Basics of laptops - Windows 7

Ноутбук негіздері 3
2-тарау: Келесі қадам қандай?
Компьютерді бірінші рет теңшегеннен кейін бүкіл зауыттық кескінді қалпына келтіру
дискілерін жасауға кеңес беріледі. Жүйе қатесі немесе жүйе тұрақсыздығы орын алған
жағдайда қалпына келтіру дискілері компьютерді бастау (қайта бастау) жəне амалдық
жүйе мен бағдарламалық құралдарды зауыттық параметрлерге келтіру үшн
қолданылады.
Қалпына келтіру дискілерінің жинағын жасау əдісі туралы ақпарат алу үшін «Сақтық
көшір
ме жасау жəне қалпына келтіру» атты А қосымшасын қараңыз.
Осы тарауда компьютерді вирус, қауіпсіздік жүйесінің бұзылуы, кернеу ауытқулары
немесе жүйе ақаулығынан келтірілген зақымдардан қорғау тəсілдері талқыланады.
Компьютерді вирустардан қорғау
Компьютерді электрондық пошта жіберу немесе Интернетке қосылу үшін пайдаланған
кезде амалдық жүйе, бағдаламалар немесе қызметтік бағдарламаларды ажырататын
не құрылғының жұмысына кері əсер ететін вирустар копьютерге түсуі мүмкін.
Вирусқа қарсы бағдарламалық құрал вирустардың басым бөлігін анықтап, оларды
жойып, вирустар зиян келтірген бағдарламаны қалпына келтіре алады. Жаңа табылған
вирустардан күнделікті қорғауды қамтамасыз ету үшін вир
усқа қарсы бағдарламалық
құралды жүйелі түрде жаңарту қажт.
Norton Internet Security компьютерде алдын ала орнатылып келеді:
Norton Internet Security бағдарламалық құралының компьютерде орнатылған
нұсқасы 60 күндік тегін жаңартуды қамтиды. 60 үннен кейін компьютерді жаңа
вирустардан қорғау үшін мерзімі ұзартылған жаңарту қызметін сатып алу
ұсынылады.
Norton Internet Security вирусқа қарсы бағдарламалық құралын ашу немесе
бағдарлама туралы толық ақпарат алу үшін Пуск (Бастау) түймешігін басып, Все
программы (Барлық бағдарламалар) пəрменін таңдаңыз, одан кейін Norton
Internet Security тармағын нұқыңыз.
Жүйелік файлдарды қорғау
Амалдық жүйе, сондай-ақ сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру бағдарламалық
құралы жүйенің сақтық көшрмесін жасаудың жəне жүйенің тиімді жұмыс жасауын
қалпына келтірудің бірнеше жолын береді. Қосымша ақпарт алу үшін «Сақтық
көшірме жасау жəне қалпына келтіру» атты А қосымшасын қараңыз.
Қалпына келтіру дискілерін жасау
Компьютерді қорғау
597893-DF1.book Page 3 Tuesday, December 22, 2009 4:21 PM