User's Guide

Пернетақтаны және қосымша тінтуірді пайдалану
Пернетақта және қосымша тінтуір теруге, элементтерді таңдауға, айналдыруға және сенсорлы
экрандағы қимылдармен бірдей функцияларды орындауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар,
пернетақта арнайы функцияларды орындау мақсатымен әрекет пернелері мен жылдам пернелер
тіркесімдерін пайдалануға мүмкіндік береді.
ЕСКЕРТПЕ: Еліңізге/аймағыңызға байланысты, пернетақтаның пернелері мен пернетақта
функциялары осы бөлімде сипатталғаннан өзгешелеу болуы мүмкін.
Экрандағы пернетақтаны пайдалану
Компьютерде планшет режимінде болған кезде көрсетілетін экрандық пернетақта бар.
1. Экрандық пернетақтаны көрсету үшін тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан
хабарландыру аймағындағы пернетақта белгішесін түртіңіз.
2. Теруді бастаңыз.
Экрандық пернетақта параметрлерін ашу үшін, тапсырмалар тақтасының іздеу жолағына
панель управления (басқару тақтасы) сөзін енгізіңіз, Панель управления (Басқару тақтасы)
опциясын таңдаңыз, Устройства и принтеры (Құрылығылар және принтерлер) опциясын таңдап,
Ввод (Енгізу) пәрменін таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Әрекеттер пернелері экрандық пернетақтада көрсетілмейді және жұмыс істемейді.
ЕСКЕРТПЕ: Экрандық пернетақтаның үстіңгі жағында сөздер мысалдары ұсынылуы мүмкін.
Сөзді таңдау үшін оны түртіңіз.
30 6-тарау Экранда шарлау