Пайдаланушы нұсқаулығы
© Copyright 2016 HP Development Company, L.P. © 2016 Google Inc. Барлық құқықтары қорғалған. Chrome және Google Cloud Print белгілері – Google корпорациясының сауда белгілері. Осы құжатта берілген ақпарат ескертусіз өзгертіледі. HP өнімдері мен қызметтеріне кепілдік тек осындай өнімдермен және қызметтермен бірге келетін тікелей кепілдік мәлімдемелерінде беріледі. Осы құжаттағы ешқандай мәліметтер қосымша кепілдік деп түсінілмеуі тиіс.
Қауіпсіздік туралы ескерту хабары АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетумен байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты қызып кету жағдайын азайту үшін компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа желдеткішін бітемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беттің үстіне қойып пайдаланыңыз. Қасында тұрған қосымша принтер сияқты қатты беттің немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ беттің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз.
iv Қауіпсіздік туралы ескерту хабары
Maзмұны 1 Компьютермен танысу ................................................................................................................................. 1 Оң жағы ................................................................................................................................................................. 1 Сол жағы ...............................................................................................................................................................
8 Қолжетімділік ........................................................................................................................................... 18 Қолдау көрсетілетін көмекші технологиялар ................................................................................................ 18 Қолдау қызметіне хабарласу ........................................................................................................................... 18 Индекс ..................................................
1 Компьютермен танысу Оң жағы Бөлік Сипаттама (1) USB 3.0 зарядтау (қуат берілетін) порты Пернетақта, тінтуір, сыртқы диск, сканер немесе USB хабы сияқты қосымша USB құрылғысы жалғанады. Барлық USB құрылғылары стандартты USB порттары арқылы зарядталмайды немесе зарядтау үшін төмен ток қолданылады. Кейбір USB құралғыларын зарядтау үшін оларды ток беретін портқа жалғау қажет.
Сол жағы Бөлік (1) Сипаттама Қауіпсіздік кабелінің ұясы Қосымша қауіпсіздік кабелін компьютерге жалғайды. ЕСКЕРТПЕ: Қауіпсіздік кабелі сақтандырғыш құрал ретінде әрекет ету үшін жасалған, бірақ ол компьютерге күтімсіз қараудан немесе оны ұрланудан қорғай алмауы мүмкін. (2) USB 3.0 зарядтау (қуат берілетін) порты Пернетақта, тінтуір, сыртқы диск, сканер немесе USB хабы сияқты қосымша USB құрылғысы жалғанады.
Дисплей Бөлік (1) Сипаттама WLAN антенналары* Сымсыз жергілікті желілермен (WLANs) байланыста болу үшін сымсыз байланыс сигналдарын жібереді және қабылдайды. ЕСКЕРТПЕ: WLAN антенналары құрылғының сыртынан көрінбейді. (2) Ішкі микрофондар** Дыбыс жазады. (3) Камера шамы Қосулы: камера пайдаланылуда. (4) НD камерасы Бейнені жазады және суреттерді HD ажыратымдылығында түсіреді. *Бұл антенналар және датчиктер компьютердің сыртынан көрінбейді.
Жоғарыдан қарағандағы көрінісі Сенсорлы тақта 4 Бөлік Сипаттама Сенсорлы тақта Меңзерді жылжыту немесе экрандағы элементтерді ашу үшін саусақпен орындалатын қимылдарды оқиды.
Түймешік Бөлік Сипаттама Қуат түймешігі ● Компьютер өшірулі болғанда, компьютерді қосу үшін түймешікті басыңыз. ● Компьютер ұйқы күйінде болғанда, ұйқы күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер қосулы кезде және егер экранды құлыптау қажет болса, кіру экраны ашылғанша түймешікті басып тұрыңыз. Егер қуат түймешігі экранды құлыптау режимінде басылған болса, компьютер өшіріледі.
