Пайдаланушы нұсқаулығы
© Copyright 2016 HP Development Company, L.P. Bluetooth өз меншік иесінің сауда белгісі болып табылады және оны HP Inc. компаниясы лицензия бойынша пайдаланады. Intel және Thunderbolt – Intel корпорациясының АҚШ-тағы және басқа елдердегі сауда белгілері. SD Logo — өз меншік иесінің сауда белгісі. Java – Sun Microsystems, Inc корпорациясының АҚШтағы сауда белгісі. Microsoft және Windows – Microsoft компаниялар тобының сауда белгілері. Осы құжатта берілген ақпарат ескертусіз өзгертіледі.
Қауіпсіздік туралы ескерту хабары АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетумен байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты қызып кету жағдайын азайту үшін компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа желдеткішін бітемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беттің үстіне қойып пайдаланыңыз. Қасында тұрған қосымша принтер сияқты қатты беттің немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ беттің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз.
iv Қауіпсіздік туралы ескерту хабары
Процессордың конфигурация параметрі (тек таңдаулы үлгілерде) МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Таңдаулы үлгілерде, Intel ® Pentium ® N35xx сериялы немесе Celeron ® N28xx/ N29xx сериялы процессор және Windows ® амалдық жүйесі бар. Жоғарыда сипатталған компьютерде msconfig.exe файлында процессордың конфигурациялық параметрлерін 4 немесе 2 процессордан 1 процессорға өзгертпеңіз. Егер өзгертсеңіз, компьютер қайта қосылмайды. Түпнұсқалық параметрлерді қалпына келтіру үшін, зауыттық қалпына келтіруді жүзеге асыру қажет.
vi Процессордың конфигурация параметрі (тек таңдаулы үлгілерде)
Maзмұны 1 Қош келдіңіз ................................................................................................................................................ 1 Ақпаратты табу .................................................................................................................................................... 2 2 Компьютермен танысу ................................................................................................................................. 4 Оң жағы ..............
4 Пернетақта, сенсорлы тақтаның қимылдары және меңзегіш құрылғылар арқылы шарлау ..................... 22 Меңзегіш құрылғыларды пайдалану .............................................................................................................. 22 Меңзегіш құрылғылар параметрлерін орнату ............................................................................. 22 Сенсорлы тақтаны және қимылдарды пайдалану ......................................................................
Қуатты үнемдеу күйлерін пайдалану ........................................................................................... 37 Ұйқылық күйді қосу және одан шығу ........................................................................ 38 Күйін қосу және одан шығу ......................................................................................... 38 Қуат өлшегіш пен қуат параметрлерін пайдалану ................................................... 38 Оянған кезде сұралатын құпиясөзбен қорғау ...........
Computer Setup қызметінде құпия сөздер орнату ....................................................................... 54 BIOS әкімші құпия сөзін басқару .................................................................................................... 54 BIOS әкімші құпия сөзін енгізу ...................................................................................... 56 Computer Setup DriveLock құпия сөзін басқару .............................................................................
12 Computer Setup (BIOS), TPM және HP Sure Start .......................................................................................... 72 Computer Setup пайдалану ............................................................................................................................... 72 Computer Setup (Компьютерді орнату) утилитасын бастау ........................................................ 72 Computer Setup утилитасында жылжу және таңдау .....................................................
Фильм сыртқы дисплейде көрінбейді .......................................................................................... 87 Қосымша сыртқы оптикалық дискісін көшіру үрдісі басталмайды немесе аяқталар алдында тоқтап қалады ................................................................................................................ 87 қосымшасы б Электростатикалық разряд .................................................................................................... 88 Индекс ......................
1 Қош келдіңіз Компьютерді орнатқан және тіркеген соң, зерделі қаржыландырудың ең көбін алу үшін келесі қадамдарды орындауды ұсынамыз: ● Интернетке қосылу — Интернетке қосылу үшін, сымды және сымсыз желіні реттеңіз. Қосымша ақпаратты Желіге қосылу (14-бет) бөлімінен қараңыз. ● Вирусқа қарсы бағдарламалық құралды жаңарту — вирустардан болатын зақымнан компьютерді қорғаңыз. Бағдарламалық құрал компьютерде алдын ала орнатылып келеді.
Ақпаратты табу Компьютерді іске қосып, осы нұсқаулықты табу үшін, Параметрлерді орнату нұсқаулары бөлімін пайдаланыңыз. Толық өнім ақпаратын, орындау әрекеттерін және қосымша ақпаратты қамтамасыз ететін ресурстарды табу үшін, мына кестені қараңыз.
Құралдар Берілетін ақпарат информацию о гарантии (Кепілдік туралы ақпаратты көру) тармақтарын таңдаңыз. – немесе – http://www.hp.com/go/orderdocuments веб-торабына өтіңіз. НР Шектеулі кепілдігін өнімдегі және/немесе қорапта қамтамасыз етілген ықшам дискіде немесе DVD дискісіндегі пайдаланушы нұсқаулықтарында табуға болады. Кейбір елдерде немесе аймақтарда НР компаниясы басылған кепілдігін қорапта ұсынады. Басылған түрдегі кепілдік берілмейтін елдерде/аймақтарда оның басылған көшірмесін http://www.hp.
2 Компьютермен танысу Оң жағы Бөлік (1) Сипаттама SIM карта ұясы (тек таңдаулы үлгілерде) Сымсыз абонентті анықтау модуліне (SIM) қолдау көрсетеді. ЕСКЕРТПЕ: НР ұялы кең жолақты модулі бар үлгілердегі SIM картасы ұясының қақпағы – алмалы қақпақ. (2) USB Type-C (зарядтау) порты Type-C қосқышы арқылы кез келген USB құрылғысын жалғайды. ЕСКЕРТПЕ: USB Type-C зарядтау порттары арқылы компьютер өшірулі болса да, ұялы телефондар, планшеттер және MP3 ойнатқыштары сияқты құрылғыларды зарядтауға болады.
Бөлік Сипаттама ● Сары: батарея заряды – 0 мен 90% аралығында. ● Өшірулі: батарея зарядталмайды. Айнымалы ток қуаты ажыратылған кезде (батарея зарядталмай тұрғанда): (7) Қуат қосқышы ● Сары түсте жыпылықтап тұрғанда: Батарея заряды аз деңгейге жетті. Батарея төмен заряд деңгейіне жеткенде, батарея шамдары жылдам жыпылықтай бастайды. ● Өшірулі: батарея зарядталмайды. Айнымалы ток адаптеріне қосылады.
Бөлік (4) Сипаттама Аудио шығыс (құлақаспап)/Аудио кіріс (микрофон) ұясы Токқа қосылатын қосымша стерео үндеткіштер, құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспаптар, гарнитура немесе теледидар дыбыс кабелі қосылады. Сонымен қатар, қосымша гарнитура микрофонын қосады. Бұл ұя қосымша тек микрофон құрылғыларын қолдамайды. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспап немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз.
