Basics of laptops - Windows 7
Table Of Contents

Ноутбук негіздері 17
3-тарау: Ақаулықтарды жою
■ ctrl+alt+delete пернелерін басыңыз. Одан кейін экранның төменгі оң жақ 
бұрышында пайда болған Завершение работы (Жұмысты аяқтау) белгішесін 
нұқыңыз.
■ Қуат түймешігін кемінде 5 секунд басып тұрыңыз.
■ Компьютерді сыртқы қуат көзінен ажыратып, батареяны алып тастаңыз.
Компьютер əдеттен тыс жылы
Компьютер пайдалану кезінде аз ғана жылы болады, бұл қалыпты құбылыс. Бірақ егер 
компьютер əдеттен тыс жылы болса, желдеткіш саңылауы бітелгендіктен компьютер 
қызып кетуі мүмкін.
Егер компьютер қызып кетті деп күдіктенсеңіз, компьютердің бөлмедегі температураға 
дейін суынуы қажет. Одан кейін компьютерді пайдалану кезінде барлық желдеткіш 
саңылауларын бітелмегеніне көз жеткізіңіз.
Å
АБАЙЛАҢЫЗ: Күйік алу қатерін азайту жəне компьютерді қызып кетуден сақтау үшін 
оны тізеге қоймаңыз немесе ауа желдеткішінің саңылауларын бітемеңіз. Компьютерді тек 
қатты жəне тегіс бетте пайдаланыңыз. Жақын жерде тұрған принтер сияқты қатты 
заттардың немесе жастық, кілем не киім сияқты жұмсақ заттардың ауа келу жолдарын 
бітеуіне жол бермеңіз. Компютермен жұмыс істеу кезінде айным
алы ток адаптерінің дене 
немесе жастық, кілем немесе киім сияқты жұмсақ аттармен қатынасуына да жол бермеңіз. 
Компьютер мен ауыспалы ток адаптері ақпараттық құралдар аумағында олданылатын 
(IEC 60950) құрылғы қауіпсіздігі бойынша халықаралық стандарттармен анықталған 
пайдаланушыларға арналған шектелген бет температурасы талаптарына сəйкес келеді.
✎
Компьютердің ішінде орналасқан желдеткіш автоматты түрде басталып, ішкі 
бөліктерді суытады да, құрылғыны қызып кетуден қорғайды. Жұмыс істеу 
барысында ішкі желдеткіш қосылады да, өшіріледі. Бұл қалыпты құбылыс.
Сыртқы құрылғы жұмыс істемей отыр
Сыртқы құрылғы дұрыс жұмыс істемесе, төмендегі əрекеттерді орындаңыз:
■ Құрылғыны өндірушінің нұсқауларына сəйкес қосыңыз.
■ Құрылғының барлық қосылыстарының дұрыс екеніне көз жеткізіңіз.
■ Құрылғы электр қуатына жалғанғанына көз жеткізіңіз.
■ Құрылғының, əсіресе ескі болған жағдайда, амалдық жүйемен сыйысымды екенін 
тексеріңіз.
■ Дұрыс драйверлер орнатылғанына жəне жаңартылғанына көз жеткізіңіз.
597893-DF1.book Page 17 Tuesday, December 22, 2009 4:21 PM










