Пайдаланушы нұсқаулығы
© Copyright 2016 HP Development Company, L.P. Bluetooth өз меншік иесінің сауда белгісі болып табылады және оны HP Inc. компаниясы лицензия бойынша пайдаланады. Intel, Celeron және Pentium – Intel корпорациясының АҚШ-тағы және басқа елдердегі сауда белгілері. Microsoft – тіркелген сауда белгісі немесе АҚШ және/ немесе басқа елдердегі Microsoft корпорациясының сауда белгісі. DTS патенттері туралы ақпаратты алу үшін http://patents.dts.com сілтемесін таңдаңыз.
Қауіпсіздік туралы ескерту хабары АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетумен байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты қызып кету жағдайын азайту үшін компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа желдеткішін бітемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беттің үстіне қойып пайдаланыңыз. Қасында тұрған қосымша принтер сияқты қатты беттің немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ беттің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз.
iv Қауіпсіздік туралы ескерту хабары
Процессордың конфигурация параметрі (тек таңдаулы өнімдерде) МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Таңдаулы өнімдер Intel ® Pentium ® N35xx/N37xx сериялы немесе Celeron ® N28xx/N29xx/N30xx/N31xx сериялы процессормен және Windows ® операциялық жүйесімен жабдықталады. Жоғарыда сипатталған компьютерде msconfig.exe файлында процессордың конфигурациялық параметрлерін 4 немесе 2 процессордан 1 процессорға өзгертпеңіз. Егер өзгертсеңіз, компьютер қайта қосылмайды.
vi Процессордың конфигурация параметрі (тек таңдаулы өнімдерде)
Maзмұны 1 Қосылғанда жанатын шам ........................................................................................................................... 1 HP Apps Store дүкеніне өту .................................................................................................................................. 1 Ең жақсы тәжірибе .............................................................................................................................................. 1 Қосымша HP ресурстары ........
5 Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану .................................................................................................... 23 Камераны пайдалану ........................................................................................................................................ 23 Дыбысты пайдалану ......................................................................................................................................... 23 Үндеткіштерді қосу ...............................
Компьютер күту күйінен шыға алмайтын кезде төмен батарея деңгейін шешу .............................................................................................................................. 35 Айнымалы қуатпен жұмыс істеу ...................................................................................................................... 35 Қуат мәселелерін шешу ..................................................................................................................
11 HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) пайдалану ............................................................................................ 51 HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) құралын USB құрылғысына жүктеу ....................................................... 51 12 Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару және қалпына келтіру ................................................ 53 Қалпына келтіру дискісін және сақтық көшірмелерді жасау ....................................................................
1 Қосылғанда жанатын шам Бұл компьютер жұмыс істеуді және көңіл көтеруді жақсартуға арналған қуатты құрал болып табылады. Компьютерді орнату жасалғаннан кейін орындауға болатын ең жақсы амалдар, компьютермен жасауға болатын қызықты әрекеттер және қосымша HP ресурстарын табуға болатын орындар туралы білу үшін, осы бөлімді оқып шығыңыз.
Қосымша HP ресурстары Өнім туралы егжей-тегжейлі деректерді, практикалық нұсқаулық ақпаратын және қосымша мәліметтерді қамтамасыз ететін ресурстарды табу үшін, мына кестені қараңыз. Ресурстар Мазмұны Орнату нұсқаулары ● Компьютердің параметрлерін орнатуға және мүмкіндіктеріне жалпы шолу НР қолдау қызметі ● HP маманымен желіде сөйлесу НР қолдау қызметін пайдалану үшін http://www.hp.com/support мекенжайына өтіңіз.
Ресурстар Мазмұны – немесе – ▲ Пуск (Бастау) түймесін басып, Все программы (Барлық бағдарламалар), НР, одан кейін Документация НР (НР құжаттары) тармақтарын таңдаңыз. – немесе – ▲ Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында поддержка (қолдау) сөзін жазып, HP Support Assistant бағдарламасын таңдаңыз. Мой ПК (Менің ДК) опциясын, Спецификации (Сипаттамалар) қойыншасын, Руководства пользователя (Пайдаланушы нұсқаулықтары) опциясын таңдаңыз.
Ресурстар Мазмұны МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Пайдаланушы нұсқаулығының ең соңғы нұсқасын ашу үшін Интернетке қосылу қажет. НР Шектеулі кепілдігін өнімдегі және/немесе қорапта қамтамасыз етілген ықшам дискіде немесе DVD дискісіндегі пайдаланушы нұсқаулықтарында табуға болады. Кейбір елдерде немесе аймақтарда НР компаниясы басылған кепілдігін қорапта ұсынады. Басылған түрдегі кепілдік берілмейтін елдерде/аймақтарда оның басылған көшірмесін http://www.hp.com/go/orderdocuments мекенжайы бойынша сұрауға болады.
