User's Guide

Дисплей
Бөлік Сипаттама
(1) WLAN антенналары (2)* Сымсыз жергілікті желілермен (WLAN) байланыста болу үшін
сымсыз байланыс сигналдарын жібереді және қабылдайды.
(2) Камера
ЕСКЕРТПЕ: Бұл компьютердің дисплей
қақпағының артқы жағында екінші камера бар.
Чатты түсіру, бейнені жазу және фотосуреттерді жазу
мүмкіндігін береді. Камераны пайдалану үшін Камераны
пайдалану (23-бет) бөлімін қараңыз:
(3) Камера шамы Қосулы: Камера пайдаланылуда.
(4) Үндеткіштер (2) Дыбыс шығарады.
(5) Артқы камера Чатты түсіру, бейнені жазу және фотосуреттерді жазу
мүмкіндігін береді. Камераны пайдалану үшін Камераны
пайдалану (23-бет) бөлімін қараңыз:
*Антенналар компьютердің сыртынан көрінбейді және антенна орны әр жерде болады. Жақсы таратылым үшін
антенналардың айналасындағы аймақтарды тез арада кедергілерден тазалаңыз.
Сымсыз байланыс ережелері туралы ескертпелерді көру үшін, мемлекетіңізде немесе аймағыңызда қолданылатын Заңдық,
қауіпсіздік және экологиялық ескертпелер нұсқаулығын қараңыз.
Бұл нұсқаулықты пайдалану үшін:
8 2-тарау Компьютермен танысу