Basics of laptops - Windows 7

Ноутбук негіздері 19
А қосымшасы: Сақтық көшірме жасаужəне
қалпына келтіру
Амалдық жүйенің жəне HP Recovery Manager бағдарламалық құралының құралдары
мəліметтеріңізді қорғау жəне жүйе ақаулығы орын алған жағдайда оларды қалпына
келтіру тапсырмаларын орындауға көмектесуге арналған:
Ақпараттың сақтық көшірмесін жасау
Қалпына келтіру дискілерінің жиынын жасау
Жүйені қалпына келтіру межелерін жасау
Бағдарламаны немесе драйверді қалпына келтіру
Толық жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру
Жүйе қатесі немесе жүйе тұрақсыздығы орын алған жағдайда жүйені бастапқы
зауыттық күйіне келтіру үшін HP кмпаниясы қалпына келтіру дискілерін жасауды
ұсынады. Бұл дискілерді компьютерді бірінші рет орнатқаннан кейін жасаңыз.
Бұл дискілерді қолданғанда сақ болыңыз да, оларды қауіпсіз жерде сақтаңыз.
Бағдарламалық құрал қалпына кетіру дискілерінің бір жинағын ғана жасауға
мүмкіндік береді.
Қалпына келтіру дискілерін жасамас бұрын төмендегі ережелерді есіңізде сақтаңыз:
Сапасы жоғары DVD+R, DVD-R немесе CD-R дискілері қажет. Бұл дискілер
бөлек сатылады. Ықшым дискілермен салыстырғада, DVD дискілерінің
сыймдылығы жоғары. Егер ықшам дискілерді пайдалансаңыз, 20-ға жуық диск
қажет болуы мүмкін, алайда тек бірнеше DVD дискісі ғана қажет.
Жазуға жəне қайта жазуға арналған дискілер (CD-RW, DVD±RW
дискілері сияқты), қос қабатты DVD±R дискілері Recovery Manager
бағдарламалық құралымен сыйыспайды.
Бұл үрдіс барысында компьютер айнымалы ток қуат көзіне жалғанған болуы
қажет.
Бір компьютерде қалпына келтіру дискілерінің тек қана бір жинағын жасауға
болады.
Əр дискіні компьютердің оптикалық диск жетегіне енгізбес бұрын нөмірлеңіз.
Егер қажет болса, қалпына келтіру дискілерінің жасалуын аяқтағанға дейін
бағдарламадан шыға аласыз. Келесі рет Recovery Manager бағдарламасы ашылған
кезде сізге дискілерді жасау үрдісін жалғастыру ұсынылады.
Қалпына келтіру дискілерінің жинағын жасау үшін
1. Пуск (Бастау) түймешігін басып, Все программы (Барлық бағдарламалар)
пəрменін таңдаңыз да, Recovery Manager бағдарламасын таңдаңыз, одан кейін
Создание диска восстановления (Қалпына келтіру дискісін жас
ау) тармағын
нұқыңыз.
2. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Қалпына келтіру дискілерін жасау
597893-DF1.book Page 19 Tuesday, December 22, 2009 4:21 PM