2 Компьютермен танысу Аппараттық құралдардың орналасқан жерлері Компьютерге орнатылған аппараттық құралдарды көру үшін: ▲ Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында диспетчер устройств (құрылғылар басқарушысы) деп теріп, Диспетчер устройств (Құрылғылар басқарушысы) қолданбасын таңдаңыз. Компьютерге орнатылған барлық құрылғылар тізімде көрсетіледі. Жүйенің аппараттық құралдарының компоненттері және жүйенің BIOS нұсқасының нөмірі туралы ақпарат алу үшін fn+esc пернелерін басыңыз (тек таңдаулы өнімдерде).
Оң жақ Бөлік (1) Сипаттама шағын SD жад картасын оқу құрылғысы Ақпарат сақталатын, басқарылатын, ортақ пайдаланылатын немесе ашылатын қосымша жад карталарын оқиды. Картаны салу үшін: 1. Қосқыштарын компьютерге қаратып, картаның жапсырма жағын жоғары қаратып ұстаңыз. 2. Картаны жад картасын оқу құрылғысына енгізіп, нық отырғанша үстінен басыңыз. Картаны алып тастау үшін: ▲ Картаны басып, оны жад картасын оқу құрылғысынан алып тастаңыз.
Сол жақ Бөлік (1) Сипаттама Аудио шығыс (гарнитура) ұясы/Аудио кіріс (микрофон) тізбекті ұяшығы Токқа қосылатын қосымша стерео үндеткіштер, құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспаптар, гарнитура немесе теледидар дыбыс кабелі қосылады. Сонымен қатар, қосымша гарнитура микрофонын қосады. Бұл ұяшық қосымша автономды микрофонды қолдамайды. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспап немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз.
Дисплей Бөлік Сипаттама (1) WLAN антенналары (2)* Сымсыз жергілікті желілермен (WLAN) байланыста болу үшін сымсыз байланыс сигналдарын жібереді және қабылдайды. (2) Камера Чатты түсіру, бейнені жазу және фотосуреттерді жазу мүмкіндігін береді. Камераны пайдалану үшін Камераны пайдалану (23-бет) бөлімін қараңыз: ЕСКЕРТПЕ: Бұл компьютердің дисплей қақпағының артқы жағында екінші камера бар. (3) Камера шамы Қосулы: Камера пайдаланылуда. (4) Үндеткіштер (2) Дыбыс шығарады.
Бөлік ▲ Сипаттама Пуск (Бастау) түймесін басып, Все программы (Барлық бағдарламалар), Справка и поддержка НР (НР анықтамасы және қолдау), одан кейін Документация НР (НР құжаттары) тармақтарын таңдаңыз. Үстіңгі жиек Бөлік (1) Сипаттама Қуат түймешігі ● Планшет өшірулі болғанда, қосу үшін түймешікті басыңыз. ● Планшет қосулы болғанда, ұйқы күйін қосу үшін түймешікті басып қалыңыз. ● Планшет ұйқы күйінде болғанда, ұйқы күйінен шығару үшін түймешікті тез басып қалыңыз.
Жапсырмалар Компьютерге жапсырылған жапсырмалар жүйе ақаулықтарын жойғанда немесе компьютер алып шетелге саяхатқа шыққанда қажет болуы мүмкін. МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Осы бөлімде сипатталған жапсырмалар туралы ақпаратты алу үшін келесі орындарға қараңыз: компьютердің астыңғы жағы, батарея ұясында, қызмет көрсету есігінің астында немесе дисплейдің артында. ● Сервистік жапсырма компьютерді анықтауға арналған маңызды ақпаратты қамтамасыз етеді.
Бөлік (4) Сериялық нөмір (5) Кепілдік күшінің мерзімі ● Техникалық деректер жапсырмасы(лары) – компьютер туралы техникалық ақпаратты береді. ● Сымсыз куәлік беру туралы жапсырма(лар) – қосымша сымсыз құрылғылар туралы ақпаратты және осы құрылғылардың қолданылуы мақұлданған елдер немесе аймақтардың мақұлдау таңбаларын қамтамасыз етеді.
3 Пернетақта негізін пайдалану Пернетақта негізінің құрамдас бөлшектері Жоғарғы жағы Бөлік Сипаттама (1) esc пернесі fn пернесімен бірге басылған кезде жүйе ақпараты көрсетіледі. (2) fn пернесі esc пернесімен бірге басқанда немесе әрекет пернелерімен не бос орын пернесімен бірге басқанда, жиі қолданылатын жүйелік функцияларды орындайды. (3) Windows пернесі Пуск (Бастау) мәзірін ашады. (4) Әрекеттер пернелері Жиі қолданылатын жүйелік функцияларды орындайды.
Белгіше Сипаттама Начало работы (Жұмысқа кірісу) бағдарламасын ашады. Бұл пернені басып тұрғанда экран жарықтығы қадам бойынша төмендетіледі. Бұл пернені басып тұрғанда, экран жарықтығы қадам бойынша жоғарылатылады. Жүйеге қосылған дисплейлердің арасында экран суретін ауыстырып көрсетеді. Мысалы, егер монитор компьютерге қосылған болса, осы перне басылғаннан кейін экран кескіні компьютер дисплейінен монитор дисплейіне ауыстырылып, компьютер мен монитордың екеуінде көрсетіледі.