Бөлік Сипаттама (1) WWAN антенналары (2)* (тек таңдаулы үлгілерде) Сымсыз ғаламдық желімен (WWAN) байланыс жасау мақсатында сымсыз сигналдарды жібереді және қабылдайды. (2) Ішкі микрофондар (2) Дыбыс жазады. (3) Веб-камера шамы (тек таңдаулы үлгілерде) Қосулы: веб-камера қолданылуда. (4) Веб-камера (тек таңдаулы үлгілерде) Бейнені жазады және суреттерге түсіреді. Кейбір модельдерде бейне ағыны мүмкіндігімен бейнеконференция мен желіде чат сеанстарын ұйымдастыруға мүмкіндік беріледі.
Бөлік (2) Сипаттама Сенсорлы тақта аймағы Меңзерді жылжытады және экрандағы элементтерді таңдайды немесе іске қосады. ЕСКЕРТПЕ: Сонымен қатар, сенсорлы тақтада саусақты жиектен жылжыту қимылдарына қолдау көрсетіледі. Қосымша ақпарат алу үшін, 34 беттегі «Саусақты жиектен жылжыту» бөлімін қараңыз (тек таңдаулы үлгілерде). (3) Сол жақ сенсорлы тақта түймешігі Сыртқы тінтуірдегі сол жақ түймешік қызметін атқарады. (4) Оң жақ сенсорлы тақта түймешігі Сыртқы тінтуірдегі оң жақ түймешік қызметін атқарады.
Бөлік Сипаттама (4) Num lock пернесінің шамы Қосулы: Num lock қосулы. (5) Сымсыз байланыс шамы Ақ: сымсыз жергілікті желі (WLAN) құрылғысы және/немесе Bluetooth® құрылғысы сияқты бекітілген сымсыз құрылғы қосулы. ЕСКЕРТПЕ: Кейбір үлгілерде барлық сымсыз құрылғылар өшірулі болғанда, сымсыз байланыс шамы сары түспен жанып тұрады. (6) (7) Дыбысты өшіру шамы Сенсорлы тақта шамы ● Сары: компьютер дыбысы өшірулі. ● Өшірулі: компьютер дыбысы қосулы. ● Қосулы: Сенсорлы тақта өшірулі.
Түймешіктер, үндеткіштер және саусақ ізін оқу құрылғысы (тек таңдаулы үлгілерде) Бөлік (1) Сипаттама Қуат түймешігі ● Компьютер өшірулі болғанда, компьютерді қосу үшін түймешікті басыңыз. ● Компьютер қосулы болғанда, ұйқы күйін қосу үшін түймешікті аз уақыт басыңыз. ● Компьютер ұйқылық күйде болғанда, ұйқы күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер күту күйінде болған кезде, күту күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз.
Бөлік Сипаттама (4) Дыбыс деңгейін өшіру түймешігі Үндеткіш дыбысын өшіреді және қайта қосады. (5) Саусақ ізін оқу құрылғысы Құпия сөзді енгізбестен, саусақ ізін пайдаланып Windows амалдық жүйесіне кіруге мүмкіндік береді.
Пернелер Бөлік Сипаттама (1) esc пернесі fn пернесімен бірге басылған кезде жүйе ақпараты көрсетіледі. (2) fn пернесі Функционалдық перне, num lk пернесі немесе esc пернесімен бірге басқанда жиі пайдаланылатын жүйе функцияларын орындайды. (3) Windows түймешігі Windows Пуск (Бастау) мәзірін көрсетеді. (4) Функциялық пернелер fn пернесімен бірге басылғанда, жиі пайдаланылатын жүйелік функцияларды орындайды.
Астыңғы жағы Бөлік Сипаттама (1) Қондыру құрылғысының қабылдағыштары (2) Қосымша қондыру құрылғысын жалғайды. (2) Желдеткіш саңылаулары (2) Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қамтамасыз етеді. ЕСКЕРТПЕ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді салқындату үшін және қызып кетуден қорғау үшін автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында желдеткіштің біресе қосылып, біресе өшіп отыруы – қалыпты жағдай.
3 Желіге қосылу Осы компьютермен кез келген жерге саяхаттауға болады. Алайда, компьютер мен сымсыз не сымды желі байланысын пайдаланып үйде отырып та дүние жүзін шарлап, миллиондаған веб-тораптардың ақпараттарына қол жеткізуге болады. Осы тараудағы ақпарат әлеммен байланысуға көмектеседі. Сымсыз желіге қосылу Сымсыз технология деректерді сым арқылы емес, радио толқындары арқылы тасымалдайды.
HP Connection Manager құралының көмегімен сымсыз байланыс құрылғыларын өшіру үшін ▲ Тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан хабарландыру аймағындағы HP Connection Manager белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, керекті құрылғының жанындағы қуат түймешігін басыңыз.
▲ Пуск (Бастау) > Панель Управления (Басқару тақтасы) > Сеть и Интернет (Желі және Интернет) > Центр управления сетями и общим доступом (Желі және ортақ пайдалануды басқару орталығы) тармақтарын таңдаңыз. Қосымша ақпарат алу мақсатымен Анықтама және қолдау орталығына кіру үшін, Пуск (Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама және қолдау) пәрмендерін таңдаңыз.
WLAN желісін орнату WLAN құрылғысын орнату және Интернетке қосылу үшін, төмендегі жабдық қажет: ● Кең жолақты модем (DSL немесе кабельді) (1) және Интернет провайдерінен сатып алынған жоғары жылдамдықты интернет қызметі ● Сымсыз жол жоспарлағыш (2) (бөлек сатылады) ● Сымсыз компьютер (3) ЕСКЕРТПЕ: Кейбір модемдердің ішіне жол жоспарлағышы орнатылады. Интернет провайдерінен модем түрінің қайсысын пайдаланатындығын сұраңыз.
орталығына кіру үшін, Пуск (Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама және қолдау) пәрмендерін таңдаңыз. WLAN желісіне қосылу WLAN желісіне қосылу үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз: 1. WLAN құрылғысының қосулы екендігіне көз жеткізіңіз. Егер қосылған болса, сымсыз байланыс шамы ақ болады. Сымсыз байланыс шамы сөніп тұрса, сымсыз байланыс түймешігін басыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Кейбір үлгілерде барлық сымсыз құрылғылар өшірулі болғанда, сымсыз байланыс шамы сары түспен жанып тұрады. 2.
Компьютердің мобильді кең ауқымды мүмкіндігін пайдаланудан бұрын келесі қадамдарды аяқтау қажет: 1. Мобильді кең ауқымды деректер қызметін белсендіріңіз. Бұл әрекетті орындау үшін қызмет көрсету провайдеріңіздегі үйлесімді белсендірілген SIM картаны пайдаланыңыз. 2. Компьютерді өшіріп, белсендірілген SIM картасын компьютердің SIM ұясына салыңыз. SIM картасын салу және алу (тек таңдаулы үлгілерде) (19-бет) бөлімін қараңыз. 3. Компьютеріңізді іске қосып, Windows жүйесінің толық жүктелуін күтіңіз. 4.
