Basics of laptops - Windows 7
Table Of Contents

4 Ноутбук негіздері
2-тарау: Келесі қадам қандай?
Құпиялылықты қорғау
Компьютерді электрондық пошта жіберу, желіде жұмыс істеу немесе Интернетке
қосылу үшін пайдаланған кезде рұқсаты жоқ адамдар мəліметтеріңізді немесе
компьютер туралы ақпаратты алуы мүмкін.
Компьютердің құпиялылығын қорғау функцияларын оңтайландыру үшін мына
нұсқауларды жүзеге асырыңыз:
■ Амалдық жүйені жəне бағдарламалық құралдарды жүйелі түрде жаңартыңыз.
Көптеген бағдарламалық құралдарды жаңартулары қауіпсіздік жүйесіне арналған
жақсартуларды қамтиды.
■ Қалқанды пайдаланыңыз. Қалқандық бағдарламалық құралы кіресін желілік
трафикті бақылап, анықталған қауіпсіздік шарттарымен сəйкес келмейтін
хабарларды құрсаулайды. Кейбір желіаралық қалқандар шығыс трафикті де
бақылайды.
Компьютерді кернеу ауытқуларынан қорғау
Сенімсіз қуат көзі немесе электр дауылы кесірінен орын алуы мүмкін кернеу
ауытқуларынан компьютерді қорғау үшін төмендегі кеңестерді орындаңыз:
■ Компьютердің қуат сымын сапасы жоғары кернеу ауытқуынан қорғау құралына
жалғаңыз. Кернеу ауытқуынан қорғу құралын компьютер немесе электрондық
тауарлар сатушыларының көбінен сатып алуға болады.
■ Электр дауылы кезінде батареяны пайдаланыңыз немесе компьютердің жұмысын
аяқтаңыз да, қуат сымын қуат көзінен ажыратыңыз.
■ Егер аймағыңызда қажет болса, модемді телефон желісіне қосуға арналған модем
кабелін кернеу ауытқуынан қорғау құралына жалғаңыз. Телефон желісін кернеу
ауытқуынан қорғау құралын көптеген аймақтарда компьютерлер немесе
электрондық құрылғылар сатушыларынан сатып ала аласыз.
597893-DF1.book Page 4 Tuesday, December 22, 2009 4:21 PM










