User Guide - Windows 7
1. Тапсырма тақтасының оң жағында орналасқан хабарландыру аймағындағы Динамики
(Үндеткіштер) белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Устройства воспроизведения
(Ойнату құрылғылары) параметрін таңдаңыз.
2. Воспроизведение (Ойнату) қойыншасында Динамики (Үндеткіштер) параметрін таңдаңыз.
3. Установить по умолчанию (Әдепкі күйді орнату) пәрменін таңдап, OK түймешігін басыңыз.
MultiStream Transport технологиясын пайдаланып, сымды дисплейлерді табу
және оларға қосылу
MultiStream Transport (MST) бірнеше сымды дисплейді компьютердегі VGA немесе DisplayPort порттары
арқылы және сыртқы хаб немесе қондыру тұғырындағы VGA немесе DisplayPort порттары арқылы
компьютерге жалғауға мүмкіндік береді. Компьютерде орнатылған графикалық контроллер түріне
немесе компьютерде орнатылған хабтың болуына қарай, байланысты бірнеше жолмен орнатуға
болады. Компьютерге орнатылған аппараттық құралдарды көру Құрылғылар басқарушысы бөлімін
қараңыз.
1. Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) тармақтарын таңдаңыз.
2. Система и безопасность (Жүйе және қауіпсіздік) және Система (Жүйе) пәрменін таңдаңыз, одан
кейін сол жақ бағанда Диспетчер устройств (Құрылғылар басқарушысы) тармағын нұқыңыз.
Дисплейлерді Intel graphics (қосымша хабты) арқылы қосу
ЕСКЕРТПЕ: Intel сызбалық контроллері және қосымша хаб арқылы 3-ке дейін сыртқы дисплей
құрылғысын қосуға болады.
Бірнеше дисплейді орнату үшін мына қадамдарды орындаңыз:
1. DP-to-DP кабелі көмегімен (бөлек сатып алынады) сыртқы хабты (бөлек сатып алынады)
компьютердегі DisplayPort портына (қосымша қондыру құрылғысы арқылы) қосыңыз.
Концентратордың қуат адаптері айнымалы ток қуатына қосылғанына көз жеткізіңіз.
2. Сыртқы дисплей құрылғыларын хабтағы VGA немесе DisplayPorts порттарына жалғаңыз.
3. Windows монитордың DP желі торабына қосылғанын анықтағанда, DisplayPort Topology
Хабарландыру тілқатысу терезесі көрсетіледі. Дисплей параметрлерін реттеу үшін қажетті
опцияларын басыңыз. Бірнеше дисплей нұсқалары барлық қосылған дисплейлердегі экран
кескінін кеңейтетін Duplicate (Қайталау) немесе компьютер экранын барлық қосылған
дисплейлерге жаятын Extend (Кеңейту) функцияларын қамтиды.
ЕСКЕРТПЕ: Тілқатысу терезесі пайда болмаса, әрбір сыртқы дисплей құрылғысының хабтағы
портқа дұрыс жалғанғанын тексеріңіз. Қосымша ақпарат алу үшін Пуск (Бастау) >Панель
управления (Басқару тақтасы) >Оформление и персонализация (Безендіру және даралау)
>Дисплей>Подключение к внешнему дисплею (Сыртқы дисплейге қосылу) тармақтарын
таңдаңыз.
Бейне 35










