Basics of laptops - Windows 7

Ноутбук негіздері 23
А қосымшасы: Сақтық көшірме жасаужəне қалпына келтіру
Бұрын сақтық көшірме жасалған файлдарды ғана қалпына келтіре аласыз. НР
компаниясы компьютерді орнатқаннн кейін қалпына келтіру дискілерінің
жиынын (бүкіл дискінің сақтық көшірмесін) жасау үшін Recovery Manager
бағдарламасын пайдалануды ұсынады.
Recovery Manager бағдарламалық құралы жүйе қатесі немесе жүйе тұрақсыздығы
орын алған жағдайда жүйені жөндеуге немесе қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
Recovery Manager бағдарламасы қатты дискіде арнайы қалпына келтіру бөлімінен (тек
таңдаулы үлгілерде) немесе сіз асаған қалпына келтіру дискілерінен жұмыс істейді.
Бірақ, егер компьютерде SSD дискісі болса, онда қалпына келтіру бөлімі болмауы
мүмкін. Бұл жағдайда, қа
лпына келтіру дискілері компьютермен брге беріледі. Бұл
дискілерді амалдық жүйені жəне бағдарламалық құралдарды қалпына келтіру үшін
пайдаланыңыз.
Windows жүйесінде Жүйені қалпына келтіру сияқты жөндеу мүмкіндіктері бар.
Егер бұл мүмкіндіктерді əлі сынап көрмесеңіз, Recovery Manager құралын
пайдаланбас бұрын оларды сынап көріңіз. Кірістірілген қалпына келтіру
мүмкіндіктері туралы қосымша ақпарат алу үшін Пуск (Бастау) түймешігін
басыңыз, одан кейін Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) пəрменін
таңдаңыз.
Recovery Manager құралы зауытта алдын ала орнатылған бағдарламалық
құралдарды ғана қалпына келтіреді. Осы компьюермен қамтамасыз етілмеген
бағдарламалық құралдарды өндірушінің веб-торабынан жүктеу немесе өндіруші
қамтамасыз еткен дискіден қайта орнату қажет.
Қалпына келтіру дискілерін пайдалану арқылы қалпына келтіру
Жүйені қалпына келтіру дискілерінен қалпына келтіру үшін
1. Барлық жеке файлдардың сақтық көшірмелерін жасаңыз.
2. Бірінші қалпына келтіру дискісін оптикалық диск жетегіне енгізіп, компьютерді
қайта бастаңыз.
3. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Қалпына келтіруді жүзеге асыру
597893-DF1.book Page 23 Tuesday, December 22, 2009 4:21 PM