Шамдар Бөлік 14 Сипаттама (1) Caps lock шамы Қосулы: пернелердің барлығын бас әріп ететін «Caps lock» пернесі басылған. (2) Дыбысты өшіру шамы ● Сары: компьютер дыбысы өшірулі. ● Өшірулі: компьютер дыбысы қосулы.
Сенсорлы тақта Бөлік Сипаттама (1) Сенсорлы тақта аймағы Меңзерді жылжыту немесе экрандағы элементтерді ашу үшін саусақпен орындалатын қимылдарды оқиды. (2) Сол жақ басқару аймағы Қосымша әрекеттерді орындауға мүмкіндік беретін таңбаланған аймақ. ЕСКЕРТПЕ: Басқа да қимылдар туралы қосымша ақпаратты Сенсорлы тақтаны және сенсорлы экран қимылдарын пайдалану (27-бет) бөлімінен көріңіз. (3) Оң жақ басқару аймағы Қосымша әрекеттерді орындауға мүмкіндік беретін таңбаланған аймақ.
Планшетті пернетақтаның тұғырына жалғау Планшетті пернетақтаның тұғырына жалғау үшін, планшеттің қондыру портын пернетақта тұғырының қондыру қосқышына енгізіңіз. ЕСКЕРТУ: Пернетақтаның қатты дискісі болса, пернетақтаны алмас бұрын қатты дискіні ажырату қажет. Егер пернетақта алмастан бұрын ажыратылмаған болса, қатты диск зақымдалуы мүмкін және деректер файлдары бүлінуі мүмкін. Планшетті пернетақтаның қондырмасынан алу үшін: 1.
2. Босату үшін планшеттің бір бұрышын (1) жоғары қарай көтеріңіз.
4 Желіге қосылу Осы компьютермен кез келген жерге саяхаттауға болады. Алайда, компьютер мен сымсыз не сымды желі байланысын пайдаланып үйде отырып та дүние жүзін шарлап, миллиондаған веб-тораптардың ақпараттарына қол жеткізуге болады. Осы тараудағы ақпарат әлеммен байланысуға көмектеседі.
Ұшу режимі пернесі Компьютерде ұшу режимі пернесі, бір немесе бірнеше сымсыз құрылғылар және бір немесе бірнеше сымсыз байланыс шамы бар. Компьютердегі сымсыз құрылғылардың барлығы зауытта іске қосылады. Сымсыз байланыс шамы жеке құрылғылардың емес, сымсыз құрылғылардың жалпы қуат күйін анықтайды. Амалдық жүйе басқару элементтері Желі және ортақ қолдану орталығы қосылымды немесе желіні орнатуға, желіге қосылуға, желі ақаулықтарын тексеруге және жөндеуге мүмкіндік береді.
НР Мобильді кең жолақты модулін пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде) HP мобильді кең жолақты компьютеріңізде кең ауқымды мобильді қызметке қолдау көрсетілген. Жаңа компьютерді мобильді оператордың желісімен пайдаланғанда Интернетке қосылу, электрондық пошта жіберу немесе корпоративтік желіге қосылу Wi-Fi жылдам қосылу нүктесінсіз мүмкін болады. Мобильді байланыстың кең жолақты қызметін іске қосу үшін, HP мобильді байланыстың кең жолақты желі модулінің IMEI және/немесе MEID нөмірі керек болуы мүмкін.
● Сурет түсіретін құрылғылар (принтер, камера) ● Дыбыстық құрылғылар (гарнитура, үндеткіштер) ● Тінтуір ● Сыртқы пернетақта Bluetooth құрылғысы Bluetooth құрылғыларының PAN желісін орнатуға мүмкіндік беретін тең дәрежелі мүмкіндікті қамтамасыз етеді. Bluetooth құрылғыларының параметрлерін реттеу және оларды пайдалану туралы ақпаратты Get started (Жұмысқа кіріскенде) бағдарламасынан қараңыз. ▲ Пуск (Бастау) түймешігін басыңыз және Get started (Жұмысқа кіріскенде) бағдарламасын таңдаңыз.
2. Желілік кабелдің екінші ұшын желінің қабырға ұясына (2) немесе жол жоспарлағышқа жалғаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Желі кабелінің теледидар мен радио кедергілерінен қорғайтын кедергілерді басу схемасы (3) бар болса, кабельдің осы схема орналасқан ұшын компьютерге қарай бағыттаңыз. Мәліметтер мен диск жетектерін ортақ пайдалану және бағдарламалық құралдарды ашу Компьютер желінің бір бөлігі болып тұрғанда, тек компьютерде сақтаулы ақпаратты пайдаланумен шектеліп қалмайсыз.