7. Сыртқы қуатты қайтадан қосыңыз. 8. Сыртқы құрылғыларды қайтадан қосыңыз. 9. Компьютерді қосыңыз. SIM картасын шығарып алу үшін картаны басып, ұясынан шығарып алыңыз. GPS пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) Компьютерде GPS (Ғаламдық орынды анықтау жүйесі) құрылғысы орнатылуы мүмкін. GPS спутниктері орналасу, жылдамдық және бағдарлар туралы ақпаратты GPS стандартымен жабдықталған жүйелерге жібереді. Қосымша ақпарат алу үшін, «HP GPS and Location» бағдарламалық құралының анықтамасын қараңыз.
2. Желілік кабелдің екінші ұшын желінің қабырға ұясына (2) немесе жол жоспарлағышқа жалғаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Желі кабелінің теледидар мен радио кедергілерінен қорғайтын кедергілерді басу схемасы (3) бар болса, кабельдің осы схема орналасқан ұшын компьютерге қарай бағыттаңыз.
4 Пернетақта, сенсорлы тақтаның қимылдары және меңзегіш құрылғылар арқылы шарлау Бұл компьютер пернетақта мен тінтуірге қоса сенсорлы тақтаның қимылдарын (тек таңдаулы үлгілерде) пайдалану арқылы экранда оңай жылжу мүмкіндігін береді. Қимылдар компьютердің сенсорлы тақтасында немесе сенсорлы экранда (тек таңдаулы үлгілерде) орындалады. Кейбір компьютер үлгілерінде жиі жасалатын тапсырмаларды орындауға арналған арнайы әрекет пернелері немесе төте пернелер болады.
Сенсорлы тақтаны өшіру және қосу Сенсорлы тақтаны өшіру және қосу үшін, сенсорлы тақтаны қосу/өшіру түймешігін екі рет жылдам түртіңіз. Түрту Экранда элементті таңдау үшін сенсорлы тақтада Түрту мүмкіндігін пайдаланыңыз. ● Таңдау үшін сенсорлы тақта аймағын бір саусақпен түртіңіз. Элементті ашу үшін оны екі рет түртіңіз. Жылжу Жылжу қимылы бетте немесе суретте жоғары, төмен қарай немесе көлденең жылжу кезінде қажет әрекет.
2 саусақ көмегімен қысып масштабтау 2 саусақ көмегімен қысып масштабтау қимылы суреттерді немесе мәтінді үлкейтуге не кішірейтуге мүмкіндік береді. ● Ірілеу үшін, екі саусақты сенсорлы тақтада қысып ұстаңыз, одан кейін саусақтарды жан-жаққа жылжытыңыз. ● Кішірейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақтаға арасын алшақ қойып, одан кейін олардың арасын жақындатыңыз. 2 саусақпен басу 2 саусақпен басу қимылы экрандық нысан үшін мәзір пәрмендерін таңдауға мүмкіндік береді.
● Таңдалған нысан үшін мәзір пәрмендерінің тізімін ашу мақсатымен сенсорлы тақта аймағына екі саусақты қойып басыңыз. Айналдыру (тек таңдаулы үлгілерде) Айналдыру мүмкіндігі фотосурет сияқты элементтерді бұруға мүмкіндік береді. ● Сол сұқ саусақты сенсорлы тақта аймағында тіреңіз. Оң сұқ саусақты сағат тілімен 90 градус жүргізіңіз. Кері айналдыру үшін, сұқ саусағыңызды сағат тіліне қарсы 90 градус жүргізіңіз.
Пернетақтаны пайдалану Пернетақта және тінтуір сенсорлы экрандағы қимылдар сияқты теруге және бірдей функцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Пернетақта әрекеттер пернелері мен жылдам пернелердің арнайы функцияларын орындауға мүмкіндік береді. ЕСКЕРТПЕ: Еліңізге/аймағыңызға байланысты, пернетақтаның пернелері мен пернетақта функциялары осы бөлімде сипатталғаннан өзгешелеу болуы мүмкін.
Пернелер тіркесімі Сипаттама Сыртқы мониторлардың басым бөлігі компьютерден бейне ақпаратын сыртқы VGA бейне стандарты арқылы қабылдайды. fn+f4 жылдам пернелері компьютерден бейне ақпарат алатын басқа құрылғылардағы бейнелерді де ауыстырып қосуы мүмкін. fn+f5 Экран жарықтығының деңгейін төмендетеді. fn+f6 Экран жарықтығының деңгейін ұлғайтады. fn+ f8 Үндеткіш дыбысын төмендетеді. fn+f9 Үндеткіш дыбысын жоғарылатады. fn+f10 Микрофонды үнсіздендіреді.
Бөлік Сипаттама Пернетақтаның әр пернесі оның жоғары оң жақ бұрышындағы белгіше көрсететін функцияны орындайды. (3) num lk пернесі fn пернесімен бірге басылғанда, енгізілген сандық пернетақтаны қосады және сөндіреді. ЕСКЕРТПЕ: Компьютер өшірілгенде белсенді болып тұрған пернетақта функциясы компьютер қайта қосылғанда қалпына келеді. Енгізілген сандық пернетақтаны қосу және өшіру Енгізілген сандық пернетақтаны қосу үшін fn+num lk пернелерін басыңыз.
5 Мультимедиа Компьютеріңізде мыналар болуы мүмкін: ● Кірістірілген динамик(тер) ● Кірістірілген динамик(тер) ● Кірістірілген веб камера ● Алдын ала орнатылған мультимедиялық бағдарламалық құрал ● Мультимедия түймешіктері немесе пернелері Аудио HP компьютерімен музыка ықшам дискілерін ойнатуға, музыканы жүктеуге және тыңдауға, вебтегі аудио мазмұнды тыңдауға (соның ішінде радионы), дыбыс жазуға немесе мультимедиа файлын жасау үшін дыбыс пен бейнені біріктіруге болады.
Құлақаспаптарды және микрофондарды қосу Сымды құлақаспаптарды және гарнитураларды компьютердегі аудио шығыс (құлақаспап)/аудио кіріс (микрофон) ұясына қосуға болады. Ішкі микрофоны бар гарнитуралар сатылады. Компьютерге сымсыз құлақаспаптарды не гарнитураларды қосу үшін, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспаптар немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс қаттылығын төмендетіңіз.
Бейне Бұл HP компьютері таңдаулы веб-тораптардағы таратылатын бейнені көруге және желіге қосылмайақ компьютерден тамашалау үшін бейнелер мен фильмдерді жүктеп алуға мүмкіндік беретін қуатты бейне құрылғысы болып табылады. Көруге байланысты әрекеттеріңізді жақсарту мақсатында компьютерді сыртқы монитор, проектор немесе теледидарға қосу үшін, бейне порттардың бірін пайдаланыңыз. Ал кейбір компьютерлерде ажыратымдылығы жоғары мониторды немесе теледидарды қосуға мүмкіндік беретін HDMI порты болуы мүмкін.
