплей санатынан Настройка разрешения экрана (Экран
ажыратымдылығын реттеу) пәрменін таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Құрылғы кабелін алу үшін, оны қосымша қондыру құрылғысынан ажыратуға қосқышты
босату түймешігін басыңыз.
HDMI
HDMI порты компьютерді ажыратымдылығы жоғары теледидар сияқты қосымша бейне дерек немесе
дыбыстық құрылғысына не болмаса кез келген үйлесімді сандық немесе дыбыстық құралдарына
жалғайды.
ЕСКЕРТПЕ: Бейне және/немесе дыбыс сигналдарын HDMI порты арқылы жіберу үшін, HDMI кабелі
(бөлек сатылады) керек болады.
Бір HDMI құрылғысын компьютердің HDMI портына жалғауға болады. Компьютер экранындағы
ақпаратты HDMI құрылғысында бір уақытта бейнелеуге болады.
Бейне немесе аудио құрылғысын HDMI портына жалғау үшін
Бейне 33










