Basics of laptops - Windows 7

Ноутбук негіздері 7
2-тарау: Келесі қадам қандай?
Интернет қызметтері мен ұсыныстары функциясын пайдалану
Егер Интернет қызметтері мен ұсыныстары қызметтік бағдарламасы компьютер сатып
алынған елде немесе аумақта қолдаулы болса, қызметтік бағдарламаға төмендегі
тəсілдердің біреуін пайдалану арқылы кіруге болады: Пуск (Бастау) түймешігін
басыңыз, Все программы (Барлық бағдарламалар) параметрін таңдаңыз,
Интерактивные службы (Көзбе-көз белсенді қызметтер) параметрін таңдаңыз, одан
кейін Получить в интерактивном режиме (Көзбе-көз белсенді алу) та
рмағын
нұқыңыз.
Интернет қызметтері мен ұсыныстары қызметтік бағдарламасы төмендегі
тапсырмалар орындауға көмектеседі:
Интернеттегі жаңа жазбаны тіркеу
Компьютерді бар жазбаны пайдалануға теңшеу
Интернет қызметін жеткізуші ұсынған белгішелерді пайдалану
«Интернет қызметін жеткізуші ұсынған» белгішелері компьютерді сатып алған елде
немесе аймақта қолданылс, белгішелер Windows жүйесінің жұмыс үстелінде жеке
түрде бейнеленуі немесе Интерактивные службы (Көзбе-көз белсенді қызметтер) атты
үстелдік қалтада топталған болуы мүмкін.
» Интернеттегі жаңа жазбаны теңшеу немесе компьютерді бар жазбаны
пайдалануға баптау үшін белгішені екі ре нұқыңыз, одан кейін экрандағы
нұсқаулар орындаңыз.
Windows жүйесінің Интернетке қосылу шеберін пайдалану
Windows жүйесінің Интернетке қосылу шеберін интернетке төмендегі жағдайлардың
кез келгенінде қосыла аласыз:
Интернет қызметін жеткізуші тіркеген жазбаңыз бар болса.
Интернет қызметін жеткізуші берген дискісі бар болса.
Интернеттегі жазбаңыз болмаса жəне интернет қызметін жеткізушіні шебердегі
тізімнен таңдағыңыз келсе. (Итернет қызметін жеткізушілердің тізімі барлық
аймақтарда көрсетілмеуі мүмкін).
Егер тізімде жоқ интернет қызметін жеткізуші таңдалған болса жəне таңдалған
интернет қызметін жеткізуші IP мекенжайы, сондай-ақ POP3 жəне SMTP
параметрлері сияқты қажетті ақпарат берген болса.
Windows жүйесінің Интернетке қосылу шеберіне кіру жəне шеберді пайдалану
нұсқауларын ашу үшін Пуск (Бастау) түймешігін басып, Справка и поддержка
(Анықтама жəне қолдау) пəрменін таңдаңыз да,
Мастер подключения к Интернету
(Интернетке қосылу шебері) құралын іздеңіз.
Шебер Windows желіаралық қалқанын қосу немесе ажыратуды таңдауыңызды
сұраса, желіаралық қалқанды қосу пəрменін таңдаңыз.
597893-DF1.book Page 7 Tuesday, December 22, 2009 4:21 PM