5 Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану Веб-камера арқылы байланысу, музыканы тыңдау және басқару, бейнефильмдерді жүктеу және көру амалдарын орындау үшін HP компьютерін көңіл көтеру орталығы ретінде пайдаланыңыз. Компьютеріңізді бұдан да қуатты көңіл көтеру орталығына айналдыру үшін, монитор, проектор, теледидар немесе үндеткіштер мен құлақаспаптар сияқты жоғары ажыратымдылықты сыртқы құрылғыларды жалғаңыз.
Құлақаспаптарды қосу АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспаптар немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс қаттылығын төмендетіңіз. Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат алу үшін Заңдық, қауіпсіздік және қоршаған орта ескертулерінен қараңыз. Бұл құжатты ашу үшін ▲ Пуск (Бастау) түймесін басып, Все программы (Барлық бағдарламалар), Справка и поддержка НР (НР анықтамасы және қолдау), одан кейін Документация НР (НР құжаттары) тармақтарын таңдаңыз.
(Аппараттық құрал және дыбыс) опциясын таңдап, аудио жүйесіне тән дыбысты басқару панелін таңдаңыз. – немесе – Пуск (Бастау) түймесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Панель управления (Басқару тақтасы) пәрменін таңдап, Аппаратное обеспечение и звук (Аппараттық құралдар және дыбыс) таңдап, аудио жүйесіне тән дыбысты басқару панелін таңдаңыз.
● Кеңейтілген: экрандағы кескінді компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен көру. ● Екінші экран ғана: экрандағы кескінді тек сыртқы құрылғыдан көру. f4 пернесі басылған сайын, көрсету күйі өзгереді. ЕСКЕРТПЕ: Жақсы нәтиже үшін, егер «Расширение» (Кеңейту) опциясы таңдалған болса, сыртқы құрылғының экран ажыратымдылығын мына жолмен реттеңіз.
6 Экранда шарлау Компьютер экраны бойынша келесі әдістермен жылжуға болады: ● Тікелей компьютер экранынан сенсорлық қимылдарды пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде) ● Сенсорлы қимылдарды сенсорлы тақтада пайдалану ● Пернетақтаны және қосымша тінтуірді пайдалану (тінтуір бөлек сатылады) ● Экрандық пернетақтаны пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде) Сенсорлы тақтаны және сенсорлы экран қимылдарын пайдалану Сенсорлы тақта қарапайым саусақ қозғалыстарымен компьютер экранында шарлауға және меңзерді басқаруға м
● Кішірейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақта аймағында немесе сенсорлы экранға арасын алшақ қойып, одан кейін олардың арасын жақындатыңыз. ● Үлкейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақта аймағында немесе сенсорлы экранда бірге қойып, олардың арасын ашыңыз. Екі саусақты сырғыту (тек сенсорлы тақтада) Екі саусақпен жылжыту қимылын бетте немесе кескінде жоғары, төмен қарай немесе жан-жаққа жылжыту үшін пайдаланыңыз.
● Әрекет орталығын ашу және ағымдағы параметрлер мен хабарландыруларды көру үшін сенсорлы тақтаны төрт саусақпен түртіңіз. Үш саусақты сырғыту (тек сенсорлы тақтада) Ашық терезелерді көру үшін және ашық тұрған терезелер мен жұмыс үстелі арасында ауысу үшін үш саусақты сырғыту қимылын пайдаланыңыз. ● Ашық тұрған барлық терезелерді көру үшін 3 саусағыңызды өзіңізден сырғытыңыз. ● Жұмыс үстелін көрсету үшін 3 саусағыңызды өзіңізге қарай сырғытыңыз.
Пернетақтаны және қосымша тінтуірді пайдалану Пернетақта және қосымша тінтуір теруге, элементтерді таңдауға, айналдыруға және сенсорлы экрандағы қимылдармен бірдей функцияларды орындауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, пернетақта арнайы функцияларды орындау мақсатымен әрекет пернелері мен жылдам пернелер тіркесімдерін пайдалануға мүмкіндік береді. ЕСКЕРТПЕ: Еліңізге/аймағыңызға байланысты, пернетақтаның пернелері мен пернетақта функциялары осы бөлімде сипатталғаннан өзгешелеу болуы мүмкін.
7 Қуат басқару Бұл компьютер батарея қуатымен немесе сыртқы қуат көзіне қосу арқылы жұмыс істейді. Егер компьютер батарея қуатымен жұмыс істейтін болса және батареяны зарядтау үшін оны АТ қуат көзіне жалғау мүмкін болмаса, батарея зарядын бақылау және үнемдеу өте маңызды. Ұйқылық режимді және күту күйін қосу және одан шығу ЕСКЕРТУ: Компьютердің Ұйқы режимінде бірнеше осал тараптары бар.
