Basics of laptops - Windows 7
Table Of Contents

6 Ноутбук негіздері
2-тарау: Келесі қадам қандай?
Интернетке қосылуға арналған жабдық пен бағдарламалық құрал компьютер үлгісіне
жəне құрылғы орналасқан жерге байланысты əртүрлі болады.
Интернетке қосылу түрін таңдау
Компьютер Интернетке қосылудың 2 түрін қолдайды:
■ Сымсыз - Интернетке мобильді кіру үшін сымсыз қосылымды пайдалана аласыз.
Компьютерді бұрыннан бар сымсыз желіге қосу немесе сымсыз желіні теңшеу
туралы ақпарат алу үшін «Бар сымсыз желіге қосу» бөлімін немесе «Сымсыз
желіні орнату» бөлімін қараңыз.
■ Сымды - Интернетке қосылу үшін RJ-11 (модем) ұясына (таңдаулы үлгілерде
ғана) жалғанған модем кабелін пайдалану арқылы қызметті жеткізушіге нөмірді
қолмен тере аласыз немесе RJ-45 (желі) ұясын пайдалану арқылы кең ауқымды
желіге қосала аласыз.
Компьютердің желіге қосылу мүмкіндіктері төмендегі қосылу түрлері арқылы
жылдамдығы өте жоғары кең ауқымды Интернет қызметін жеткізушілерге қосылу
мүмкіндігін береді:
■ Кабель модемі
■ Сандық абоненттік желі (DSL)
■ Спутникті
■ Басқа қызметтер
Кең ауқымды кіру үшін Интернет қызметін жеткізуші (ISP) қамтамасыз еткен қосымша
жабдық немесе бағдарламалық құралдар қажет болуы мүмкін.
Интернет қызметін жеткізушіні таңдау
Интернетке қосылмас бұрын Интернет қызметін теңшеу қажет. Компьютер
Интернеттегі жаңа жазбаны теңшеуге нмесе бұрыннан бар жазбаны пайдалану үшін
компьютерді теңшеуге көмектесетін төмендегі бағдарламалық құрал мүмкіндіктерін
қамтиды.
■ Интернет қызметтері мен ұсыныстары (кейбір жерлерде қолданылады)
■ «Интернет қызметін жеткізуші ұсынған» белгішелері (кейбір жерлерде
қолданылады)
■ Windows жүйесінің Интернетке қосылу шебері (кейбір жерлерде қолданылады)
Интернетке қосылу
597893-DF1.book Page 6 Tuesday, December 22, 2009 4:21 PM










