Basics of laptops - Windows 7
Table Of Contents

16 Ноутбук негіздері
3-тарау: Ақаулықтарды жою
Компьютердің экраны бос екен
Егер экран бос, бірақ компьютер əлі өшірілмеген болса, оған мына себеп немесе
бірнеше себеп болуы мүмкін:
■ Компьютер Ұйқы немесе Күту режимінде болуы мүмкін.
Ұйқы немесе Күту режимінен шығу үшін қуат түймешігін жылдам басыңыз.
■ Ұйқы немесе Күту режимі дисплейді өшіретін энергия үнемдеуге арналған
функция болып табылады. Ұйқы немесе Күту режимі қосылған компьютер
қолданылмайтын кезде немесе компьютер батареясының заряды төмен деңгейге
жеткен кезде іске қосылады. Аталған жəне басқа да қуат параметрлерін өзгерту
үшін Пуск (Бастау) түймешігін басып, Панель управления (Басқару тақтасы)
пəрменін таңдаңыз да, Система и безопасность (Жүйе жəне қа
уіпсіздік) санатын
таңдап, Параметры электропитания (Қуат параметрлері) тапсырмасын
таңдаңыз.
■ Компьютер оның экранында кескіндерді көрсететіндей етіп теңшелмеген болуы
мүмкін.
Кескінді компьютердің экранында көрсету үшін f4 пернесін басыңыз.
Модельдердің басым бөлігінде монитор сияқты қосымша сыртқы дисплей
компьютерге қосылған кезде кескін компьютер экранына, сыртқы дисплейге
немесе құрылғылардың екеуіне бір мезгілде берілуі мүмкін. f4 пернесі қайта
басылған кезде кескін компьютер дисплейі жəне бір немесе бірнеше сыр
тқы
дисплей арасында аыстырылып көрсетіледі, сондай-ақ барлық құрылғыларда бір
уақытта көрсетіледі.
Бағдарламалық құрал дұрыс жұмыс істемей отыр
Егер бағдарламалық құрал жауап бермесе немесе дұрыс жауап бермесе, төмендегі
əрекеттерді орындаңыз:
■ Пуск (Бастау) мəзірін ашып, Выход из системы (Жүйеден шығу) түймешігіне
жақын орналасқан көрсеткіні басу, одан кйін Перезапуск (Қайта бастау)
түймешігін басу арқылы компьютерді қайта бастаңыз.
Бұл əрекеттерді пайдалана отырып, компьютерді қайта бастау мүмкін болмаса,
«Компьютер іске қосылған, біра жауап бермей отыр» келесі бөліміне өтіңіз.
■ Вирустардың бар-жоғын тексеріңіз. Компьютердегі вирусқа қарсы қор көздерін
пайдалану туралы ақпаратты ал үшін 2-тараудағы «Компьютерді вирустардан
қорғау» бөлімін қараңыз.
Компьютер іске қосылған, бірақ жауап бермей отыр
Егер компьютер іске қосылған болса, бірақ ол бағдарламаның немесе пернетақтаның
пəрмендеріне жауап бермее, компьютер жұмысын аяқтамас бұрын төтенше өшіру іс
ретін жүзеге асырыңыз:
Ä
ЕСКЕРТУ: Төтенше өшіру іс ретін пайдалану сақталмаған мəліметтердің жоғалуына əкеліп
соғады.
597893-DF1.book Page 16 Tuesday, December 22, 2009 4:21 PM