VGA (қосымша қондыру құрылғысы немесе кеңейту порты бар құрылғы арқылы) Сыртқы монитор порты немесе VGA порты сыртқы VGA монитор немесе VGA проекторы секілді VGA дисплей құрылғыларын компьютерге жалғайтын аналогтық дисплей интерфейсі. 1. VGA дисплей құрылғысын жалғау үшін, құрылғы кабелін сыртқы монитор портына қосыңыз. 2. Экрандағы суретті 4 түрлі көрсету күйіне ауыстырып қосу үшін, fn+f4 пернелер тіркесімін басыңыз: ● ДК экраны ғана: экрандағы кескінді тек компьютерден көру.
Бейне немесе аудио құрылғысын DisplayPort портына жалғау үшін 1. DisplayPort кабелінің бір ұшын қосымша қондыру құрылғысының DisplayPort портына жалғаңыз. 2. Кабельдің екінші ұшын бейне құрылғысына жалғаңыз, одан кейін қосымша ақпаратты өндіруші нұсқауларынан қараңыз. 3. Компьютер экранындағы кескінді 4 түрлі көрсету күйіне ауыстырып қосу үшін, fn+f4 пернелер тіркесімін басыңыз: ● ДК экраны ғана: экрандағы кескінді тек компьютерден көру.
1. HDMI кабелінің бір ұшын компьютердегі HDMI портына жалғаңыз. 2. Кабельдің екінші ұшын видео құрылғысына жалғаңыз. 3. Компьютер экранындағы кескінді 4 түрлі көрсету күйіне ауыстырып қосу үшін, fn+f4 пернелер тіркесімін басыңыз: ● Компьютер экраны ғана: экрандағы кескінді тек компьютерден көру. ● Қос: экрандағы кескінді бір уақытта компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен де көру. ● Кеңейтілген: Экрандағы кескінді компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен көру.
1. Тапсырма тақтасының оң жағында орналасқан хабарландыру аймағындағы Динамики (Үндеткіштер) белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Устройства воспроизведения (Ойнату құрылғылары) параметрін таңдаңыз. 2. Воспроизведение (Ойнату) қойыншасында Динамики (Үндеткіштер) параметрін таңдаңыз. 3. Установить по умолчанию (Әдепкі күйді орнату) пәрменін таңдап, OK түймешігін басыңыз.
Miracast-үйлесімді сымсыз дисплейлерді табу және оларға қосылу (тек таңдаулы үлгілерде) Intel WiDi фотосуреттер, музыка немесе видеолар сияқты жеке файлдарды сымсыз көрсету үшін немесе бүкіл компьютер экранын теледидар немесе қосымша дисплей құрылғысына қосу үшін пайдаланыңыз. Intel WiDi, premium Miracast шешімі қосымша дисплей құрылғысын жиексіз жұптауды жеңілдетеді; толық экранның көшірмесін қамтамасыз етеді; жылдамдығын, сапасын және ауқымын жақсартады.
6 Қуатты басқару ЕСКЕРТПЕ: Компьютерде қуат түймешігі немесе қуат қосқышы болуы мүмкін. Қуат түймешігі термині осы нұсқаулықта қуатты басқару элементтерінің екі түрін білдіреді. Компьютерді өшіру ЕСКЕРТУ: компьютер өшірілген кезде сақталмаған мәліметтер жойылады. Жұмысты аяқтау пәрмені амалдық жүйені қоса барлық ашық бағдарламаларды жауып, дисплей мен компьютерді өшіреді.
Ұйқылық күй қосылғанда, қуат шамдары жыпылықтап, экран тазарады. Жұмысыңыз жадқа сақталады. ЕСКЕРТУ: Аудио және видео файлдарын ойнатудың мүмкін нашарлауы, аудио немесе бейне ойнату жұмысының жоғалуы немесе ақпараттың жоғалу қаупін азайту үшін, дискіден не сыртқы жад картасынан оқу немесе оған жазу кезінде ұйқы күйін қоспаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Компьютер ұйқылық күйде болғанда, желіге қосылудың кез келген түрін қосуды немесе компьютердің кез келген функцияларын орындай алмайсыз.
● Батарея зарядының қалған пайыздағы деңгейін және ағымдағы қуат жоспарын экранда көрсету үшін, меңзерді қуат өлшегіш белгішесінің үстінен жүргізіңіз. ● Қуат параметрлерін ашу немесе қуат жоспарын өзгерту үшін, қуат өлшегіш белгішесін басып, тізімнен бір тармақты таңдаңыз. Әртүрлі қуат көрсеткішінің белгішелері компьютердің батарея қуатымен немесе сыртқы қуатпен жұмыс істеп тұрғанын көрсетеді. «Заряд төмен» деңгейіне немесе «Заряд өте төмен» деңгейіне жеткенде, белгіше хабар шығарады.
тармақтарын таңдаңыз. Питания (Қуат) қойыншасын ашып, одан кейін НР Battery Check (НР батареяны тексеру) тармағын таңдаңыз. Егер батареяны ауыстыру керектігі Battery Check (Батарея тексеру) бағдарламасы арқылы анықталған болса, НР қолдау қызметімен хабарласыңыз. Осы құрылғыдағы батареяны (батареяларды) пайдаланушы арқылы оңай ауыстыруға болмайды. Батареяны алу немесе ауыстыру кепілдік күшіне әсер етуі мүмкін. Егер батареяның заряды жылдам аяқталса, қолдау қызметіне хабарласыңыз.
● Пайдаланушымен ауыстырылатын батареяны салқын, құрғақ жерде сақтаңыз. ● Параметры электропитания (Қуат параметрлері) ішінен Сохранение питания (Қуат үнемдегіші) параметрін таңдаңыз. Төмен батарея деңгейлерін басқару Осы бөлімдегі ақпарат ескертулер мен зауытта орнатылған жүйе жауаптарын сипаттайды. Кейбір батареяның төмендігі туралы ескертулер мен жүйе жауаптарын Параметры электропитания (Қуат параметрлерін) қолдану арқылы өзгертуге болады.
● Экран жарықтығын азайтыңыз. ● Жұмысты тоқтатқан кезде, ұйқылық күйді қосыңыз немесе компьютерді өшіріңіз. Сыртқы айнымалы ток қуаты көзін пайдалану АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ұшақ бортында болғанда компьютер батареясын зарядтамаңыз. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Мүмкін сақтық шараларына қатысты мәселелерді болдырмау үшін, компьютермен қамтамасыз етілетін айнымалы ток адаптерін, HP қамтамасыз ететін ауыстырғыш айнымалы ток адаптерін немесе HP компаниясынан сатып алынған айнымалы ток адаптерін ғана пайдаланыңыз.
Айнымалы ток адаптерін тексеру Айнымалы ток қуат көзіне жалғанған компьютерде мына жағдайлар орын алса, айнымалы ток адаптерін тексеріңіз: ● Компьютер қосылмайды. ● Дисплей қосылмайды. ● Қуат шамдары жанбайды. Айнымалы ток адаптерін тексеру: ЕСКЕРТПЕ: Келесі нұсқаулар пайдаланушы ауыстыратын батареясы бар компьютерлерге қатысты қолданылады. 1. Компьютерді сөндіріңіз. 2. Компьютерден батареяны шығарып алыңыз. 3. Айнымалы ток адаптерін компьютерге және ауыспалы ток розеткасына жалғаңыз. 4.
