Basics of laptops - Windows 7
Table Of Contents

Ноутбук негіздері 15
3-тарау: Ақаулықтарды жою
Егер компьютер ақаулықтары туындаса, олар шешілгенше, ұсынылған рет бойынша
ақаулықтар жоюға арналған қадамдарды орындаңыз:
■ Осы тараудың «Ақаулықтарды жылдам жою» атты келесі бөлімді қараңыз.
■ Компьютер туралы веб-тораптар сілтемелерін жəне қосымша ақпаратты Справка
и поддержка (Анықтама жəне қолдау) орталығынан табыңыз. Пуск (Бастау)
түймешігін басып, одан кейін Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау)
пəрменін таңдаңыз.
✎
Көптеген тексеру жəне қалпына келтіру құралдарын іске қосу үшін
Интернетке қосылу қажет болса да, Анықтам жəне қолдау орталығы
сияқты басқа құралдар компьютер дербес күйде жұмыс істеген кезде
мəселені шешуге көмектесе алады.
Компьютерді бастау мүмкін емес
Егер қуат түймешігін басқан кезде компьютер қосылмаса, төмендегі ұсыныстар
компьютердің неге басталмайтынын анықтауға көмектесе алады:
■ Егер компьютер электр розеткасына қосылған болса, электр қуаты көзінің
жұмысын тексеру үшін бұл розеткаға басқа электр құрылғысын жалғаңыз.
✎
Компьютермен қоса қамтамасыз етілген тек қана айнымалы ток адаптерін немесе
НР компаниясы осы компьютер үшін бекіткен адаптерді пайдаланыңыз.
■ Егер компьютер батареяда жұмыс істесе немесе айнымалы ток розеткасынан
басқа сыртқы қуат көзіне жалғанға болса, айнымалы ток адаптерін пайдаланып,
компьютерді айнымалы ток розеткасына жалғаңыз. Қуат сымы мен айнымалы ток
адаптерінің қауіпсіз түрде жалғанғанын тексеріңіз.
Ақаулықтарды жою көздері
Ақаулықтарды жылдам жою
597893-DF1.book Page 15 Tuesday, December 22, 2009 4:21 PM