Күту күйін қолмен бастау және шығу (тек таңдаулы өнімдерде) Пайдаланушы арқылы қосылатын күту күйін қосу және басқа қуат параметрлері мен күту үзілістерін өзгерту үшін «Қуат параметрлері» пәрменін пайдаланыңыз. 1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында электропитание (қуат параметрлері) сөзін жазып, одан кейін Электропитание (Қуат параметрлері) тармағын таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Пайдаланушы есептік жазбасының құпия сөзін жасау немесе ағымдағы құпия сөзді өзгерту үшін Создание или изменение пароля учетной записи пользователя (Пайдаланушы есептік жазбасының құпия сөзін жасау немесе өзгерту) тармағын таңдап, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Пайдаланушы есептік жазбасының құпия сөзін жасау немесе өзгерту қажет болмаған жағдайда, 5-қадамға өтіңіз. 5. Сохранить изменения (Өзгертулерді сақтау) параметрін таңдаңыз.
болса, қолдау қызметімен хабарласыңыз. Батареяны пайдалану мерзімі аяқталғанда, оны жалпы үй қалдықтарымен бірге қоқысқа тастамаңыз. Батареяны қоқысқа тастау кезінде, жергілікті заңдарды және аймағыңызда қолданылатын ережелерді орындаңыз. Батарея ақпаратын табу Батарея туралы ақпаратқа қол жеткізу үшін: 1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында поддержка (қолдау) сөзін жазып, HP Support Assistant бағдарламасын таңдаңыз. – немесе – Тапсырмалар тақтасындағы сұрау белгісінің белгішесін басыңыз. 2.
ЕСКЕРТПЕ: Қуат көрсеткіші туралы қосымша ақпарат алу үшін, Қуат көрсеткішін және қуат параметрлерін қолдану (33-бет) бөлімін қараңыз. Өте төмен батарея деңгейі кезінде компьютер төмендегі әрекеттерді орындайды: ● Күту күйі ажыратылған кезде және компьютер қосулы немесе ұйқы күйінде болғанда, компьютер қысқа уақытқа ұйқы күйіне өтеді және одан кейін өшеді. Барлық сақталмаған ақпарат жоғалады.
Компьютер сыртқы қуат көзіне жалғанған кезде: ● Батарея зарядтала бастайды. ● Экран жарықтығы жоғарылайды. ● Қуат көрсеткіші белгішесінің көрінісі өзгереді. АТ көзінен ажырату кезінде: ● Компьютер батарея қуатына көшеді. ● Батареяның қызмет ету мерзімін сақтау үшін, экран жарықтығы автоматты түрде азаяды. ● Қуат көрсеткіші белгішесінің көрінісі өзгереді.
Компьютерді қуат түймешігі арқылы да өшіруге болатынымен, ұсынылатын үрдіс Windows жүйесінің Завершение работы (Жұмысты аяқтау) пәрменін қолдану болып табылады. ЕСКЕРТПЕ: Компьютер ұйқылық режимде немесе күту күйінде болғанда, қуат түймешігін басып қалу арқылы ұйқылық режимнен немесе күту күйінен шығу қажет. 1. Жұмысыңызды сақтап, барлық ашық бағдарламаларды жабыңыз. 2. Пуск (Бастау) түймешігін басып, Питание (Қуат) белгішесін, содан кейін Завершение работы (Жұмысты аяқтау) белгішесін таңдаңыз.
8 Компьютерге техникалық қызмет көрсету Компьютерді оңтайлы күйде сақтау үшін, оған жүйелі түрде техникалық қызмет көрсету маңызды болып табылады. Бұл тарауда Дискіні дефрагментациялау және Дискіні тазалау құралдарын пайдалану жолдары түсіндіріледі. Сонымен қатар, бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту нұсқаулары, компьютерді тазалау жөнінде қадамдар және компьютерді сапарға алып шығуға (немесе оны тасымалдауға) арналған кеңестер қамтамасыз етіледі.
HP 3D DriveGuard бағдарламасын (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану Төмендегі жағдайлардың біреуі орын алса, HP 3D DriveGuard бағдарламасы дискіні өшіру және дерек сұрауларын тоқтату арқылы қатты дискіні қорғайды. ● Сіз компьютеріңізді құлатып алдыңыз. ● Батарея қуатынан қосылып тұрған компьютерді оның дисплейі жабулы күйінде жылжытасыз. Бұл оқиғалардың біреуі аяқталғаннан кейінгі қысқа мерзімде HP 3D DriveGuard қатты дискіні қалыпты жұмыс жағдайына қайтарады.