7 Сыртқы карталар мен құрылғылар Смарт карталарды қолдану ЕСКЕРТПЕ: білдіреді. Смарт-карта термині осы тарауда смарт-карталар мен Java™ карталарының екі түрін Смарт карта — жад пен микропроцессоры бар шағын схемалы несие картасы өлшеміндегі қосалқы құрал. Дербес компьютерлер сияқты смарт карталардың кірісті және шығысты басқаратын амалдық жүйелері, сондай-ақ оларды рұқсатсыз пайдаланудан қорғайтын қауіпсіздік мүмкіндіктері бар.
USB құрылғысын пайдалану Әмбебап тізбекті шина (USB) дегеніміз USB пернетақтасы, тінтуір, диск, басып шығарғыш, сканер немесе хаб сияқты қосымша сыртқы құрылғыны қосуға арналған аппараттық құрал интерфейсі. Кейбір USB құрылғылары әдетте құрылғымен қоса берілетін қосымша қолдау бағдарламалық құралын қажет етуі мүмкін. Құрылғыға арналған бағдарламалық құрал жөнінде қосымша ақпаратты өндірушінің нұсқауларынан қараңыз.
USB құрылғысын жалғау ЕСКЕРТУ: ▲ USB қосқышын зақымдау қаупін азайту үшін, құрылғыны күштеп қоспаңыз. Құрылғының USB кабелін USB портқа жалғаңыз. ЕСКЕРТПЕ: мүмкін. Төмендегі сурет пен компьютер көрінісінің арасында біраз айырмашылық болуы Құрылғы табылғанда белгілі бір дыбыс естіледі. ЕСКЕРТПЕ: USB құрылғысын бірінші рет қосқан кезде хабарландыру аймағында компьютер құрылғыны анықтағанын білдіретін хабарлама шығады.
Қосымша сыртқы құрылғыларды пайдалану ЕСКЕРТПЕ: Керекті бағдарламалық құрал мен диск жетектері туралы ақпарат алу үшін немесе компьютердің қолданылатын портын білу үшін өндіруші нұсқауларын қараңыз. Сыртқы құрылғыны компьютерге жалғау үшін: ЕСКЕРТУ: Қуатты құрылғыны жалғағанда құралдың зақымдалу қаупін азайту үшін құрылғының өшіріліп, қуат сымының айнымалы ток көзінен ажыратылғанын тексеріңіз. 1. Құрылғыны компьютерге жалғаңыз. 2.
2. Қондырғы құрылғысындағы қондырғы тұрақтарын компьютердің түбіндегі қабылдағыштармен қатарластырыңыз, содан кейін компьютерді қондырғы құрылғысына басып (2) орнына түсіріңіз. 3. Қондырғы құрылғысын компьютерге бекіту үшін, байланыс түймесін (1) ішіне қарай басыңыз. Байланыс шамы (2) компьютер толығымен тіркелген кезде жанады. Кеңейту порты бар құрылғыны компьютерге қосу 1. 48 Кеңейту порты бар құрылғының және компьютердің қондыру қосқыштарын туралаңыз.
2. Кеңейту порты бар құрылғының қосқышын компьютердегі қондыру қосқышына нық отырғанша сырғытыңыз.
8 Дискілер Дискілерді ұстау ЕСКЕРТУ: Дискілер компьютердің әлсіз бөліктері және оларды абайлап ұстау қажет. Диск жетектерін ұстамас бұрын келесі ескертулерді қараңыз. Дискіні құлатуға, оның үстіне зат қоюға, сұйықтық тигізуге немесе шектік мәндердегі температураларға не ылғалдық жағдайларына төндіруге болмайды. Дискілермен жұмыс істегенде, мына сақтық шараларын қадағалаңыз. ● Диск жетегін шығару немесе орнатудың алдында компьютерді өшіріңіз.
Қатты дискінің жұмысын жақсарту Дискіні дефрагментациялау құралын пайдалану Компьютерді біраз уақыт пайдаланғанда, қатты дискідегі файлдар фрагменттеліп қалады. Фрагменттелген диск дегеніміз дискідегі деректер қатар (бірізді) орналаспаған, сондықтан, қатты диск файлдарды табу үшін күштірек жұмыс істеп, бұл өз кезегінде, компьютер жұмысын баяулатады.
9 Қауіпсіздік Компьютерді қорғау Windows амалдық жүйесі қамтамасыз ететін стандартты қауіпсіздік мүмкіндіктері және Windows жүйесіне кірмейтін Setup Utility (BIOS) құралы жеке параметрлеріңіз бен деректеріңізді әртүрлі қауіптерден қорғауы мүмкін. ЕСКЕРТПЕ: Қауіпсіздік шешімдері сақтандырғыштар сияқты әрекет ету үшін жасалған. Бұл сақтандырғыштар өнімді күтімсіз ұстаудан немесе ұрланудан қорғамауы мүмкін.
Құпия сөздерді пайдалану Құпия сөз — компьютер ақпаратын қорғау үшін таңдалатын таңбалардың тобы. Ақпаратқа кіруді басқарудың жолына байланысты құпия сөздердің бірнеше түрлері орнатылуы мүмкін. Құпия сөздер Windows жүйесінің немесе компьютерде алдын ала орнатылған Windows жүйесінен басқа жүйелердің Computer Setup утилитасында (BIOS) орнатылады. ● BIOS әкімшісінің құпия сөзі және DriveLock құпия сөзі Computer Setup утилитасында орнатылады. Олар жүйенің BIOS бағдарламасы арқылы басқарылады.
Computer Setup қызметінде құпия сөздер орнату Құпия сөз Қызмет BIOS әкімші құпия сөзі* Computer Setup қызметін рұқсатсыз кіруден қорғайды. ЕСКЕРТПЕ: Егер BIOS әкімшісінің құпия сөзін жоюды болдырмау үшін мүмкіндіктер қосылған болса, олар өшірілгенше құпия сөзді жою мүмкін емес. DriveLock басты құпия сөзі* DriveLock қызметімен қорғалған ішкі қатты дискіні рұқсатсыз кіруден қорғайды. DriveLock қорғанысын жою үшін де қолданылады.
BIOS әкімші құпия сөзін өзгерту 1. Компьютерді қосыңыз немесе қайта қосыңыз, содан кейін экранның төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» («Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз») хабары көрсетілгенде, esc пернесін басыңыз. 2. Computer Setup қызметіне кіру үшін, f10 пернесін басыңыз. 3. Көрсеткі құрылғысы немесе көрсеткі пернелері көмегімен Security (Қауіпсіздік) > Change Password (Құпия сөзді өзгерту) тармағын таңдап, enter пернесін басыңыз. 4.
