Basics of laptops - Windows 7
Table Of Contents

20 Ноутбук негіздері
А қосымшасы: Сақтық көшірме жасаужəне қалпына келтіру
Жүйе ақаулығынан кейін жүйені қалпына келтіру жəне ағымдағы сақтық көшірме
бірдей нəтиже береді. Бағдарламалық құрал орнатылғаннан кейін қалпына келтіру
дискілерінің жинағын бірден жасау қажет. Бұл дискілер амалдық жүйенің
тұрақсыздығы немесе ақаулығы жағдайында компьютерді бастауға (қайта бастауға)
мүмкіндік берді.
Жаңа бағдарлама жəне деректер файлдары қосылғаннан кейін ең соңғы са
қтық
көшірме жасауды қамтамасыз ету үшін жүйенің сақтық көшірмесін жүйелі түрде
жасауды жалғастыру қажет. Мына жағдайларда жүйенің сақтық көшірмесін жасаңыз:
■ Жүйелі түрде жоспарланған кесте бойынша
✎
Мəліметтердің сақтық көшірмесін жүйелі түрде жасау үшін еске
салғышты орнатыңыз.
■ Компьютер жөнделмес немесе қалпына келтірілмес бұрын
■ Жабдықты немесе бағдарламалық құралды қоспас немесе өзгертпес бұрын
Сақтық көшірме жасау кезінде төмендегі кеңестерге назар аударыңыз:
■ Жүйені қалпына келтіру межелерін Recovery Manager құралын пайдалану арқылы
жасап, олардың көшірмесін жүйелі түрд дискіге сақтаңыз.
■ Жүйені қалпына келтіру межелерін Windows жүйені қалпына келтіру функциясын
пайдалану арқылы жасаңыз.
■ Жеке файлдарды құжаттар кітапханасында сақтаңыз да, бұл қалтаның сақтық
көшірмесін жүйелі түрде жасаңыз.
■ Байланысты бағдарламаларда сақталған үлгілердің сақтық көшірмелерін жасаңыз.
■ Терезе, құралдар тақтасы не мəзір жолында өзгертпелі параметрлерді олардың
экран суретін жасау арқылы сақтаңыз. Параметрлерді қалпына келтіру қажет
болған кезде экран суреті уақытыңызды сақтауы мүмкін.
Экран көшіру жəне суретті мəтіндерді пысықтау құжатына қою үшін төмендегі
қадамдарды орындаңыз:
a. Экранды көрсетіңіз.
b. Экран суретін көшіріңіз:
Белсенді терезені ғана көшіру үшін alt+fn+prt sc пернелер тіркесімін басыңыз.
То
лық терезені көшіру үшін fn+prt sc пернелер тіркесімін басыңыз.
c. Мəтіндерді пысықтау құжатын ашу үшін Правка (Өңдеу) мəзірінен Вставить
(Қою) пəрменін таңдаңыз.
d. Құжатты сақтаңыз.
■ Ақпараттың сақтық көшірмесін қосымша сыртқы қатты диск, желілік диск
не дискілерді жасауға болады.
■ Сақтық көшірмені дискіде сақтау кезінде мына диск түрлерін (бөлек сатылады)
пайдаланыңыз: CD-R, CD-RW, DVD+R, DVD-R немесе DVD±RW.
Пайдаланылатын дискілер түрі компьютерде орнатылған оптикалық диск
салғыштың түріне байланысты болады.
✎
Қос қабатты DVD±R дискілері қолданылмайды.
■ Сақтық көшірмені дискіде жасау кезінде дискілерді компьютердің оптикалық диск
салғышына енгізбес бұрын əр дискіні нөмірлеңіз.
Ақпараттың сақтық көшірмесін жасау
597893-DF1.book Page 20 Tuesday, December 22, 2009 4:21 PM