Компьютерді тазалау Компьютерді қауіпсіз түрде тазалау үшін келесі өнімдерді пайдаланыңыз: ● Диметил бензил аммоний хлоридінің 0,3 пайыздық тұнбасы (мысалы, әртүрлі компаниялар шығарған бір рет қолданылатын сүрткіштер түрінде) ● Құрамында спирті жоқ әйнек тазалағыш сұйықтық ● Су және жұмсақ сабын қосылған ерітінді ● Құрғақ микроталшықты тазалау шүберегі немесе күдері (майланбаған жұмсақ антистатикалық шүберек) ● Антистатикалық шүберек майлықтар ЕСКЕРТУ: Компьютерді бір жолға зақымдауы мүмкін қатты
ЕСКЕРТУ: Ішкі бөліктерді зақымдамау үшін, сұйықтықтардың пернелер арасына тамшылап түсуіне жол бермеңіз. ● Сенсорлы тақта, пернетақта немесе тінтуірді тазалау үшін, бұрын аталған тазалау сұйықтықтарының біреуіне суланған жұмсақ микроталшық матаны, күдеріні немесе бір рет пайдаланылатын бір рет қолданылатын майлықты пайдаланыңыз. ● Пернелердің жабысып қалуын болдырмай, пернетақтадан шаңды, талшықтарды және қоқымдарды кетіру үшін түтігі бар қаңылтыр бөтелкедегі қысылған ауаны пайдаланыңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток соғуы, өрт шығуы немесе жабдықтың зақымдануы сияқты қауіпті азайту үшін, компьютерді жабдықтар үшін сатылатын кернеуді түрлендіру жинағы арқылы қоспаңыз.
9 Компьютер мен ақпаратты қорғау Компьютер қауіпсіздігі ақпараттың құпиялылығы, сенімділігі мен қолжетімділігін қорғау үшін өте маңызды. Windows амалдық жүйесі, HP бағдарламалары, Setup Utility (BIOS) құралы және басқа үшінші тарап бағдарламалық құралдары қамтамасыз ететін стандартты қауіпсіздік шешімдері компьютерді вирустар, «құрттар» сияқты түрлі қауіп-қатерлерден және зиян келтіретін код түрлерінен қорғауға көмектесе алады. МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: болмауы мүмкін.
Құпиясөз Қызмет ЕСКЕРТПЕ: Осы құпиясөз арқылы Setup Utility (BIOS) мазмұнына кіру мүмкін емес. Setup Utility (BIOS) құпия сөздерін орнату Құпиясөз Қызмет Әкімші құпия сөзі ● Оны Setup Utility (BIOS) құралына кірген сайын енгізу қажет. ● Әкімші құпия сөзін ұмытып қалған жағдайда, Setup Utility (BIOS) утилитасына кіру мүмкін болмайды. ● Оны компьютерді қосқан не қайта бастаған сайын немесе күту күйінен шыққан сайын енгізу қажет.
Windows Hello мүмкіндігін пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) Саусақ ізін оқу құрылғысымен немесе қосымша инфрақызыл камерамен жабдықталған өнімдерде Windows Hello мүмкіндігі көмегімен жүйеге саусақты сырғыту немесе камераға қарау арқылы кіруге болады. Windows Hello мүмкіндігінің параметрлерін орнату үшін, осы қадамдарды орындаңыз: 1.
Екі түрлі желіаралық қалқанның ішінен таңдауға болады: ● Хостқа негізделген желіаралық қалқан — тек орнатылған компьютерді қорғайтын бағдарламалық құрал. ● Желіге негізделген желіаралық қалқандар — DSL немесе кабельдік модемнің және үй желісінің арасына орнатылып, желідегі барлық компьютерлерді қорғайды. Желіаралық қалқан орнатылғаннан соң жүйеге және жүйеден жіберілген барлық деректер тексеріліп пайдаланушы анықтаған қауіпсіздік белгілері бойынша салыстырылады.
Бағдарламалық құрал қолданбаларының және мәліметтеріңіздің сақтық көшірмелерін жасау Бағдарламалық құрал қолданбаларын және мәліметтеріңізді вирус шабуылы салдарынан немесе бағдарламалық не аппараттық құралдың ақаулығынан жоғалу немесе зақымдау қатерінен қорғау үшін олардың сақтық көшірмелерін үнемі жасап жүріңіз.
10 Setup Utility (BIOS) утилитасын пайдалану Setup Utility немесе BIOS (Basic Input/Output System) жүйедегі бүкіл кіріс және шығыс құрылғыларының (мысалы, диск жетектері, монитор, пернетақта, тінтуір және принтер) арасындағы байланысты басқарады. Setup Utility (BIOS) ішінде орнатылған құрылғылардың параметрлері, компьютердің жүктелу реті және жүйе мен кеңейтілген жадтың көлемі қамтылған.
BIOS нұсқасы (ROM деректері және Жүйе BIOS атауларымен белгілі) туралы ақпаратты көрсету үшін, мына опциялардың біреуін пайдаланыңыз. ● HP Support Assistant 1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында поддержка (қолдау) сөзін жазып, HP Support Assistant бағдарламасын таңдаңыз. – немесе – Тапсырмалар тақтасындағы сұрау белгісінің белгішесін басыңыз. 2. ● ПК (ДК), содан кейін Спецификации (Сипаттамалар) тармағын таңдаңыз. Setup Utility (BIOS) 1.