BIOS әкімші құпия сөзін енгізу BIOS әкімші құпия сөзін енгізу сұралған кезде, құпия сөзіңізді (құпия сөзді орнатқанда басылған бірдей пернелерді пайдалану арқылы) теріңіз, одан кейін enter пернесін басыңыз. BIOS әкімші құпия сөзін енгізудің 3 сәтсіз әрекетінен кейін және экранға шығарылған пернетақтада тағы бір орындалған әрекеттен кейін компьютерді өшіріп қайта бастаңыз және әрекетті қайталаңыз.
DriveLock құпия сөзін орнату Computer Setup қызметінде DriveLock құпия сөзін орнату үшін, келесі қадамдарды орындаңыз: 1. Компьютерді қосып, төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» («Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз») хабары шыққанда, esc пернесін басыңыз. 2. Computer Setup қызметіне кіру үшін, f10 пернесін басыңыз. 3. BIOS Administrator (BIOS әкімшісі) параметрін таңдаңыз және BIOS әкімшісінің құпия сөзін енгізіңіз. 4.
DriveLock құпия сөзін өзгерту Computer Setup қызметінде DriveLock құпия сөзін өзгерту үшін, келесі қадамдарды орындаңыз: 1. Компьютерді қосып, төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» («Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз») хабары шыққанда, esc пернесін басыңыз. 2. Computer Setup қызметіне кіру үшін, f10 пернесін басыңыз. 3. BIOS Administrator (BIOS әкімшісі) параметрін таңдаңыз және BIOS әкімшісінің құпия сөзін енгізіңіз. 4.
DriveLock қорғанысын алу Computer Setup қызметінде DriveLock қорғанысын алу үшін, келесі қадамдарды орындаңыз: 1. Компьютерді қосып, төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» («Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз») хабары шыққанда, esc пернесін басыңыз. 2. Computer Setup қызметіне кіру үшін, f10 пернесін басыңыз. 3. BIOS Administrator (BIOS әкімшісі) параметрін таңдаңыз және BIOS әкімшісінің құпия сөзін енгізіңіз. 4.
3. Меңзегіш құрылғының немесе көрсеткі пернелердің көмегімен Security (Қауіпсіздік) > Hard Drive Tools (Қатты диск құралдары) > Automatic DriveLock (Автоматты DriveLock) тармақтарын таңдаңыз, содан кейін enter пернесін басыңыз. 4. BIOS әкімшісінің құпия сөзіне кіріп, enter пернесін басыңыз. 5. Көрсеткі құрылғысы немесе көрсеткі пернелері көмегімен ішкі қатты дискіні таңдап, enter пернесін басыңыз. 6. Ескертуді оқыңыз. Жалғастыру үшін, YES (ИӘ) жауабын таңдаңыз. 7.
Желіаралық қалқан бағдарламасын пайдалану Желіаралық қалқан жүйені немесе желіні рұқсатсыз пайдаланудан қорғау үшін жасалған. Желіаралық қалқан компьютерге және/немесе желіге орнататылатын бағдарламалық құрал немесе аппараттық және бағдарламалық құралдың екеуінде қорғайтын шешім болуы мүмкін. Екі түрлі желіаралық қалқанның ішінен таңдау жасауға болады: ● Хостқа негізделген желіаралық қалқандар — тек өзі орнатылған компьютерді қорғайтын бағдарламалық құрал.
HP Touchpoint Manager бағдарламасын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) HP Touchpoint Manager бағдарламасы бизнес иелеріне компанияның құнды қағаздарын тиімді басқару және қауіпсіз жерде сақтау мүмкіндігін ұсынатын, бұлтқа негізделген АТ шешім болып табылады. HP Touchpoint Manager вирус және басқа шабуыл түрлерінен қорғауға көмектеседі, құрылғыны қорғайды және соңғы пайдаланушының техникалық және қауіпсіздік мәселелерін шешуге жұмсайтын уақытын үнемдейді.
Саусақ ізін оқу құрылғысының орналасуы Саусақ ізін оқу құрылғысы – қол тірегінің оң жағында орналасқан кішкентай темір сенсор. Компьютердің үлгісіне байланысты оқу құрылғысы көлденең немесе ұзыннан бағытталуы мүмкін. Оның екі түрі де саусағыңызды металды сенсордың үстіне тігінен тигізуіңізді талап етеді. Компьютеріңіздегі саусақ ізін оқу құрылғысының орны туралы ақпаратты Компьютермен танысу (4-бет) бөлімінен қараңыз.
10 Күтім Компьютерді тазалау Компьютерді қауіпсіз түрде тазалау үшін келесі өнімдерді пайдаланыңыз: ● Диметил бензил аммоний хлоридінің 0,3 пайыздық тұнбасы (мысалы, әртүрлі компаниялар шығарған бір рет қолданылатын сүрткіштер түрінде).
Сенсорлы тақта, пернетақта немесе тінтуірді тазалау АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ішкі бөлшектерінен ток соғуды болдырмай немесе ішкі бөліктеріне зақым келтірмей тазалау үшін шаңсорғышты қолданбаңыз. Шаңсорғышты қолданғанда пернетақта бетіне тұрмыстық қалдықтар жиналып қалуы мүмкін. ЕСКЕРТУ: Ішкі бөліктерді зақымдамау үшін, сұйықтықтардың пернелер арасына тамшылап түсуіне жол бермеңіз.
11 Сақтық көшірме жасау және қалпына келтіру Ақпаратыңызды қорғауға және қажет болса қалпына келтіруге көмектесетін НР және Windows құралдары компьютерде бар. Бұл құралдар компьютерді оның дұрыс жұмыс күйіне оңай келтіруге көмектеседі.
Нұсқаулар ● Қалпына келтіру медиасын жасау немесе сақтық көшірмені дискіде сақтау кезінде мына диск түрлерін (бөлек сатылады) пайдаланыңыз: DVD+R, DVD+R DL, DVD-R, DVD-R DL немесе DVD±RW. Пайдаланылатын дискілер қолданыстағы оптикалық диск түріне байланысты болады. ● Қалпына келтіру медиасын жасамас немесе сақтық көшірме жасау үрдісін бастамас бұрын компьютердің айнымалы ток көзіне жалғанғанын тексеріңіз.
дискілерін (тек таңдаулы үлгілерде) жасау қажет. Алғашқы және кейінгі сақтық көшірмелеріңіз проблема туындағанда деректерді қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Қосымша сыртқы қатты дискіге, желілік дискіге немесе дискілерге ақпараттың сақтық көшірмесін жасауыңызға болады. Сақтық көшірме жасау кезінде төмендегі кеңестерге назар аударыңыз: ● Жеке файлдарды Құжаттар кітапханасына сақтап, олардың сақтық көшірмелерін тұрақты түрде жасап тұрыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютерді іске қосу әрі бұрын жасалған жүйені жөндеу медиасын (тек таңдаулы үлгілерде) пайдалану мүмкін болмаса, Windows 7 амалдық жүйесінің DVD медиасын сатып алып компьютерді қайта жүктеу және амалдық жүйені жөндеу керек болады. Қосымша ақпарат алу үшін Windows 7 амалдық жүйесінің DVD медиасы (70-бет) бөлімін қараңыз.