Астыңғы жағы Бөлік Сипаттама Үндеткіштер (2) Дыбыс шығарады. Жапсырмалар Компьютерге жапсырылған жапсырмалар жүйе ақаулықтарын жойғанда немесе компьютер алып шетелге саяхатқа шыққанда қажет болуы мүмкін. МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Осы бөлімде сипатталған барлық жапсырмалар компьютердің астында орналасатын болады. ● Сервистік жапсырма компьютерді анықтауға арналған маңызды ақпаратты қамтамасыз етеді. Қолдау қызметімен хабарласу кезінде, сериялық нөмір, өнім нөмірі немесе модель нөмірі сұралуы мүмкін.
Бөлік (3) Кепілдік күшінің мерзімі (4) Модель нөмірі (тек таңдаулы үлгілерде) Бөлік (1) Модель атауы (тек таңдаулы үлгілерде) (2) Өнім нөмірі (3) Сериялық нөмір (4) Кепілдік күшінің мерзімі ● Техникалық деректер жапсырмасы(лары) — компьютер туралы техникалық ақпаратты береді. ● Сымсыз куәлік беру туралы жапсырма(лар) — қосымша сымсыз құрылғылар туралы ақпаратты және осы құрылғылардың қолданылуы мақұлданған елдер немесе аймақтардың мақұлдау таңбаларын қамтамасыз етеді.
2 Экранда шарлау Экран бойынша келесі әдістермен жылжуға болады: ● Тікелей компьютер экранынан сенсорлы қимылдарды пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде). ● Сенсорлы қимылдарды сенсорлы тақтада пайдаланыңыз. Сенсорлы тақтаны және сенсорлы экран қимылдарын пайдалану Сенсорлы тақта жұмыс үстеліндегі элементтерді басқару үшін, саусақтарыңызбен түрту және айналдыру қимылдарын жасауға мүмкіндік береді.
Жылжыту (тек сенсорлы тақтада) Жылжу қимылы — бетте немесе суретте жоғары, төмен қарай немесе көлденең жылжу кезінде қажет әрекет. Кез келген жақта көруге болатын мазмұн болса, сол жаққа немесе оң жаққа екі саусақпен жылжу қимылы экранды жылжытады немесе веб-шолғыш тарихы бойынша алға және кері жылжытады. Жылжыту үшін екі саусақты сенсорлы тақтаның үстіне бөлек қойып, оларды сенсорлы тақта арқылы жоғары, төмен, сол немесе оң жаққа қарай апарыңыз.
Бір саусақты сырғыту (тек сенсорлы тақтада) Сол немесе оң жаққа бір саусақпен жылжу веб-шолғыш тарихы арқылы артқа және алға жылжиды. Жылжу үшін саусақтарыңызды сенсорлы экранға орналастырып, оларды сенсорлық экран үстінен сол немесе оң жаққа қарай сүйреп апарыңыз. ЕСКЕРТПЕ: 10 Жылжу жылдамдығы саусақ жылдамдығы арқылы басқарылады.
Бір саусақты сырғыту (тек сенсорлы экранда) Бір саусақты жоғары жаққа сырғыту сөрені жасырады немесе көрсетеді. Бағдарламаларды оңай табу үшін жиі пайдаланылатын ендер тізімі сөреде көрсетіледі. Саусақты сырғыту үшін саусағыңызды экранның үстіне орналастырып, қысқа қашықтыққа тез сырғытып экран бетінен көтеріңіз. Сенсорлы экранда екі саусақпен қысып масштабтау қимылы (тек сенсорлы экранда) Екі саусақ көмегімен қысып масштабтау қимылдары суретті немесе мәтінді кішірейтуге немесе үлкейтуге мүмкіндік береді.
3 Әрекет пернелерін пайдалану Әрекет пернелерін пайдалану ● Перненің тағайындалған функциясын іске қосу үшін пернені басыңыз. ● Әрбір әрекет пернесіндегі белгіше сол перненің функциясын білдіреді. Белгіше 12 Перне Сипаттама esc Іздеу немесе shift сияқты пернелермен бірге басылғанда орындалатын компьютер функцияларын іске қосады. Артқа Шолғыш журналындағы алдыңғы бетті ашады. Алға Шолғыш журналындағы келесі бетті ашады. Қайта жүктеу Ағымдағы бетті қайта жүктейді.