идентификаторын жазып алыңыз. Бұл ақпарат жаңарту файлы қатты дискіге жүктелгеннен кейін оны табу үшін қажет болуы мүмкін. ә. Таңдауыңызды қатты дискіге жүктеп алу үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз. BIOS жаңартуы жүктеліп алатын қатты дискідегі орынға жолды жазып алыңыз. Сіз жаңартуды орнатуға дайын болғаныңызда бұл жол бойынша файлды табасыз. BIOS нұсқасын орнату іс реттері әртүрлі екен. Жүктеп алу үрдісі аяқталғаннан кейін экранға шығарылатын нұсқауларды орындаңыз.
11 HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) пайдалану HP PC Hardware Diagnostics – бірыңғай кеңейтілетін ішкі бағдарламалық құрал интерфейсі (UEFI). Бұл құрал компьютердің аппараттық құралдарының дұрыс жұмыс істейтінін анықтау үшін диагностикалық сынақтарды жүргізуге мүмкіндік береді. Құрал амалдық жүйенің сыртында жұмыс істейді және амалдық жүйенің өзі немесе басқа бағдарламалық құралдар бөліктері туындауы мүмкін аппараттық құралдың ақаулықтарын бөлектейді.
UEFI құралының ең соңғы нұсқасын жүктеп алу 1. http://www.hp.com/go/techcenter/pcdiags веб-торабына өтіңіз. HP PC Diagnostics басты беті көрсетіледі. 2. HP PC Hardware Diagnostics бөліміндегі Загрузка (Жүктеу) сілтемесін басып, Выполнить (Орындау) пәрменін таңдаңыз. Белгілі бір өнімге арналған кез келген UEFI нұсқасын жүктеп алу 1. http://www.hp.com/support веб-торабына өтіңіз. 2. Загрузка ПО и драйверов (Бағдарламалық құрал мен драйверлерді жүктеп алу) қойыншасын таңдаңыз. 3.
12 Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару және қалпына келтіру Бұл тарауда төмендегі процестер туралы ақпарат беріледі. Тараудағы ақпарат өнімдер үлгілерінің көбі үшін стандартты процедура болып есептеледі. ● Қалпына келтіру дискісін және сақтық көшірмелерді жасау ● Жүйеңізді бастапқы қалпына келтіру және қалыпқа келтіру Қосымша ақпаратты HP Support Assistant бағдарламасынан қараңыз.
● Егер компьютерде Windows бөлімі немесе Recovery бөлімі болмаса, қалпына келтіру медиасын қолдау қызметінен алуға болады. Осы компьютермен жабдықталған Worldwide Telephone Numbers (әлем бойынша қызмет көрсету телефондары) кітапшасын қараңыз. Әрі байланыс ақпаратын HP веб-торабында табуға болады. http://www.hp.com/support мекен-жайын ашып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Жүйені қалпына келтіру нүктелерін жасау және жеке мәліметтердің сақтық көшірмелерін жасау үшін Windows құралдарын пайдалануға болады.
1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында восстановление (қалпына келтіру) сөзін жазып, одан кейін HP Recovery Manager тармағын таңдаңыз. 2. Қалпына келтіру медиа құралын жасау тармағын таңдаңыз, одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Жүйені қалпына келтіру қажет болса, ақпаратты HP Recovery Manager арқылы қалпына келтіру (56-бет) бөлімінен қараңыз.
параметрлерге келтіру опциясын пайдалануға болады. Қосымша ақпаратты HP Recovery Manager арқылы қалпына келтіру (56-бет) бөлімінен қараңыз. ● Таңдаулы өнімдерде, егер қатты диск орнын босату үшін қалпына келтіру бөлімін жойғыңыз келсе, HP Recovery Manager бағдарламасы Remove Recovery Partition (Қалпына келтіру бөлімін жою) опциясын ұсынады. Қосымша ақпаратты HP Recovery бөлімін жою (тек таңдаулы өнімдерде) (58-бет) бөлімінен қараңыз.
Содан кейін, амалдық жүйе мен зауытта орнатылған бағдарламалық құралдарды қайта орнатады. HP Recovery бөлімі (тек таңдаулы өнімдерде) Жүйені қалпына келтіру мүмкіндігін береді. HP Recovery бөлімін пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде) HP Recovery бөлімі қалпына келтіру дискілерін немесе қалпына келтіру USB флэш-жадын пайдаланбастан Жүйені қалпына келтіру мүмкіндігін береді. Қалпына келтірудің бұл түрін тек қатты диск жұмыс істеп тұрғанда пайдалану мүмкін болады.
Компьютердің жүктелу тәртібін өзгерту Егер компьютеріңіз HP Recovery Manager бағдарламасында қайта басаталмаса, компьютерді жүктеу ретін өзгерту қажет. Бұл – компьютер жүктеу ақпаратын іздейтін BIOS ішінде тізілген құрылғылардың реті. Таңдауды оптикалық диск жетегіне немесе USB флэш жадына өзгертуге болады. Жүктеу тәртібін өзгерту үшін МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Ажыратылатын пернетақта бар планшет үшін, осы қадамдарды бастамас бұрын пернетақтаны пернетақта бекемдеуіне жалғаңыз. 1.