4. Восстановление запуска (Басталғанда қалпына келтіру) пәрменін таңдаңыз. 5. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Windows құралдарымен ақпаратты қалпына келтіру туралы қосымша ақпарат алу үшін, Пуск (Пуск) > Справка и Поддержка (Анықтама және қолдау) ішінде осы тақырыптарды іздеңіз. f11 қалпына келтіру құралдары (тек таңдаулы үлгілерде) ЕСКЕРТУ: f11 пернесін пайдалану қатты дисктегі мазмұнды толығымен жойып, оны қайта пішімдейді.
1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз. 2. Компьютерді өшіріп, қайта қосыңыз да, Windows 7 амалдық жүйесінің DVD дискісін Windows амалдық жүйесі жүктелгенше оптикалық диск жетегіне салыңыз. 3. Сұралғанда, пернетақтадағы кез келген пернені басыңыз. 4. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз. 5. Далее (Келесі) түймешігін басыңыз. 6. Восстановить компьютер (Компьютерді жөндеу) құсбелгісін қойыңыз. 7. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Қалпына келтіру үрдісі аяқталғаннан кейін: 1.
12 Computer Setup (BIOS), TPM және HP Sure Start Computer Setup пайдалану Computer Setup немесе BIOS (Basic Input/Output System) жүйедегі бүкіл кіріс және шығыс құрылғыларының (мысалы, диск жетектері, монитор, пернетақта, тінтуір және принтер) арасындағы байланысты басқарады. Computer Setup ішінде орнатылған құрылғылардың параметрлері, компьютердің жүктелу реті және жүйе мен кеңейтілген жадтың көлемі қамтылған. ЕСКЕРТПЕ: Computer Setup құралына өзгертулер енгізу кезінде сақ болыңыз.
Computer Setup мәзірлерінен шығу үшін, төмендегі әдістердің біреуін пайдаланыңыз: ● Өзгертулерді сақтамай Computer Setup мәзірлерінен шығу үшін, мына әрекеттер орындаңыз: Экранның төменгі оң жақ бұрышындағы Exit (Шығу) белгішесін таңдаңыз және экрандағы нұсқауларды орындаңыз. – немесе – Main (Негізгі) опциясын, одан кейін Ignore Changes and Exit (Өзгерістерді сақтамай шығу) опциясын таңдаңыз және enter пернесін басыңыз.
Кейбір жүктелетін бумалардың құрамында файлды орнату және ақаулықтарды жою туралы ақпаратты қамтитын Readme.txt файлы бар. BIOS нұсқасын анықтау Computer Setup (BIOS) утилитасын жаңарту қажеттілігін анықтау үшін алдымен компьютердегі BIOS нұсқасын анықтаңыз. BIOS нұсқасының ақпаратын (ROM date (ROM күні) және System BIOS) (BIOS жүйесі) деп те аталады) fn +esc пернелерін басу (Windows жүйесінде болған жағдайда) немесе Computer Setup утилитасын ашу арқылы көрсетуге болады. 1.
ЕСКЕРТПЕ: Егер компьютер желіге қосылған болса, бағдарламалардың жаңартуларын, әсіресе жүйенің BIOS жаңартуларын орнатпас бұрын желілік әкімшімен байланысыңыз. BIOS нұсқасын орнату іс реттері әртүрлі екен. Жүктеп алу үрдісі аяқталғаннан кейін экранда көрсетілетін нұсқауларды орындаңыз. Нұсқаулар экранға шығарылмаған жағдайда мына қадамдарды орындаңыз: 1. Пуск (Бастау) > Компьютер тармақтарын таңдаңыз. 2. Тағайындалған қатты дискіні таңдаңыз.
Computer Setup утилитасында TPM параметрлеріне қол жеткізу үшін 1. Computer Setup (Компьютерді орнату) утилитасын бастаңыз. Computer Setup (Компьютерді орнату) утилитасын бастау (72-бет) бөлімін қараңыз. 2. Security (Қауіпсіздік) тармағын, одан кейін TPM Embedded Security (ТРМ енгізілген қауіпсіздігі) тармағын таңдаңыз да, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
13 HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) пайдалану HP PC Hardware Diagnostics – бірыңғай кеңейтілетін ішкі бағдарламалық құрал интерфейсі (UEFI). Бұл құрал компьютердің аппараттық құралдарының дұрыс жұмыс істейтінін анықтау үшін диагностикалық сынақтарды жүргізуге мүмкіндік береді. Құрал амалдық жүйенің сыртында жұмыс істейді және амалдық жүйенің өзі немесе басқа бағдарламалық құралдар бөліктері туындауы мүмкін аппараттық құралдың ақаулықтарын бөлектейді.
UEFI құралының ең соңғы нұсқасын жүктеп алу 1. http://www.hp.com/go/techcenter/pcdiags веб-торабына өтіңіз. HP PC Diagnostics басты беті көрсетіледі. 2. HP PC Hardware Diagnostics бөлімінде Download (Жүктеу) сілтемесін таңдап, Выполнить (Орындау) түймешігін басыңыз. Белгілі бір өнімге арналған кез келген UEFI нұсқасын жүктеп алу 1. http://www.hp.com/support веб-торабына кіріп, еліңізді таңдаңыз. HP қолдау терезесі ашылады. 2.
14 Қолдау Қолдау қызметіне хабарласу Осы пайдаланушы нұсқаулығындағы немесе Анықтама және қолдау бөлімдеріндегі ақпарат сұрақтарыңызға жауап бермесе, қолдау қызметіне хабарласуға болады: Қолдауды алу үшін, http://www.hp.com/support сілтемесін басып, еліңізді таңдаңыз. Бұл жерде сізде мынадай мүмкіндіктер болады: ● HP маманымен желіде тікелей тілдесу. ЕСКЕРТПЕ: Белгілі бір тілде қолдауға байланысты сөйлесу мүмкін болмаса, ағылшын тілін пайдалануға болады. ● Қолдау қызметінің телефон нөмірлерін табу.
Жапсырмалар Компьютерге жапсырылған жапсырмалар жүйе ақаулықтарын жойғанда немесе компьютер алып шетелге саяхатқа шыққанда қажет болуы мүмкін. МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Компьютеріңіздің үлгісіне байланысты, осы бөлімде көрсетілген барлық жапсырмалар 3 орынның біреуінде орналасады: компьютердің төменгі жағына жабыстырылған, батарея орнында немесе қызмет көрсету үшін ашылатын есіктің астында орналасқан. ● Сервистік жапсырма компьютерді анықтауға арналған маңызды ақпаратты қамтамасыз етеді.
15 Техникалық сипаттамасы ● Тұтынылатын қуат ● Жұмыс ортасы Тұтынылатын қуат Егер сіз компьютерді алып, халықаралық саяхат жасауды жоспарласаңыз, осы бөлімде берілген қуат туралы ақпарат пайдалы болуы мүмкін. Компьютер айнымалы немесе тұрақты ток көзінен келетін тұрақты ток арқылы жұмыс істейді. Айнымалы ток көзі 100–240 В, 50–60 Гц шамасында болуы керек.