Белгіше Перне Сипаттама ● Қосылған компьютерді өшіргіңіз келсе, қуат түймешігін басып ұстап тұрыңыз. Әрекеттер пернелері және пернетақта пернелерінің тіркесімдері туралы қосымша ақпаратты https://support.google.com/chromebook/answer/183101 бөлімінен қараңыз. Тілді беттің төмен бөлігінде таңдаңыз.
4 Қуат және батарея Зауытта пломбаланған батарея Осы құрылғыдағы батареяны (батареяларды) пайдаланушы арқылы оңай ауыстыруға болмайды. Батареяны алу немесе ауыстыру кепілдік күшіне әсер етуі мүмкін. Егер батареяның заряды тез бітетін болса, қолдау қызметімен хабарласыңыз. Батареяны пайдалану мерзімі аяқталғанда, оны жалпы үй қалдықтарымен бірге қоқысқа тастамаңыз. Батареяны қоқысқа тастау кезінде, жергілікті заңдарды және аймағыңызда қолданылатын ережелерді орындаңыз. Батареяны зарядтау 1.
5 Басып шығару Компьютеріңізден басып шығару үшін келесі әдістердің бірін қолданыңыз. ● Chrome шолғышынан басып шығару ● Google CloudTM Print онлайн басып шығару қызметі арқылы басып шығару ЕСКЕРТПЕ: Chrome үшін HP Print қызметін пайдаланған кезде, принтерді Google Cloud Print қызметінде тіркеуге болмайды. Chrome шолғышынан басып шығару Chrome шолғышынан басып шығару үшін Chrome қолданбасына арналған HP Print бағдарламасын пайдаланыңыз.
6 Қосымша HP ресурстары Қосымша HP ресурстары Өнім туралы егжей-тегжейлі деректерді, практикалық нұсқаулық ақпаратын және қосымша мәліметтерді қамтамасыз ететін ресурстарды табу үшін, мына кестені қараңыз.
7 Электростатикалық разряд Электростатикалық ток соғу — екі зат қатынасқа түскен кезде статикалық электр тогының соғуы, мысалы, кілем үстінде тұрып есіктің темір тұтқасын ұстағаннан болатын ток соғу. Саусақтар немесе басқа электростатикалық разряд өткізгіштерінен шығатын статикалық электр қуатының разряды электрондық бөліктерге зақым келтіруі мүмкін.
8 Қолжетімділік HP мүмкіндіктері шектеулі адамдарды қоса барлығы пайдалана алатын өнімдер мен қызметтерді оқшаулы түрде немесе тиісті көмекші құрылғылармен жасақтайды, өндіреді және нарыққа шығарады. Қолдау көрсетілетін көмекші технологиялар HP өнімдері операциялық жүйенің әр түрлі көмекші технологияларына қолдау көрсетеді және оларды қосымша көмекші технологиялармен жұмыс істеуге теңшеуге болады. Көмекші мүмкіндіктер туралы қосымша ақпаратты табу үшін құрылғыдағы Іздеу мүмкіндігін пайдаланыңыз.
Индекс А ағытпа, қуат 1 Айнымалы ток адаптерінің шамы анықтау 1, 2 астыңғы жағы 7 аудио кіріс (микрофон) ұясы, анықтау 2 аудио шығыс (құлақаспап) ұясы, анықтау 2 Ә әрекеттер пернелері 12 esc 12 алға 12 артқа 12 дыбыс деңгейін жоғарылату 12 дыбыс деңгейін төмендету 12 дыбысты өшіру 12 жарықтық деңгейін жоғарылату 12 жарықтық деңгейін төмендету 12 қуат түймешігі 12 толық экран 12 Б басып шығару 15 бөліктер астыңғы 6 дисплей 3 жоғарыдан қарағандағы көрінісі 4 оң жағы 1 сол жақ 2 В веб-камера, анықтау 3 веб-кам
U USB 3.