13 Техникалық сипаттамасы Тұтынылатын қуат Егер сіз компьютерді алып, халықаралық саяхат жасауды жоспарласаңыз, осы бөлімде берілген қуат туралы ақпарат пайдалы болуы мүмкін. Компьютер айнымалы немесе тұрақты ток көзінен келетін тұрақты ток арқылы жұмыс істейді. Айнымалы ток көзі 100–240 В, 50–60 Гц шамасында болуы керек. Компьютер бөлек тұрақты ток көзінен жұмыс жасаса да, ол тек НР компаниясы берген және осы компьютерге қолдану үшін ұсынған айнымалы ток адаптері немесе тұрақты ток көзіне қосылуы керек.
Жұмыс ортасы Фактор Метрикалық өлшемдер жүйесі АҚШ-та пайдаланылатын өлшемдер жүйесі Пайдалануға болатын 5 мен 35°C арасында 41 мен95°F арасында Жұмыссыз режимде -20 мен 60°C арасында -4 пен 140°F арасында Температура Салыстырмалы ылғалдылық (конденсанцияланбайтын) Пайдалануға болатын 10 - 90% 10 - 90% Жұмыссыз режимде 5 - 95% 5 - 95% Пайдалануға болатын -15 м мен 3048 м арасында -50 фут пен 10000 фут арасында Жұмыссыз режимде -15 м мен 12192 м арасында -50 фут пен 40000 фут арасында Е
14 Электростатикалық разряд Электростатикалық ток соғу — екі зат қатынасқа түскен кезде статикалық электр тогының соғуы, мысалы, кілем үстінде тұрып есіктің темір тұтқасын ұстағаннан болатын ток соғу. Саусақтар немесе басқа электростатикалық разряд өткізгіштерінен шығатын статикалық электр қуатының разряды электрондық бөліктерге зақым келтіруі мүмкін.
15 Қолжетімділік HP мүмкіндіктері шектеулі адамдарды қоса барлығы пайдалана алатын өнімдер мен қызметтерді оқшаулы түрде немесе тиісті көмекші құрылғылармен жасақтайды, өндіреді және нарыққа шығарады. Қолдау көрсетілетін көмекші технологиялар HP өнімдері операциялық жүйенің әр түрлі көмекші технологияларына қолдау көрсетеді және оларды қосымша көмекші технологиялармен жұмыс істеуге теңшеуге болады. Көмекші мүмкіндіктер туралы қосымша ақпаратты табу үшін құрылғыдағы Іздеу мүмкіндігін пайдаланыңыз.
Индекс А ажыратымдылығы жоғары құрылғылар, жалғау 25, 26 айнымалы ток адаптері, тексеру 36 Айнымалы ток адаптері/батарея 6 айнымалы ток адаптерін тексеру 36 ақпарат алу аппараттық құрал 5 бағдарламалық құрал 5 артқы камера, анықтау 8 астыңғы жағы 11 Аудио 24 аудио шығыс (құлақаспап)/аудио кіріс (микрофон) ұясы, анықтау 7 Ә әрекеттер пернелері анықтау 12 12 Б бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту 39 бағдарламалық құрал HP 3D DriveGuard 39 Дискіні дефрагментациялау құралы 38 Дискіні тазалау 38 бағдарламалы
өте төмен батарея деңгейі кезінде қосылады 35 шығу 32 күтім HP 3D DriveGuard 39 бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту 39 Дискіні дефрагментациялау құралы 38 Дискіні тазалау 38 кішірейтілген бейнені қалпына келтіру 57 Қ қалпына келтіру HP Recovery Manager 56 USB флэш картасы 57 дискілер 54, 57 жүйе 56 қолдау көрсетілетін дискілер 54 қосу 57 құрал 57 НР жүйені қалпына келтіру құралы көмегімен 55 қалпына келтіру бөлімі шығарып алу 58 қалпына келтіру құралы жасау 53 қауіпсіздік кабелі, орнату 47 қоғамдық WLAN
сыртқы айнымалы ток қуаты, пайдалану 35 сыртқы айнымалы ток қуаты көзін пайдалану 35 Т техникалық деректер сымсыз куәландыру белгілері 11 техникалық деректер жапсырмасы 11 тұтынылатын қуат 59 түймешіктер қуат 9 Ұ Ұйқылық күй қосу 31 шығу 31 ұйқылық режимді немесе күту күйін қосу 31 Ұйқылық режим және күту күйі қосу 31 ұшу режимі 19 ұшу режимі пернесі 13, 19 ұялар аудио шығыс (құлақаспап)/ аудио кіріс (микрофон) комбо 7 ұяшықтар шағын SD жад картасын оқу құрылғысы 6 Ү үндеткіштер қосылу 23 үндеткіштер, анықт