16 Қолжетімділік HP компаниясы әркім, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі адамдар тарапынан, не жеке не сәйкес көмекші құрылғылар арқылы пайдаланыла алатын өнімдерді құрады, өндіреді және сатады. Қолдау көрсетілетін сыналды технологиялары HP өнімдері амалдық жүйе сыналды технологиялары түрлі қолдау және қосымша сыналды технологиялары жұмыс конфигурациялауға болады. Сыналды мүмкіндіктері туралы қосымша ақпарат табу үшін құрылғының Іздеу мүмкіндігін қолданыңыз.
а Компьютерді сапарға алып шығу немесе тасымалдау Компьютерді сапарға алып шығу немесе тасымалдау керек болса, құрылғыны қорғаудың кейбір кеңестерін осы жерден табасыз. ● Компьютерді тасымалдауға дайындау: ◦ Ақпараттың сақтық көшірмесін сыртқы дискіге жазыңыз. ◦ Компьютерден жад карталары сияқты барлық дискілер мен сыртқы медиа карталарын шығарып алыңыз. ◦ Барлық сыртқы құрылғыларды өшіріп, ажыратыңыз. ◦ Компьютерді сөндіріңіз. ● Ақпараттың сақтық көшірмесін бірге алып жүріңіз.
ә Ақаулықтарды жою Ақаулықтарды жою көздері ● Компьютер туралы веб-тораптар сілтемелерін және қосымша ақпаратты Справка и поддержка (Анықтама және қолдау) орталығынан табыңыз. Анықтама және қолдау орталығына кіру үшін, Пуск (Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама және қолдау) тармағын таңдаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Кейбір тексеру және жөндеу құралдарын пайдалану үшін Интернетке қосылу қажет. НР компаниясы Интернетке қосылмайтын қосымша да құралдарды ұсынады. ● Қолдау қызметімен хабарласыңыз.
параметрлерін өзгерту үшін, Windows жұмыс үстелінің тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан хабарландыру аймағындағы Аккумулятор (Батарея) белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Предпочтения (Таңдаулы параметрлер) пәрменін таңдаңыз. ● Компьютер оның экранында кескіндерді көрсететіндей етіп теңшелмеген болуы мүмкін. Кескінді компьютердің экранына жіберу үшін fn+f4 пернелерін басыңыз.
● Құрылғыны өндірушінің нұсқауларына сәйкес қосыңыз. ● Құрылғының барлық сымдары қауіпсіз жалғанып тұрғанын тексеріңіз. ● Құрылғыға электр қуатының келіп тұрғанын тексеріңіз. ● Құрылғының, әсіресе, ескі нұсқа болса, амалдық жүйемен үйлесімдігін тексеріңіз. ● Дұрыс және жаңартылған драйверлердің орнатылғанын тексеріңіз.
Фильм сыртқы дисплейде көрінбейді 1. Егер компьютердің өз дисплейі де, сыртқы дисплей де қосылып тұрса, екеуінің арасында ауысып отыру үшін, fn+f4 пернесін бір немесе бірнеше рет басыңыз. 2. Сыртқы дисплейді бастапқы ету үшін, монитор параметрлерін мына жолмен реттеңіз: а. Windows жүйесінде, компьютердің жұмыс үстелінің бос аймағында оң жақ түймешікпен басып, Разрешение экрана (Экран ажыратымдылығы) параметрін таңдаңыз. ә. Негізгі дисплей мен қосалқы дисплейді көрсетіңіз.
б Электростатикалық разряд Электростатикалық ток соғу — екі зат бір-біріне тигізгенде пайда болатын статикалық электр тогы. Мысалы, кілем үстімен жүріп бара жатып темір есіктің тұтқасын ұстағанда пайда болатын сезім. Саусақ немесе басқа электростатикалық ток өткізгіштері арқылы электростатикалық ток соғуы электрондық бөліктерді зақымдайды.
Индекс А Автоматты DriveLock құпия сөзі енгізу 59 шығарып алу 60 ажыратымдылығы жоғары құрылғылар, жалғау 33 айнымалы ток адаптері, тексеру 43 айнымалы ток адаптерін тексеру 43 ақаулықтарды жою дискіге жазу 87 дискіні ойнату 86 ақаулықтарды жою, сыртқы дисплей 87 аудио кіріс (микрофон) ұясы, анықтау 6 аудио функциялар, тексеру 30 аудио функцияларды тексеру 30 аудио шығыс (құлаққап) ұясы, анықтау 6 Ә әкімші құпия сөзі 53 Б бағдарламалық құрал антивирус 60 Дискіні дефрагментациялау құралы 51 Дискіні тазалау
Қ қалпына келтіру, жүйе 68 қалпына келтіру бөлімі 70 қалпына келтіру құралдары 66 қалпына келтіру құралдары, Windows 69 қалпына келтіру медиасы, бастапқы қалпына келтіру үшін пайдалану 70 қалпына келтіру медиасы, жасау 67 қатты диск сыртқы 47 қатты диск жетегін қалпына келтіру 70 қатты дискіні қалпына келтіру 70 қауіпсіздік, сымсыз 17 қауіпсіздік кабелінің ұясы, анықтау 5 қоғамдық WLAN қосылымы 18 қолжетімділік 82 қондыру қосқышы пайдалану 47 қондыру құрылғысының қабылдағыштары, анықтау 13 қосқыш, қуат 5, 3
Сенсорлы тақта түймешіктер 8 сенсорлы тақта пайдалану 22 Сенсорлы тақта аймағы анықтау 8 Сенсорлы тақта қимылдары 2 саусақ көмегімен қысып масштабтау 24 2 саусақпен басу 24 жылжу 23 пайдалану 22 сенсорлы тақта қимылдары айналдыру 25 Сенсорлы тақтаның 2 саусақ көмегімен қысып масштабтау қимылы 24 Сенсорлы тақтаның 2 саусақпен басу қимылы 24 сенсорлы тақтаның айналдыру қимылы 25 сенсорлы тақтаның жылжу қимылы 23 Сенсорлы тақтаның шамы, анықтау 9 сериялық нөмір 80 сериялық нөмір, компьютер 80 смарт карта анықт
H HDMI, дыбысты реттеу 34 HDMI порты, анықтау 4 HDMI порты, жалғау 33 HP Client Security құралы 61 HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) пайдалану 77 HP Recovery Disc Creator, пайдалану 67 J Java картасы анықталған 44 салу 44 шығарып алу 44 M Microsoft түпнұсқалық туралы куәлігінің жапсырмасы 80 MultiStream Transport 35 N NFC антеннасы, анықтау 7 num lk пернесі, анықтау 28 num lock, сыртқы пернетақта 28 num lock пернесінің шамы 9 S SIM картасы салу 19 SIM карта ұясы, анықтау 4 SoftPaq файлдары, жүктеу 65 Sure S