Basics of laptops - Windows 7

Ноутбук негіздері 5
2-тарау: Келесі қадам қандай?
Компьютерді қауіпсіз пайдалану
Å
АБАЙЛАҢЫЗ: Электр тогының соғуы немесе жабдыққа зиян келтіру қатерін азайту үшін
төмендегі кеңестерді орындаңыз:
Қуат сымын барлық уақытта оңай қолданылатын жердегі айнымалы ток розеткасына
жалғаңыз.
Компьютерді айнысалы ток қуат көзінен ажыратқан кезде қуат сымын (компьютерден
емес), розеткадан ажыратыңыз.
Егер қуат сымы 3 істікшелі ашамен берілсе, оны (жерге қосылған) 3 істікшелі розеткаға
жалғаңыз. Қуат сымының жерге қосу істікшесін, мысалы, 2 істікшелі адаптер пайдалану
арқылы ажыратуға болмайды. Қауіпсіз жұмыс істу үшін жерге қосу өте маңызды болып
табылады.
Å
АБАЙЛАҢЫЗ: Адамға қатты жарақат келтіру қаупін азайту үшін Қауіпсіз жəне қолайлы
жұмыс жасау нұсқаулығын оқыңыз. Бұл нұсқаулық жұмыс стансасын дұрыс теңшеу жəне
компьютер пайдаланушыларына арналған дұрыс отыру, денсаулық сақтау жəне жұмыс
істеу салты туралы қажетті ақпаратты қамтиды. Сонымен қатар, Қауіпсіз жəне қолайлы
жұмыс жасау нұсқаулығы маңызды электр жəне механикалық қауіпсіздік техникасын
са
қтау ақпаратын қамтиды. Бұл құжатты ашу үшін Пуск (Бастау) түймешігін басып,
Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) пəрменін таңдаңыз, одан кейін
Руководства пользователя (Пайдаланушы нұсқаулықтары) тармағын нұқыңыз немесе
кейбір үлгілермен қамтамасыз етілген User Guides (Пайдаланушы нұсқаулықтары) дискісін
қараңыз. Сонымен қатар, Қауіпсіз жəне қолайлы жұмыс жасау нұсқаулығын
http://www.hp.com/ergo веб-торабынан қарауға болады.
Å
АБАЙЛАҢЫЗ: Мүмкін күйіп қалу жарақаттарын алу қатерін азайту немесе компьютерді
қызып кетуден сақтау үшін оны тізег қоймаңыз жəне ауа желдеткіштерінің саңылауларын
бітемеңіз. Компьютерді тек қатты жəне тегіс бетте пайдаланыңыз. Жақын жерде тұрған
принтер сияқты қатты заттардың нмесе жастық, кілем не киім сияқты жұмсақ заттардың
ауа келу жолдарын бітеуіне жол бермеңіз. Компьютермен жұмыс істе
у кезінде айнымалы
ток адаптерінің дене немесе жастық, кілем немесе киім сияқты жұмсақ заттармен
қатынасуына да жол бермеңіз. Компьютер мен ауыспалы ток адаптері ақпараттық құралдар
аумағында қолданылаын (IEC 60950) құрылғы қауіпсіздігі бойынша халықаралық
стандарттармен анықталған пайдаланушыларға арналған шектелген бет температурасы
талаптарына сəйкес келеді.
Å
АБАЙЛАҢЫЗ: Мүмкін қауіп-қатерді азайту үшін компьютермен қамтамасыз етілген
ауыспалы ток адаптерін, НР компаниясы ұсынған ауыспалы ток адаптерінің орнына
қолданылатын адаптер немесе аккумуляторды, НР компаниясынан қосымша жабдық
ретінде сатылып алынған сыйысымды ауыспалы ток адаптерін немесе батареяны
пайдаланыңыз.
Қосымша қауіпсіздік пен заңдық мəліметтерді жəне батареяларды жою туралы ақпарат
алу үшін Заңдық, қауіпсіздік жəне экологиялық ескертулер құжатын қараңыз. Бұл
құжатты ашу үшін Пуск (Бастау) түймешігін басып, Справка и поддержка
(Анықтама жəне қолдау) пəрменін таңдаңыз, одан кейін Руководства пользователя
(Пайдаланушы нұсқаулықтары) тармағын нұқыңыз немесе кейбір үлгілермен
қамтамасыз етілген User Guides (Пайдаланушы нұсқа
улықтары) дискісін қараңыз.
597893-DF1.book Page 5 Tuesday, December 22, 2009 4:21 PM